Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Онлайн әлеуметтік желілердің жастар психологиясына әсері

Автор:   •  Май 2, 2022  •  Эссе  •  815 Слов (4 Страниц)  •  305 Просмотры

Страница 1 из 4

Эссе

Тақырып: «Онлайн әлеуметтік желілердің жастар психологиясына әсері»

Қазіргі уақытта үйде отырып кез-келген адаммен қалаған уақытта әп-сәтте байланысқа шыға аласыз. Байланыстың түрлеріде жетерлік, көп деседе болады. Ұялы телефонмен, интернетпен, керек десеңіз бейнебайланыс арқылы қалаған адамыңызбен тікелей сөйлесе бересіз. Бұл жетік технологияның адамзатқа сыйлаған үлкен мүмкіндігі. Жұмысымызды жылдамдатып, әрі жеңілдеткен технологияның мүмкіндігі өте көп. Бірақ кейда адамдар оның зиян тұстарын байқамай жатамыз.

        Телефонның зияны, телефон шыққаннан бері айтылып келе жатыр. Телефон жиі қолданатын жандар ми ісігіне ұшырайды деген қорқынышты ақпараттар естіп жатамыз. Ал онлайн әлеуметтік желілердің, интернеттің зияны телефоннан да көп. Рас, қазіргі уақытта әлеуметтік желілер жастардың үлкен ермегіне айналып отыр.Сөздің, бауырдың, туыстың, ағайынның қадірі жоғалып барады. Интернетте әлеуметтік желілердің жаңа байланыс түрі пайда болған сайын, оны қызыға қолданатындардыңда саны арта түсуде. Өйткені адамдар шынайы өмірдегі мәселелерінен қашып тікелей әлеуметтік желіге оралады. Онда ол бәрін ұмытып, жаңа өмір, жаңа есім ойлап тауып, өзінің мәселелерінен құтыла алады. Осылай адамдар өзінің идеалды өмірін әлеуметтік желіде бастағысы келеді. Өзі үшін жаңа образ жасайды, өзінне өмірде жоқ қасиеттерді енгізе бастайды. Мысалыға өмірде жабық, тұйық адам әлеуметтік желіде өзін көпшіл адам ретінде көрсете алады. Әлеуметтік желіде жастар өзін ештеңеге мұқтаж емес, өз-өзін қамтамасыз ететін етіп көрсетеді. Сонымен қатар ол желілерде өзінің жан серігін кездестіреді, бірақ ол одан әлдеқайда алыс болуы мүмкін. Сондықтан жастарға әлеуметтік желідегі идеалды өмірі шын өмірден қарағанда гөрі қымбатырақ. Қазір көптеген жастар әлеуметтік желінің көмегінсіз қарым-қатынас жасай алмайды, өмірдегі шынайы қарым-қатынасты ұмытады. Мұндай адамдарды, мысалы, метрода, қоғамдық орындарда тіпті таныстарымен, достарымен кездескенде байқауға болады. Уақыт өте келе оған біреу жазады немесе оның парақшасына біреу көреді деп үміттеніп өз парақшасына қайта-қайта кіре береді. Олар өзінің өмірін көрсету ғана емес, өзгелердің қалай өмір сүретіні маңызды. Ол үшін оның қалай өмір сүретінін көрсету ғана емес, басқалардың қалай өмір сүретінін көру маңызды болады. Осылай келе жастар өздерігің маңызды сәттерін сақтай алатын естелік үшін суретке түседі және оны әлеуметтік парақшасына салады, содан кейін өзінің фотосуретін кімге ұнағанын көреді және достары мен таныстарының жазған пікірлерін оқиды. Бір фотосуретті екінші бетке, екінші, үшінші бетке қарап, адам уақытты ұмытып кетеді. Әлеуметтік желіде жүздеген досы бар бірақ шын өмірде сыр бөлісетін бірде бір досы жоқ. Таңғаларлығы оған өкінбейтіндерде жетерлік. Әлеуметтік желіде өзі көрмеген, танымайтын адамдардың жылы лебіздеріне тойып алып қасында жүрген жанашыр достарын алшақтап бара жатқандар