Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктері
Автор: Aliyeva02 • Июнь 27, 2022 • Эссе • 463 Слов (2 Страниц) • 419 Просмотры
Алиева Айзада
Геоинформатика мамандығы
География және табиғатты пайдалану факультеті
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің
артықшылығы мен кемшіліктері
Қазіргі таңда қоғамның басты негізіне айналған әлеуметтанулық зерттеулер әлеуметтік ортадағы жайттарды методологиялық және ұйымдастырмалы тұрғыда қарап, бір-біріне тығыз байланысты әдістер арқылы зерделейді. Солардың ішінде қоғамды танудың нақты екі әдісі сапалық және сандық әдістерді айтуға болады. Бұл тәсілдер арқылы біз әлеуметтік құбылыстың үрдісі жөнінде мәлімет ала отырып, өзгерістерді байқай аламыз. Алайда менің ойымша сандық, сапалық әдістерінің өзіндік артықшылығы мен кемшілігін де жасыруға болмайды. Сол себептен ары қарай мен бұл әдістердің ерекшеліктеріне нақты тоқталатын боламын.
Ең алдымен, сандық зерттеулерге назар аударар болсақ, оның нақты цифрлар арқылы жүзеге асатынын байқаймыз.Демек онда математикалық және статистикалық модельдерге жүгіне отыра, сандық нәтижелі көрсеткіштердің пайда болады. Демек мұнда біз әлеуметтік ортаны зерделеудің қандай жайты болмасын, «қанша?» деген сұрақ мәніне ие боламыз. Оған қоғамдағы түрлі сұхбат, бетпе-бет сөйлесу жағдайларын мысалға келтіреміз.Мен сапалық зерттеуді сандық әдістің жалғасы деп білемін. Нақты керекті цифралар анықталғаннан кейін жүргізілетін бұл әдісте «неге?» деген сұраққа жету арқылы мақсат нышаны көзделеді. Оның кең таралған түрлеріне фокус-топ пен тереңдетілген сұхбатты жатқызамыз. Алайда бұл әдістердің өзіндік артықшылықтары да бар. Сапалық зерттеудің бір ерекшелігі көп уақытты қажет етпей, статистикалық талдау көмегімен талданбайды. Осылайша, қоғам мүшелерінің сыртқы және ішкі мотивтерін бақылауды қолға алады. Сапалық әдіске кең көлемдегі адам мөлшері маңызды емес, сұхбатты кішігірім топтармен де жүргізуге болады. Ал сандық зерттеулер адам санының көптігін талап етіп қана қоймай, жүргізілу уақыты ұзаққа созылуы мүмкін. Онда арнайы программаларды қолдану міндет болып саналады. Дегенмен, сапалық әдістің де оңтайлы тұстары барын ұмытпауымыз қажет, өйткені біз алатын нәтиженің нақты сандық мәніне ие бола аламыз, сонымен қатар, сұрауға қатысушылар ішінде сапалық әдіске қарағанда сандық әдісте құпияның берік сақталатынын байқаймыз.
...