Ақиқатты жаю – жаратылысымыздың мақсаты
Автор: 1374Unity • Март 26, 2023 • Доклад • 1,115 Слов (5 Страниц) • 157 Просмотры
Ақиқатты жаю – жаратылысымыздың мақсаты
* Жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю адамзатты жаратылу мақсатына жетелейтін бірден-бір жол. Аллаһ тағала әлем атты салтанатты сарайды осы ұлы міндет үшін жаратты. Адам баласын да осы сарайда ұлы міндетті атқарушы халифа етті.
* Адам пайғамбар – алғашқы адам әрі алғашқы пайғамбар. Адам (а.с.) бүкіл саналы ғұмырын жақсылыққа шақыру жамандықтан тыюға арнады.
* Нұх пайғамбар да «Мені тыңдап, мойынсұнғандар және кемеме мінгендер құтылады» деген еді.
* Ибраһим пайғамбар да қай жерде бір-екі адам көре қалса, дереу солардың қасына барып оларға Хақ Тағаланы және өмірдің ақиқатын түсіндіретін. Оны тыңдап, сөзіне ергендер адамдық кемелдігінің шыңына өрмелеп, көкте қыран құстай самғай бастаған. Уақыт өте келе адамзат өрмелеп шыққан шыңынан бірте-бірте құлдырап, қайтадан азғындауға бет алды. Барлық нәрсенің мәнін материядан іздеуге тырысқан бір түсінік адам санасының төріне шығып үстемдік етті. Бұл қас
ыретті бүгін біз жақсы түсінудеміз.
* Мұсаның (а.с.) дәуірінде де осындай материалистік түсінік үстемдік құрған. Иә, Мұса пайғамбар да оларды қолдарынан ұстап көкке самғату үшін барлық күш-жігерін салды. Әрине, адамдарды қолдарынан ұстап шыңға шығару және оларды кемел адам дәрежесіне жеткізу оңай іс емес. Осы қиын жолда қаншама пайғамбарлар шейіт болды. Хз.Зәкәрияның денесі осы жолда арамен екіге қақ бөлінді.
* Пайғамбарымыздың (с.а.с.) басына келген қиындықтар бұлардың бәрінен де асып түсті.
* Әр пайғамбардың күн сияқты батып кетуі мен басқа пайғамбардың қайтадан күндей тууының арасында адамзат ішінде әрқашан қараңғылық үстемдік еткен. Бірақ осы кезде әулиеліктің өкілдері әр қараңғы түнді жұлдыздар сияқты нұрландырды, десе де олардың дәл күн сияқты сәуле шашып айналаны жарыққа бөлеуі мүмкін емес еді.
* Жалпы алғанда Аллаһқа сенген әр адамның мұсылман саналып мұсылмандығын сақтап қалуының кепілі, мойнындағы ақиқатты жеткізу міндетін орындай алуымен тікелей байланысты. Аллаһқа иман келтірген жеке адам мен жамағаттар өздерін осы міндетті атқару арқылы ғана сақтап қала алады.
Кісі осы міндетті орындаған кезде имандылығы тек сөз жүзінде қалмайды, сонымен қатар ол иман келтірген және өмірін соған арнаған ойларын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады.
Кісінің Аллаһпен байланысы оның дінін қорғау жолында жұмсаған ынта-жігері мен істері арқылы өлшенеді. Мынаны да ұмытпау керек, дінін сақтай алмаған адам қалған төрт нәрсені (ар, намыс, мал-мүлік, жан) де сақтай алмайды.
Аллаһ бізді өзін танып-таныту үшін жаратты. Осы мақсатқа сай өмір сүру дүниемізді әрі ақыретімізді жемісті қылады. Ал дүниелік һәм мәңгілік өміріміздің кепілі болған осы мақсатымызды орындамаған жағдайда, оның жазасы ретінде, ұлт әрі қоғам ретінде бүлік пен азғындыққа ұшырап, жойылып кетеміз.