өте көп. Адамдармен қалай тілдесудіде ұмытқандай. Әлеуметтік желі кейде дертке айналып барады. Қәзіргі жастар әлеуметтік желіге түн уақытында көп қолданады. Салдарынан күндіз есі ауысқан адамдар секілді жүреді. Ұйқысы дұрыс болмай, өмір салты бұзылады. Интернетті бір күн қолданбасақ сізде менде өзімізді бір нәрседен құр қалғандай сезінеміз. Қазіргі таңда әлемде 57 пайыз адам бетпе бет сөйлесуден гөрі, әлеуметтік желіде сөйлескенді жөн көреді. Әлеуметтік желі кейде бақыттылардың әлемі десекте болады. Кімді алып қарасаңызда оның әлеуметтік желісі тек бақытты дүниелерне толы, олар инста жұлдыздар, блогерлердің бақытына ортақтасып шынайы өмірден алыстай береді. Әсіресе бұл қазіргі жастардың басты мәселесі болып отыр. Күні бойы әлеуметтік желіде отырған бала адамдармен шынайы сөйлеседе алмайды,  тұйықтала бастайды жалқау болады. Баланың әлеуметтенуіне кері әсер береді. Ғалымдар зерттеуінше әлемде әр үшінші жұптың ажырасуына осы әлеуметтік желі себепкер екен. Былай қарап тұрсақ өте қорқынышты көрсеткіш. Ал әлемде жыл сайын жүз адам осы әлеуметтік желідегі хаттар үшін өз өзіне қол жұмсайды екен. Бәрімізге дәлел 2016 жылы болған «Көк кит» оқиғасы. Бұл «Вконтакте» желісінде орын алды. Онда жасөспірімдер ауыр моральдық, депрессиялық күйде болды. Осындай ауыр жағдайдағы балаларға куратор күнде тапсырмалар беріп отырды. Тапсырмалары тамыр кесу, қолға киттің суретін тіліп салып, фоторепортаж жасау арқылы балалар кураторға есеп беріп отырған. Тапсырма жасалмаған жағдайда зиянкестер отбасыңды құртамыз деп жасөспірімдерді үрейде ұстаған. Ойынның соңғы тапсырмасы өз қалаңның ең биік ғимаратынан секіру немесе өз-өзіне қол жұмсау болды. Өкінішке орай соңғы тапсырманы жасағандарда болды. Психологиялық тұрғыдан алып қарайтын болсақ телефон, әлеуметтік желі, ғаламтор байланыстары әсері мол. Балалар жастайынан дала ойындарына, ойыншықтарға емес ата-насының ұялы телефонына ұмтылады. Алғашында ол балаға балаға жарық шашатын немесе сурет көретін құрылғы болып қабылданса, кейіннен оған қызығушылығы артып телефонга байланып қалып жатады. Бұл баланың әлеуметенуіне, дүниетанымына, дамуына, қоршанаған ортаны көруге, сезуге амдардармен арласуғы үлкен кедердгі тудырады. Ал денсаулығына тигізер зиянын аитатын болсам орасан көп. Баланың тамақ жеуі бұзылып тәбеті болмай, белгілі бір режимдерден ауытқиды. Сондай-ақ әлеуметтік желі баланың әлеуметтенуіне кері әсерін тигізеді. Әсіресе жасөспірім кезінде. Баланың ізденуден, өздігімен талпынудан,  еңбектенуден қалып, тек дайын затқа бейімделіп қалады. Кейіннен оқу орындарындада берілген тапсырманы ізденіп, ойлап құрастырып орындамаған баланың ойлау процестері яғни есте сақтау, қабылдау процестері сол әлеуметтік желіге тәуелді болып қалады. Далада, сабақта, мектепте тіпті демалыс орындарында телефонын тастамай құшақтап жататын тәуелділік жастардың бәрінде дерлік кездеседі. Балалар бетпе-бет сөйлесуінің, достық қарым-қатынастың, мейірімділктен, жақсы амал жасау деген қасиеттерден бірте-бірте алыстап барады.

...

Скачать:   txt (11.6 Kb)   pdf (60.9 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club