Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дәрілік заттардың сыртқа қолдану (артықшылықтары мен кемшіліктері)

Автор:   •  Сентябрь 10, 2021  •  Контрольная работа  •  1,131 Слов (5 Страниц)  •  2,593 Просмотры

Страница 1 из 5

Жумабай Айдана 134 топ

Клиникаға кіріспе.№3

1. Дәрілік заттардың сыртқа қолдану (артықшылықтары мен кемшіліктері). 2.Дәрілік заттарды ингалиациялық енгізу жолдары (артықшылықтары мен кемшіліктері). 3. Ингаляцияны жүргізу ережелері мен алгоритмі.

Ішке дәрілер ауыз арқылы (рег оs). тік ішекке (рег гесеtum) және тіл астына (sub lingua) енгізіледі. Бұл тәсілдердің көмегімен жергілікті, резорбтивті және рефлекторлы әсер беруге болады.Дәрілерді көбінесе ауыз арқылы енгізу қолданылады. Бұл тәсілдің артықшылығы оның қарапайымдығында, дәрілерді әртүрлі формада залалсызданбаған түрінде енізуге болатындығында.

Оның кемшіліктері:1.Дәрінің жалпы қан айналымына баяу түсуі (асқазанның толуына, қабылданған ас сапасына, дәрілердің сіңірілу қабілетіне байланысты)..2. Тамақтың заттармен өзара әрекеттесуінің және бауырдағы химиялық өзгерістердің нәтижесінде асқазан мен ішек сөлдерінің әсерінен дәрілердің ыдырауға дейін өзгеруі.3. Заттың сіңірілу жылдамдығының және сіңірілген мөлшерінің белгісіз болуының себебінен дәрінің қандағы және тіндердегі мөлшерін анық білуге мүмкіндік жоқ.

Дәрілерді тыныс жолдарына енгізу

Тыныс жолдары мен өкпенің әртүрлі ауруларында дәрілерді бірден тыныс жолдарына енгізу қолданылады. Көбінесе дәрілік зат аэрозоль түрінде онымен дем алу - ингаляция - арқылы енгізіледі, кейде дәрі ерітіндісі резеңке түтік немесе арнайы кұрал - бронхоскоптың түтікшесі арқылы кеңірдекке кұйылады. Пенициллинді интратрахеальды енгізу өкпенің жедел және созылмалы абсцесін (іріңді ісік) емдеуде жақсы нәтиже береді. Дәріні тыныс жолына енгізгенде жергілікті, резорбтиигі және рефлекторлы әсер етуге болады.

Ингаляциялық (тыныс жолы арқылы) жолдармен дәрілерді енгізу.Ингаляциялық енгізу дегеніміз дәрілік заттарды тыныс жолдары арқылы енгізу. Ингаляция арқылы ағзаға газ тәрізді заттарды (оттегін), қос ұшпалы сұйықтықтарды (эфир, фторотан), аэрозольдерді енгізуге болады.

Ингаляциялық енгізу жолдарының тиімділігі:1. Тыныс жолындағы патологиялық процеске тікелей әсері.2. Қабынған жерге бауырда сүзілмей, ешбір өзгермей өзінің жоғары сапасында жетуі, жоғары концентрацияның сақталуы.

Ингаляциялық енгізу жолдарының кемшіліктері:1. Бронх жолдары өткізгіштігінің бұзылуларында дәрілік заттың қабынған жерге дұрыс жетпеуі;2. Тыныс алу жолдарының кілегей қабатының дәрілік заттардың әсерінен тітіркену мүмкіндігі.

Медициналық тәжірибеде арнайы аспап көмегімен булы, жылы булы, майлы ингаляциялар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ингаляцияларды қалталы ингаляторлармен жүргізуге болады. Ингаляция жасарда пациенттің алдына алжапқыш жабылып, буға күймейтіндей жерге аппарат алдына отырғызылады. Буды мұрнымен жұтып, ауыз арқылы шығару керек. Бронх демікпесімен ауыратын пациенттер үшін үйде қолдануға арналған ингаляторлар бар. Онда дәрілер пластмассадан жасалған түтікшеде болады, оған резеңке баллон кигізілген, пациент баллонды басып, ауаның күшімен дәріні тыныс жолдарына итереді.

Пероральды (ауыз арқылы) енгізу жолдары.Дәріні ауыз арқылы қабылдау кең тараған. Дәріні ауыз арқылы қабылдағанда, ол ащы ішекте сіңіріліп, қан тамырлары арқылы бауырға түседі де, жалпы қан айналымына қосылады. Ауыз арқылы енгізудің жағымды жақтары:1. Бұл жолмен әртүрлі формадағы дәрілерді қабылдауға болады (ұнтақ, пилюля, таблетка, микстура, қайнатпа, экстракттар түрінде);2. қарапайым және ыңғайлы;3. залалсыздандыруды талап етпейді;4. арнайы дайындалған көмекшілерді талап етпейді.

Пероральды қабылдаудың кемшіліктері:1. дәрілік заттардың бір бөлігі бауырда белсенділігін жоғалтады;2. дәрінің әсері ағза иесінің жасына, жағдайына жеке сезімталдығына байланысты;3. ас қорыту жолында дәрінің баяу әрі толық сіңірілмеуі (бұған ас қорыту ферменттері әсер етіп, дәрі 10-15 минуттан кейін ыдырай бастайды).4. науқастың ессіз жағдайында немесе жүрегі айну кезінде дәріні қабылдай алмауы;5. бұл тәсіл шұғыл жағдайда дәрінің әсері жылдам керек кезінде тиімсіз;6. асқазан мен ішектің кілегей қабығына кері әсер беруі мүмкін.

...

Скачать:   txt (16.6 Kb)   pdf (66.4 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club