* Бір күні сахабалар пайғамбардың сөздерін ұйып тыңдап отырған-ды. «Әйелдер бас көтеріп, ашылып-шашылып көшеде жүреді, жамандықтардың кірмеген жері қалмайды, ақиқатты айту тәрк етілгенде жағдайларың не болмақ?» деді пайғамбарымыз. Сахабалар бұл сөздерді естіген кезде үрейлері ұшты. Олар: «Бұл айтқандарыңыз шынында да болады ма? деді. «Аллаһ тағаланың атымен ант етейін, одан да бетері болады!»,– деді. Сонда олар бұдан бетері қандай болмақ деуге ғана шамалары келген-ді.
Иә, бір күні бәрінің керісінше өзгеріп, құндылықтардың аяқ асты болатындығына, жақсының жаман, жамандардың жақсы деп қабылданатынына, Аллаһқа сенгендердің масқараланып мазақталатындығына ишарат жасағандай.
Сахабалар қайтадан «Уа, Аллаһтың Елшісі жақсылықтарға тыйым салынып, жамандықтар бұйырылады ма?,– деп сұрады. Жамандықтарға қарсы үндемей, тіпті оған ынталандырған кезде жағдайларың қандай қиын! - деді. Бұны естіген сахабалардың буындары босап, тыныстары тарылып әл-дәрменсіз қалып еді.
* Қазіргі кезде адамдарға жақсылық пен жамандықты түсіндіру маңызды. Пайғамбарлық аяқталып, ол есік мәңгі жабылған. Алайда, қазіргі кезде күпірлік пен мойынсұнбаушылық белең алған. Сондықтан бұл істі мойнына алғандар үлкен қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бірақ бұл олардың сахабалардан кейінгі сапқа тұру мәртебесіне жеткізеді деген үміттеміз. Аллаһ та мейірімін олардың мұқтаждықтарына қарай береді.
* Сади Ширази: «Ол үмбет қандай бақытты. Өйткені ол (с.ау.) кеменің капитаны. Ол үмбет қандай бақытты олардың арқа сүйер сүйеніші – ол (с.а.у.) – дейді. Иә, біз құтқарушы кеменің ішіндеміз. Оның капитаны – Әлемдердің Сұлтаны (с.а.с.). Міне, капитанымыз бізге тағы да бір рет үн қатып, теңізшілерінің жиналуын қалауда: «Тек осы кемеге мінгендер ғана құтылады...».
Білмеймін, бұл дауысты естіп оған барлығымыз бір ауыздан «біз дайынбыз» деп жауап бере алар ма екенбіз?
* Егер бір жерде жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын жамағат бар болса Аллаһ ол жердің халқын көк пен жер барлық апаттардан қорғайтынына кепілдік беруде. Бұндай кепілдікті Одан басқа ешкім де бере алмайды.
* Дерек көздерінде Хз.Луттың, Хз.Шуғайбтың қауымдары жер бетінен жойылғанда, олардың арасында түндерін намаз оқып, күндіздерін ораза ұстаумен өткізетін мыңдаған діндар, тақуа құлдар бар еді.. бірақ олар жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю міндетін орындамайтын-ды.
* Нұхтың (а.с.) баласы кемеге мінбей қасарысқанда толқын оны өзімен бірге алып кетеді. Пайғамбардың жан дүниесі булыққандай, қазіргі таңда да болып жатқан жүздеген оқиғаға дәл солай қайғыра білуіміз керек!..
* Ибраһимнің (а.с.) әкесі пұттарға табынатын. Әкесін ойлап ақиқатты айтып түсіндіру үшін қолынан келген барлық амалын қолданғанындай, қазіргі заманның адамдарына үлгі болуы керек.
