Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Автор:   •  Апрель 11, 2018  •  Доклад  •  959 Слов (4 Страниц)  •  2,436 Просмотры

Страница 1 из 4

Дебат сабақтың тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Дебат сабақтың мақсаты: 

  • Оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
  • Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
  • Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу.

Дебат сабақтың міндеті:

  • «Сыбайлас жемқорлық» - деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
  • Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.
  • Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар мен оқушылар және кеш қонақтары! Бүгінгі «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты ашық, тәрбиелік мақсаттағы дебат сабағымызға қош келдіңіздер! Дебат сабақты бастамас бұрын ҚР әнұранын орындауымызға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі дебат ойына қатысу үшін мектебіміздің алғыр да ізденімпаз оқушылары төрт топқа бөлініп келіп отыр. Ендеше топтарымызды ортаға шақырайық:

1 топ - «Болашақ» тобы – болашаққа белсенді көзқараспен қарайтын оқушылардан жиналған бұл топ, елімізді жаңғыртудың бірден-бір жолы ұрпақтың жан-жақтылығымен тәрбиелілігінде деп сенеді.

 2 топ - «Парасат» тобы – заманауи талапқа сай өскелең ұрпақ парасатты әрі білімді болуы керек деген тұжырымды алға тартқан озат оқушылардан жиналған топ.

 3 топ - «Білім» тобы – әлемдегі барлық құпияның кілті білімде, ендеше білімді ұрпақ Қазақстанның келешегі деп сенетін үлгілі оқушылардың тобы.

 Және 4 топ – «Бірлік»  тобы – бірлігі мәңгі жарасқан, гүлденген елім Қазақстан деп жүректерінен үн шығарған бұл топ, барлық жетістік пен жеңіске тек бірлесе отырып жетуге болады деген ұранмен ойынды бастамақ.

Жарайсыңдар озық ойлы, жүйрік оқушылар! Сіздерге тек сәттілік!

Енді дебат сабағымыздың ережесімен таныссақ.

Жоғарыда алталған топтар өзара сайысқа түседі. Айта кетерлік жағдай оқушылар топтарға жебере әдісі бойынша бөлінді. Қатысушылар 7 – 10 сынып аралығында оқушылар. Дебат сайысында топтар үкімет және оппозиция немесе жақтаушы және даттаушы болып 2-ге бөлінеді.

Жақтаушы топтар: «Болашақ» және «Білім»

Даттаушы топтар: «Парасат» және «Бірлік»

Дебат сайысы 3 кезеңнен тұрады.

І кезең – Таныстыру – 2 минут (әр топ басшысы, 1 спикер – 2 минуттан кем не болмаса артық сөйлеуіне болмайды, төрешілер құрамында есепші (таймкипер) сайлануы тиіс)

 ІІ кезең – Тақырыпты қорғау – 4 минут (әр топ берілген уақыт ішінде 2 және 3 спикер кезектесе отырып тақырыпты қорғауы тиіс). ІІ кезеңде аталған 4 топтан 2 топ қана ІІІ кезеңге өте алады.

Ескерту:      Тақырыпты қорғау бөлімінде қарсылас топ (үкімет, оппозиция) 3 сұрақ қоюына рұқсат етіледі.

ІІІ кезең – Қорытынды – 3 минут (берілген уақыт ішінде топ мүшелері тақырыпты қорытындылау мақсатында тиімді ұсыныстарды ұсынады). ІІІ кезеңде жүлделі І орынға топтар сайысады.

Ескерту: Тақырыпты қорытындылау бөлімінде қарсылас топ (үкімет, оппозиция) 1 сұрақ қоюына рұқсат етіледі.

Олай болса, топтарымыздың әділ бағасын беретін төрешілермен танысайық.

  1. __________________________________________________________
  2. ___________________________________________________________
  3. ___________________________________________________________
  4. ___________________________________________________________

Ендеше, дебат ойынын бастайық. Ортаға қатысушы топтарды шақырамыз. Таныстыру кезеңін бірінші болып «Болашақ» тобы бастайды. Топтың 1 спикерінің ортаға шығуын сұраймыз. Рахмет!

Келесі болып ортаға «Парасат» тобын шақырамыз. Өте жақсы, көп рахмет!

«Білім» тобын ортаға шығуын сұраймыз. Рахмет!

Соңғы топ «Бірлік» тобын ортаға шақырамыз. Рахмет!

Олай болса, ІІ кезең тақырыпты қорғау. Бірінші болып «Болашақ» және Парасат топтары өзара сайысқа түседі. Сіздерге берілетін тақырып «ЖОО-да студенттерге диплом алу үшін пара беру қажет пе?». Тақырыпты қорғауды бастамастан бұрын экранға назар аударуларыңызды сұраймыз (видео ойнап болған соң). Жақсы, енді тақырыпты қорғауды бастаңыздар, әрбір  топқа 4 минуттан беріледі, қарсыластар бір-біріне 2 сұрақ қоюына рұқсат беріледі және регламентті сақтауларыңызды сұраймыз. Сәттілік!

...

Скачать:   txt (13.2 Kb)   pdf (122.5 Kb)   docx (16.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club