Археология ғылымының дамуы: әлемдік археологтар
Автор: Айна Жәдігерқызы • Ноябрь 1, 2021 • Реферат • 695 Слов (3 Страниц) • 904 Просмотры
Археология ғылымының дамуы: әлемдік археологтар.
“Археология” термині гректің “архайос” – көне, “логос” – сөз, ілім деген екі сөзінен тұрады. Алғаш бұл терминді айналымға б.з.б IV ғасырда өмір сүрген грек философы Платон енгізген. Ол “археология” терминін көне замандар туралы ғылым деп түсініп, оған мейілінше кең мағына берген.
Археология тарих ғылымында төңкеріс жасады. Ағылшын археологы Г.Чайлдтың айтуынша: “Астрономияда телескоп көз жеткізер аумақтың деңгеін қалай кеңейтсе, ол тарих ғылымына тән кеңістік көкжиегін сондай дәрежеге жеткізді. Ол тарихтың таным мүмкіндіктерін жүздеген есеге арттырды.”
Адам қоғамының қалыптасып дамуы жайлы бiз тарихи деректердi зерттеу арқылы бiлемiз. Дерек деп адамзаттың өткен тарихынан мәлiмет беретiн кез келген затты айтады. Тарих ғылымында деректердi үлкен – үлкен екi топқа бөлiп қарастырады. Оның бiрiншiсi жазба, екiншiсi заттай деректер. Археология заттай деректердi зерттеумен айналысады. Заттай дерек болып, кез келген замандағы адам баласының қолынан шыққан бұйым саналады. Заттай деректер атқарған қызметiне қарай еңбек құралдары, қару – жарақтар, тұрмыстық заттар болып топтастырылады
Жазба деректер адам қоғамының 5 мың жылдық тарихын, яғни таптық қоғамның қалыптасып, дамуынан берi қарайғы кезеңдi зерттеуге көмектессе, археологиялық деректердi пайдалану ешқандай жазба дерегi жоқ, таптар қалыптасқанға дейiнгi қоғамның тарихын қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi. Осылайша археология тарихтың мерзiмдiк шеңберiн 2 млн. жылдан астам уақытқа ұзартып, адамзат өркениетiнiң басталуына дейiн жеткiздi.
Қазақстан архелогиясына тоқталар болсақ, ең алғаш Қазақстанның архелогиялық ескерткіштері туралы деректерін ортағасырлық қытай, араб, парсы тарихшылары, географтары мен саяхатшыларының еңбектерінде кездестіреміз. Ал, жаңа заманда Қазақстанның зерттеулеріне I Петрдің көне мұраларды ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ соның бастамасымен Сібірді және Қазақстан жерін зерттеуге мақсатымен қолданылған шаралар маңызды рөл атқарады. Осы әрекеттер нәтижесінде 1701 жылы Тобвл боярының ұлы С.Ремезов жазған “Чертежная книга Сибирии”(Сібірдің сызба кітабы) жарық көрді. Онда географилық деректермен қатар, қазақ сахарасының архелогиялық ескерткіштері туралы мәліметтерде жинақталған. 1768-1774 жылдары Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстан халықтарының тарихын, географиясы мен этнографиясын зерттеу мақсатымен ұйымдастырылған екінші академиялық экспедиция Қазақстанда архелогиялық зерттеу ісін жалғастырды. XIX ғасырдың орта шеніне қарай негізінен Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан бойынша едәуір материал жинақталды. 1867 жылы Архелогиялық комиссия тапсырысымен орыстың әйгілі шығыстанушысы П.И.Лерх Түркістан өлкесінен зерттеді. XIX-XX ғасыр бас кезінде нақтылы мол материал жинақталды және олар жүйеге келтірілді. XX ғасырдың 20-жылдарының бас кезеңі мен 40-жылдардың бас кезеңін Қазақстан архелогиясының дамуының екінші кезеңі деп санауға болады.
...