Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Аутизм» ұғымына заманауи көзқарас

Автор:   •  Март 19, 2019  •  Доклад  •  526 Слов (3 Страниц)  •  1,233 Просмотры

Страница 1 из 3

                            «Аутизм» ұғымына заманауи көзқарас

Аутизм синдромына әр заманның зерттеуші ғалымдары өз ұғымдарын ашып қалдырған. 20 жыл бұрын аутизм ауру еместей көрінетін. Алайда соңғы он жылда аутизмді әлемде ғасыр дерті санай бастады. Шығу себебі, емдеу жолы әлі белгісіз аутизммен біздің елімізде де мыңдаған ата-ана мен бала күресуге мәжбүр. Аутизм ұғымына қазіргі таңда Қазақстанда қолдау қолға алынуда, атап айтсақ: «Аутизмді жеңеміз» жобасын 2013 жылы іске қосты. Жоба аясында «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры қолдау көрсетті. Аутизмге қарсы күресте ең алдымен науқас балалардың ата-анасымен бірігіп жұмыс істей басталды. Себебі, науқас балаға көмектесу үшін онымен отбасы айналысу керек. Әсіресе анасы  маман болу керек. Егер баланы проблема ретінде қабылдасаң онда жағдай тіпті қиын. Бізде осындай қайғы, баламыз осындай, оны ешкім түсінбейді десеңіз, тіпті дені сау бала да өмірден түңіліп кетеді. Бұл жерде психологиялық жаттығулар мен ойындар өте маңызды. Алғашында анасы, кейіннен отбасымен бірге оның дамуына үлес қосуы керек. Сосын ол басқа балалармен де ойнай бастайды. Мұндай сәбилерді үнемі мақтап отыру керек, әрдайым қолдау керек. Күліп қарсы алу қажет. Бұл жобада аутизмнен толығымен жазылып кеткен балалар да бар.  Ол балалар қазір бағдарлама аясындағы білім беру мектептерінде оқиды. Әрине әлі қоршаған ортамен толық байланысқа түскен жоқ. Бірақ олар басқалармен сөйлесе алады, түсінеді. Оқу-жаттығу бағдарламаларын да ақырындап меңгеріп жатыр.

 Аутизм – ми жұмысының бұзылуынан туатын ауру. Мамандар дерттің 300-ге жуық себебін атап отыр. Бірақ нақты тұжырым, дәйекті дәлел жоқ. Елімізде орташа есеппен 50 баланың бірі аутизмге шалдығады екен.   Аутизм – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеметтік ортамен қарымқатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (ЕБА) синдромы дейді. • Аутизм терминінің астарында аутизм мәселесін қарастырушы ғалымдардың бірі К. С. Лебединскаяның көрсетуі бойынша «өзінен, шынайы өмірден алшақтау немесе сыртқы әрекеттерге әсердің парадоксалдығы, пассивтілік немесе ортамен қарым-қатынаста ерекше жарақаттанғыштық» түсінігі жатыр. Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар психиатрі Э. Блэхер ұсынған. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген АҚШ психиатрі – Лео Каннер. Аутизм соқырлық, кереңдіктен де жиі кездеседі. Соңғы жылдары аутизмнің кездесу жиілігі 10 мың жаңа туған балада 15 -20 жағдай, онда да қыздардан гөрі ұлдарда 4 мәрте жиі кездеседі. Аутист бала сұрақ қоймайды және жауап та бермейді, мимика, ым-ишарат (жест) арқылы қарым-қатынас жасаудан бас тартады. Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады: • аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшаулау, еш нәрсеге көңіл аудармау ерекшеленеді, көп уақытын түңілумен өткізеді. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бір нәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын атап шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай реакция білдірмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанса, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары-бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдында тиспесең бірнеше сағаттар бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты қарсылық көрсетеді. Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысымен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Қазіргі таңда аутизм синдромын емдеу ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны бұл балалар тобын қабылдауды қалыптастыруды қолға алу керек.

Пайдаланған интернет көзі: https://infourok.ru/bayandama-autizm-turali-tsnik-2169459.html

https://el.kz/kz/news/archive/%D0%B0%D1%83%D1%82%D0%B8%D0%B7%D0%BC-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D0%BD%D0%B5-%D0%B1%D1%96%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D1%96%D0%B7 

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (78.8 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club