Әлеуметтік құрылым
Автор: Nursulut • Сентябрь 23, 2021 • Тест • 484 Слов (2 Страниц) • 616 Просмотры
1)Әлеуметтік құрылым дегеніміз не?
Әлеуметтік құрылым дегеніміз-қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі құрылымы, әлеуметтік топ, институттар мен олардың арасындағы өзара қатынастардың реттелген жиынтығы.
2)Әлеуметтік құрылымға қатысты мәселелер?
Әлеуметтік құрылым негізінде еңбектің қоғамдық бөлінісі, ерекше қажеттіліктер мен мүдделердің, ережелер мен рөлдердің, өмір салтының және әртүрлі әлеуметтік топтардың болуы жатады.
3)Әлеуметтік топ дегеніміз не?
Әлеуметтік топ дегеніміз адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыру мақсатында өзара қарым- қатынас орната отырып, түрлі іс- әрекеттерді жұзге асыратын көптеген адамдардың үлкенді- кішілі жиынтығы.
4) Әлеуметтік стратификация дегеніміз ?
Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады.
5)Әлеуметтік теңсіздік дегеніміз не?
Әлеуметтік теңсіздік - адамдардың мүмкіндіктерін, артықшылықтарын және құқықтарын тең емес пайдалануды білдіретін қоғамдағы өз ұстанымдарына сәйкес сыныптарды, қоғамдарды немесе топтарды бөлу немесе саралау.
6) Әлеуметтік теңсіздіктің себептері қандай?
1)Қоғамға ең жақсы пайда әкелетін адамдарды, олардың бизнестегі ең жақсы мүмкіндіктерін көтермелеу.
2)Жалпы қоғамнан бөлетін, адамның бірегей қасиеттері мен қабілеттері.
7) Әлеуметтік теңсіздіктің түрлері
1)жасы
2)әлеуметтік сексуалдық
3)әлеуметтік этникалық теңсіздік
8) Қоғамдағы мәртебеге қатысты әлеуметтік теңсіздік:
байлық болмауы / қолжетімділігі;
биліктің жақындығы.
9)Әлеуметтік мобильділік дегеніміз не?
Әлеуметтік мобильділік - адамдардын бір әлеуметтік топтар мен қабаттардан басқаларга өтуі (әлеуметтік орын ауыстырулар), сондай-ақ, олардың престижділігі, табыс деңгейі және билігі жоғары деңгейлерге жылжуы әлеуметтік жоғарылау немесе төменірек иерархиялық позицияға карай жылжу.
10)Әлеуметтік мобильділіктің типтеры?
Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады, олар:
вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;
горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.
11)Вертикалды мобильділікке толык сипаттама
Веритикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады.
Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады.
...