Абайдың эстетикалық көзқарасы
Автор: Kenchik • Октябрь 9, 2022 • Статья • 4,779 Слов (20 Страниц) • 401 Просмотры
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
«ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Институт Электротехника және энергетика
Кафедра Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Пән: «Философия»
Тақырып: Абайдың эстетикалық көзқарасы
Мамандығы: Электроэнергетика
Орындаған: Ахметкалиев Нурсултан Нурланулы Тобы: Ээ-к 21-1
(Аты-жөні)
Қабылдаған: аға оқытушы Жарқынбаев Е .Е.
(Аты-жөні, атағы, қызметі)
Алматы, 2021
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Эстетика және Абай
- Абайдын кабылдауындығы эстетикалык ұғымдар.
- Жалпы эстетикалык ұғымдар
- Табиғат эстетикасы
- Әдебиет эстетикасы
Кіріспе
Абайдын күллі шығармасы мен дүниетанымының өн бойында өрмектің аркауындай болып жарыса жүріп отыратын басты идея бұл халыкка бiлiм беру. «Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған... «Білімнен мал болушыма еді? - деп Абай жұрттың онысына таласқан», - деп жазуы Мұхтар
Әуезовтың осы білімді адамшылық қасиеттің басы деп, сол жолға бүкіл өмірін қайратын сарп қылғандығын тануының дәлелі.
Акыннын бiлiмдi елге кеңінен таратып, надандыкпен, рухани тозғандыкпен күресуі онын әлеуметтік бағасы болганы сөзсіз, бірақ, бiздiн ойымызша, ұлы ойшылдың тек қана ағарту ісінің шеңберімен шектелмегендігі рас. Өйткені, ол ең алдымен, тек қана ағартушы емес, бірнеше ғасыр бойғы туған халқының дүниеге келтірген жан сүйсіндірер жақсы қасиеттерін, менталитетін, рухани болмысын, руханилықты бойына жинақтай отырып, соны ел мен жер бірлігі, тілі, кең байтақ территория тұтастығы үшін пайдаланған әлемдік деңгейдегі іргелі ой иесі, ұлы ақын-философ болатын...»
Бұндай нар тұлғаның шырармаларындагы эстетикалык көзкарасы тәрбие
мен өнегеге тұнып тұр десек артық айтпағанымыз болар. Абайды алдымен ел билеген жемқор болыс-билерден, содан сон «сәлдесi дағарадай болып, құранды теріс оқыған» «анкау елдін арамза» молдасынан, одан әрi әкiм-ұлықтардан түңiледi. Ендi оларға карсы күрестiң бiр алуан құралы етіп, ащы тілді сықақ өлеңдерiн алады. Дәл осы арадан Абайдың ақындық кана емес, жалпы көркемөнерге эстетикалык козкарасы айкын көрiнедi. «Мен жазбаймын өленді ермек үшiн, Жок, барды, ертегіні термек үшiн, Көкiрегi сезiмдi, тiлi орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»,- деген жолдарда акыннын эстетикалык мұраты, азаматтық максаты жатыр. Демек, ақын басынан өткен әлгідей аянышты ауыр халдiн өзi де тегіннен-тегін өтпепті. Акын ендi кайралған, шындалған секiлдi. Ендiгi машык баска сиякты.
Ақын сөзі ыза мен ашуға суарылып, мысқыл мен сықаққа толып, тиген жерiн тiлiп түсер семсерге айналған тәрізді. Мұны ақынның өзі де аңғарғандай: Ызалы журек, долы кол, Улы сия, ащы тiл. Не жазып кетсе, жайы сол, жек көрсеңдер өзiң бiл,- деп алады да, өз ортасындағы сорлылык кылықтарға күйiне карап, сол күйініштен туған ызалы жырын тағы да ел мұңын емдеуге төгеді. «Сатираны кексiз күлкi, жеңіл мазак, ұсак кылжак деп түсінбей, маскара болган коғамнын кұрыскан кегінің нажагайлы рухы деп тану»,- керек екенін айтқан Белинскийге бақсақ, Абай сатирасының коғамдық мәнiнiң байыбына бара түсеміз. Қара баскан, канғыған, Кас надан ненi ұға алсың? Көкiрегiнде оты бар, Құлағын ойлы ер салсын!- деп, улы акын «калың еліне» бiр ащы ызамен соқтықса, мұнын да жаттығы жоқ. Бірде катты айтса, ендi бiрде жуасып, жұртына жайлап кана тілек білдіреді. Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсiн. Ойланшы, сыртын қойып, сөздiң iшiн. Ыржандамай тыңдасаң нең кетедi. Шығарған сөз емес кой әңгіме үшiн. Осы мысалдардың кай-кайсысынан болса да Абайдын эстетикалык көзқарасы айкын аңғарылады.
...