Әлеуметтік жарнаманың жастарға әсері
Автор: aselyas • Декабрь 3, 2023 • Эссе • 1,067 Слов (5 Страниц) • 113 Просмотры
Әлеуметтік жарнаманың жастарға әсері
Түйіндеме
Мақалада тұлғаның құндылық бағдарларының қалыптасуына әлеуметтік жарнаманың әлеуетті әсері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – әлеуметтік жарнаманың басқа әлеуметтендіру агенттерінен белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз ететін сипаттамалық белгілерін анықтау, әлеуметтік жарнаманы әлеуметтену құралы ретінде пайдаланудың орындылығын бағалау.
Мақала әлеуметтік жарнаманың дамуына және олардың жасөспірім тұлғасының қалыптасу ықпалына арналған. Мақаланың басты назары – мәселенің социологиялық талдауы, цифрлық жарнаманың әсерінен жасөспірімдердің әлеуметтік идентификациясының өзгеруі.
Жасөспірімдердің әлеуметтенуі мен өмірлік ұстанымдарының қалыптасуындағы жарнама мен отбасының рөлі талқыланады,жасөспірімдер жарнаманың әсеріне неге соншалықты бейім деген сұраққа жауап беріледі.
Түйін сөздер:әлеумет,әлеуметтік жарнама,жастар,БАҚ,маркетинг
Кіріспе
Әлеуметтік жарнама – қоғамның өмірлік маңызды мәселелеріне және оның адамгершілік құндылықтарына назар аударуға бағытталған коммуникация түрі.
Әлеуметтік жарнаманың мақсаты – қоғамды ізгілендіру және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Әлеуметтік жарнаманың міндеті – қоғамның мінез-құлық моделін өзгерту. Әлеуметтік жарнама қысқа, көркем түрде көрсетілген ақпаратты жеткізеді. Ол адамдардың санасы мен назарына қоғамда болып жатқан мәселелер туралы ең маңызды фактілер мен ақпаратты жеткізе алады.Мұндай жарнаманың мүмкіндіктері кең,сондықтан әлеуметтік жарнама қоғамды әлеуметтік процестерге тарту құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Әлеуметтік жарнаманың міндеттері келесідей ,қоғамдық пікірді қалыптастыру, қоғам өмірінің өзекті мәселелеріне назар аудару, оларды шешу бойынша іс-әрекеттерді жандандыру, мемлекеттік құрылымдарға оң көзқарасты қалыптастыру,қоғамның мінез-құлық моделінің өзгеруі.
Әлеуметтік жарнама соңғы онжылдықта еліміздің ақпараттық кеңістігін белсенді түрде иеленіп келеді, біз оны көшелерде,бұқаралық ақпарат құралдарында байқаймыз.
Әлеуметтік жарнаманың кем дегенде үштен бірі жастарға арналған деп айтуға болады.Әлеуметтік жарнамада жас шектеулер жоқ, бірақ,оның жастарға, атап айтқанда, жасөспірімдерге әсерін байқау өте қызықты, өйткені олар құндылықтар мен көзқарастарды қалыптастыру сатысында [1].
Бүгінгі жас ұрпақ үшін әлеуметтік жарнама әлеуметтік өзара әрекеттестіктің типтік үлгілерін ашатындықтан, өзіндік көрнекі идеялар мен құндылықтар әлеміне айналды.
Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі заманғы жарнаманың біздің санамызды манипуляциялауымен, бізге идеологиясын таңумен, пікірімізді қалыптастырып, қажеттіліктерімізді бақылауымен байланысты.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті– жасөспірімдердің әлеуметтік жарнаманы қабылдау ерекшеліктерін зерттеу.Жастардың азаматтық ұстанымы мен мінез-құлқына әлеуметтік жарнаманың әсерін сипаттау, әлеуметтік жарнаманы әлеуметтену құралы ретінде пайдаланудың орындылығын бағалау.
Әдебиеттік шолу
Бүгінгі таңда,әлеуметтік жарнаманың тақырыптары алуан түрлі,ол тек мемлекет және мемлекеттік органдардың қызмет саласында ғана емес, сонымен қатар азаматтардың тұлғааралық қарым-қатынастары саласында да жатыр.
Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания әлеуметтік жарнаманың негізін салушылар болып саналады.
АҚШ-та тіпті әлеуметтік жарнама саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың қызметін үйлестіретін арнайы орган – Жарнама кеңесі жұмыс істейді. Бұл ұйымның 60 жылдық тарихы бар және ол Американың беделді қоғам қайраткерлерін біріктіреді.
Жарнама кеңесі жыл сайын балалардың өмірін жақсарту, аурулардың алдын алу, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, отбасындағы жанжалдардың алдын алу және т.б. күрделі қоғамдық мәселелерді анықтап,онымен жұмыс істейді.Егер тақырып ауқымы бойынша халықаралық болса және барлық американдықтарға қатысты болса, онда науқан туралы оң шешім қабылданып, жұмысқа кәсіби қызметкерлер мен мыңдаған еріктілер қосылады [2].
Əлеуметтік жарнаманың тиімділігін бағалау қиын, өйткені оның нақты, есептелген əсері жоқ. Бұл жерде маңыздысы, əлеуметтік жарнама белгілі бір тауардың жарнамасы емес, қандай да бір «дүние қатынасының» жарнамасы болып табылады. Ол ұзақ мерзімді перспективада ғана көрінуі немесе көрінбеуі мүмкін. Оның үстіне нəтиже алдын ала белгісіз,деген тұжырымға келген Аронсон [3].
...