Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Археология ғылымының дамуы: əлемдік археологтар

Автор:   •  Февраль 4, 2023  •  Реферат  •  881 Слов (4 Страниц)  •  239 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: Тарих, археология жəне этнология

Тақырыбы: Археология ғылымының дамуы: əлемдік археологтар.

СӨЖ

Орындаған: Сейдәзім Бекнұр

Тексерген: Омаров Ғ.Қ

Алматы, 2023

Археология — ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін заттай деректер арқылы зерттейтін тарих ғылымының саласы.

Археология сөзінің негізі грек тілінде жатыр. «Архайос» ол тілден аударғанда ежелгі, көне, бұрынғы дегенді білдірсе, «логос» зерттеу, ғылым, ілім дегенді білдіреді. Бұл сөзді алғаш ұсынған әрі қолданған болып біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ғалымы, философы Платон болып табылады. Ол археология сөзін барынша кең қарастырды, және жалпы ежелгі оқиғаларды зерттейтін дисциплина деп тапты.

Атап өтілгендей, археология заттай деректерді табумен, өңдеумен, реттеумен, талдау мен және жалпылаумен айналысады. Бұндай заттай деректерге адамзаттың барлық материалды мәдениетінің нәтижелері кіреді. Мысалға, еңбек құралдары, қару-жарақ, ежелгі қоныстар мен үйлердің, қорғандар мен бекіністердің қираған орындары, үй іші, тұрмыс бұйымдары, жерлеу орындары (зираттар, обалар) және тағы да басқасы. Бұл заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Бұл заттар топырақ астында қалып қойғаннан кейін үстерінен тағы бірнеше қабат жабылады. Осы қабаттар ғылымда мәдени қабаттар деп аталады. Археологиялық ескерткіштердің басым бөлігі осы мәдени қабаттан табылады.

Қазақстан жерінде қалған қала қалдықтарынан ең үлкені болып табылатын Отырардың мәдение қабатының биіктігі – 18 метр. Кейбір жерлерде мәдение қабат бұдан да биік болуы мүмкін. Мысалы кейбір обалардың мәдени қабатының биіктігі жиырма метрге жетіп, жалпы ауданы жүзден астам шаршы метрді алуы мүмкін. Бұндай қазбаны жүргізу үлкен еңбек болып табылады.

Қазба жұмысы жүргізіліп заттай деректер жиналып, анықталғаннан кейін оларға ғылыми түсініктеме берілуі керек. Сол үшін археологияға көмекке мынадай ғылыми дисциплиналар көмекке келеді: этнология, антропология, геология, ботаника, зоология, палеонтология, физика, химия, топырақтану және тағы да басқалары. Бұл ғылымдардан келген әдістер археологияда кеңінен қолданылады.

Археология терминінің ежелгілігіне қарамастан, нағыз археологиялық зерттеулер салыстырмалы түрде кеш басталды. Алғашқыда археология энтузиасттар күшімен дамыды, кейін барып толыққанды ғылым саласына айналды.

Қайта өркендеу кезінде, демек он бесінші және он алтыншы ғасырларда италиялықтар антикалық дәуірде өздері тұратын жерде тұрған римдіктерден қалған мәдени қабаттарды зерттей бастады. Ал он сегізінші, он тоғызыншы ғасырларда Қосөзен бойындағы (Қазіргі Ирак) ежелгі шумер және аккад өркениетінен қалған қалалар мен олардың мұрасы зерттеле бастады. Он тоғызыншы ғасырдың басында ресейлік зерттеушілер Қара теңіз жағалауында бұрын болған ежелгі грек қалалары мен, сақ-скифтерден қалған обаларды зерттей бастады.

Қазақстанда болса археология он тоғызыншы ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастау алады. Ол сәтте қазақстандық археологияны орыс ғалымдары бастады. Ондай ғалымдардан Василий Радлов, Николай Веселовский, Петр Лерх, Василий Бартольд сынды есімдерді атап өтуге болады. Ал алдыңғы ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдары Қазақстанда күрделі қазба жұмыстары басталды. Оларды Әлкей Марғұлан, Сергей Руденко, Александр Бернштам атты

...

Скачать:   txt (13.6 Kb)   pdf (56 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club