Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғамның әлеуметтік құрылымы социологиясы

Автор:   •  Апрель 14, 2021  •  Реферат  •  6,329 Слов (26 Страниц)  •  560 Просмотры

Страница 1 из 26

4-дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы социологиясы

Дәрістің жоспары:

1.        Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы.

2.        Қоғамның әлеуметтік құрылымы және  стратификация теориялары.

3.        Әлеуметтік мобильділік теориясы

4.        Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік топтарды жіктеудің негізгі критерийлері.

     1.        Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы мәселесі әлеуметтану ғылымындағы негізгі тақырыптардың бірі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз өзара функционалдық тұрғыдан біріккен, өзара тәуелді, бір-бірімен тығыз байланысқан адамдар арасындағы тұрақты қарым-қатынас. Яғни қоғамның әлеуметтік құрылымы дегеніміз әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, арақатынастары. Әлеуметтік құрылым қоғамның тұрақтылығы мен біртұтастығы үшін маңызды құрал. Әлеуметтану ғылымында қоғамның әлеуметтік құрылымның басты элементтері болып табылатын, сонымен бірге әлеуметтік құрылымды түсіндіретін негізгі ұғымдар: қоғам, әлеуметтік стратификация, әлеуметтік теңсіздік, тап, әлеуметтік топ, әлеуметтік статус, әлеуметтік айырмашылық, әлеуметтік мобильділік, әлеуметтік маргиналдылық, т.б. Бұл ұғымдардың әрқайсысы қоғамда орын алған әлеуметтік құбылыс болып табылады. Қоғамның әлеуметтік құрылымын толық түсіну үшін осы категориялардың әрқайсысына тоқталамыз:

Әлеуметтік құрылым – қоғамның анатомиялық қаңқасы іспетті (Г.Спенсер).        

Әлеуметтануда теңсіздік, стратификация және тап ұғымдары бір-біріне ұқсас, бір-бірімен тығыз байланысты категориялар.

Әлеуметтік теңсіздік – бұл ақша, билік, бедел және т.б. әлеуметтік құндылықтарға жетудегі жеке адамдар мүмкіндігі бірдей емес әлеуметтік жағдай. Әлеуметтік теңсіздік барлық қоғамдық құрылымдарда кездеседі.

Әлеуметтік стратификация – теңсіздік бір ұрпақтар толқынынан келесі ұрпақтар толқынына берілу үшін қолданылатын саяси, экономикалық, құқықтық әдіс-тәсілдер жиынтығы. Әлеуметтік стратификация дегеніміз қоғамды топтарға, таптарға, страталарға бөлу, ажырату, олардың арақатынастарын қарастыру.  Әлеуметтік стратификация мен  әлеуметтік құрылымның айырмашылықтары бар. Әлеуметтік стратификация қоғамдағы жіктелу, айырмашылықтар, қарам-қайшылықтарға назар аударса, әлеуметтік құрылым қоғамның тұтастығына, бірігу процестеріне көңіл бөледі. Әлеуметтік стратификацияның негізі адамдарды нақты белгілері бойынша старталарға бөлу. Стартификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғамда байлыққы, беделге, биліке байланысты жіктелетін адамдар тобы бар. Стартификацияның негізгі жіктеу белгісі – теңсіздік.

Әлеуметтік құрылым – қоғамның не әлеуметтік топтың ішкі құрылымы, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттар арасындағыөзара қатынастардың реттелген жиынтығы.

Тап - билік, байлық сияқты әлеуметтік артықшылықтарды пайдаланудағы мүмкіндіктері әртүрлі әлеуметтік топтар. Тап – әлеуметтік топқа кіретін үлкен топ. Тап ұғымы ғылымда 18 ғасырда пайда болған. Батыс ойшылдары тап ұғымын саяси құрылымды түсіндіру үшін қолданған. Адамдар кіріс, табыс, мамандық, билікке қатысы, білім деңгейі, мәдениеті бойынша таптарға бөлінеді. Сонымен, өндіріс құралдарын қол астына, меншігіне алған, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде белгілі бір орынға ие болған және табысқа иелік етудің ерекше тәсілдері арқылы сипатталатын адамдардың үлкен әлеуметтік тобы  кең мағынадағы тап деп аталады.  Қазіргі қоғамдағы бірінен-бірі өзінің табысы, білім деңгейі, билік мөл-шері және престижі (дәрежесі) арқылы ерекшеленетін кез келген әлеуметтік қабатты (жікті) тар мағынада тап деп атайды.

Әлеуметтік тап – жік, мәртебе және билік белгілері ұқсас өзара теңдікті сезінетін адамдар тобы.

Әлеуметтік қауымдастық - салыстырмалы тұтастығымен ерекшеленетін және әлеуметтік іс-әрекеттің дербес субъектісі болып табылатын \жеке адамдардың жиынтығы.

Әлеуметтік топ – жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескениіс-әрекетін жзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі, бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейтін кең ұғым. Әлеуметтік топ дегеніміз кез келген белгілері бойынша (жынысы, жасы, ұлты, нәсілі, мамандығы, тұратын жері, табысы, білімі және т.б.) топтасатын адамдардың жиынтығы. Адамдардың мүдделерінің, құндылықтарының және мінез-құлық нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына қарай адамдардың жіктелуін бейнелейді. Мұндай жиынтықты құруда ортақ қызмет, экономикалық, демографиялық, этнографиялық, психологиялық критерийлер маңызды роль атқарады. Яғни әлеуметтік топтың өзіндік әлеуметтік белгілері болады.

...

Скачать:   txt (89.3 Kb)   pdf (147.2 Kb)   docx (31.6 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club