* Өзіне 40 жыл бойы сүйеніш болған көкесі Әбу Тәлібтің жан тапсырар кезде: «Көкешім, бір рет болса да «лә иләһә илаллаһ» деші, ақыретте саған шапағат етейін» деп қайғыдан мың бұратылған мұңды Пайғамбардың (с.а.с.) жағдайы көз алдымыздан кетпеуі керек.
* Иә, бұл қасиетті міндет – нағыз мейірім мен сүйіспеншілік қаһармандарына арналған міндет. Ол басқаға өмір сыйлауды аңсап, өмір сүру ләззәтін тәрк еткендердің.. «Халқымның иманының құтқарылғанын көрсем, жәһаннам отында жануға да ризамын. Өйткені тәнім жанып жатса да, көңілім жәннәт бақшасындағыдай жайнайды. Халқымның иманын есендікте көре алмасам, жәннәтты да қаламаймын. Ол жердің өзі маған зындандай болады...» деген жанкештілердің міндеті.. және «Уа, Раббым, денемді сондай үлкен қыл, бүкіл жаһаннамды мен толтырайын, ол жерге басқа құлың кірмесін» деген Әбу Бәкір Сыддықтардың міндеті...
* Иә, іс жүзінде орындау тым қиын болған бұл сөздер, кісінің бір сәттік рухани жағдайын бейнелесе де, алып мұхиттарға сыймайтын бір мейірімділікті көрсету тұрғысынан аса маңызды...
* Қазіргі заманда мұсылмандар Аллаһтың кітабын түсінбейтіндей жағдайға жетті. Құран бір құрлықта, олар басқа құрлықта. Құранға деген адалдық тек сыртқы пішінде. Кейбірі Құранды кіндіктен төмен ұстағаныңызды көрсе бұның дұрыс еместігін айтып, шыр-пыр болып ескерту жасайды. Негізінде діни тұрғыдан бұған тыйым салынбаған. Ол әдептілік пен құрметтің белгісі. Солай бола тұра әлгі адам сіздің осы әрекетіңізді жатырқағанымен өзінің өмірі болса Құранға мүлдем қарама-қайшы.
* Құранды танытпаған, оның дәстүрлерінің өмірде жүзеге асуын өмірінің мақсаты етпеген адам, атағы қандай адам болса да ақыретте осы немқұрайдылығы үшін жауапқа тартылады. Ол осы дүниеде Құранды мүлдем оқымай, оның мағынасына үңілмей оны бір қапшыққа салып, дуалға іліп қойса да, кім біледі ақыретте өзі де дәл солай аяқтарымен төмен қарай асылып, осы дүниедегі күнәсінің азабын тартатын шығар.
* Мысалы, сіз бір адамға намаз, ораза тб. туралыққа бастауға қатысты мәселелерді түсіндіріп, оның осы істерді істеуіне себепкер болдыңыз делік. Сол адамның жасаған және болашақта жасайтын ізгі істерінің сауаптары сізге де толығымен жазылады. Өйткені: «Бір жақсылыққа себепкер болған адам, оны істегенмен бірдей» деген көңілге қуаныш сыйлар сөздер сөз Сұлтанына тән. Тағы бір хадисінде: «Кімде кім жақсылыққа жол ашса, сол ашқан жолының сауабындай сауап алады» деген еді.
*********************
-Хз.Ибрахимнің отқа тасталуы. Құс тұмсығымен су тасып ең болмағанда үлесім болсын дейді.
-«Егер де Аллаһтың дініне қол ұшын берсеңіздер Аллаһ та сіздерге көмектеседі» (Мұхаммед-7)
-“Мені көріп және көрмей иман еткендер қандай бақытты” (Хадис)
-“Жұмақ кіліті Лә илаһа иллаллаһ. Бірақ оның тістері амалдарыңыз.” (Хадис)
-Әһли Сүннет шеңберінде; Ең қымбат сыйлық - Кітап; Демеулеріңіз кітап таратылымы; Бәйге; Хаттар, Тілекпен, Сұраныстар тб.
...