Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сыбайлас жемқорлыққа қатыс ұғымдар

Автор:   •  Октябрь 13, 2020  •  Реферат  •  891 Слов (4 Страниц)  •  428 Просмотры

Страница 1 из 4

Кіріспе

2007 жылы 26 қыркүйекте Халықаралық агенттік «Transparency International» кезекті рет Халықаралық қауымдастықта сыбайлас жемқорлықтың деңгейіннің  артқандығы жөнінде хабардар етті. Статистикаға сүйенсек, бүгінгі таңда, сыбайлас жемқорлықтың белең алып тұрғанын байқауға болады. Сыбайлас жемқорлықлық Индекс көрсеткіші (Corruption Perception Index) мәліметтері бойынша жемқорлықтың деңгейі дамыған елдерде де, экономикасы артта қалған елдерде де  бұрынғысынша ауқымды. Transparency International агенттігінің басқарма төрағасы Угетт Лабелль: «Сыбайлас жемқорлық - білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылымды дамыту үшін өмірлік маңызды ресурстар жоғалып кететін түпсіз терң шұңқыр» - деп мәлімдеді.

2007 жылғы мәлімет бойынша елдердің шамамен 40% -ға жуығы сыбайлас жемқорлық көрсеткіші индексін бағалау нәтижесінде ТБИ шкаласы бойынша 3 баллдан аз жинады.Солардың қатарында Сомали мен Мьянма рейтингтегі соңғы позицияда бар –жоғы 1,4 балл құрады. Африканың көптеген елдері айтарлықтай төмен көрсеткіш көрсеткен.Осы мәліметтерге сүйенсек, бұл аталған елдерде сыбайлас жемқорлықтың өте өткір және шешілмеген проблема ретінде қабылданатындығының дәлелі екеніне көзіміз жетеді. Жемқорлық көрсеткіші индексі бойынша жоғары балл негізінен Еуропа, Шығыс Азия және Солтүстік Америка елдерінде. Және бұл, ең алдымен, саяси жағдайдың жалпы тұрақтылығымен, мүдделер қақтығысын шешудің тиімді тетіктерімен, ақпаратқа қол жеткізу еркіндігі туралы ережелердің болуымен және азаматтық қоғамның мемлекеттік институттардың қызметін бақылауына кедергілердің болмауымен қамтамасыз етілген салыстырмалы әл-ауқаттың сөзсіз көрсеткіші.

Алайда, экономикасы құлдыраған кедей елдердегі жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлықпен айналысуы ол - сыбайлас жемқорлықтың халықаралық мәні болып табылады, басқаша айтқанда, бұл индекстің басында тұрған елдермен байланысты. Өйткені, жемқорлықпен келген ақша көбінесе әлемдегі ең бай елдерде орналасқан трансұлттық компаниялардан келеді. Сондықтан мұндай компаниялардың парақорлықты сыртқы нарықта бизнес етіп жүргізуіне және заңды стратегия ретінде қарастыруына нүкте қою керек. 

Сонымен қатар, әлемдік қаржы орталықтары жемқор шенеуніктерге өздерінің заңсыз байлығын аударуға, жасыруға және инвестициялауға үлкен мүмкіндік береді. Мысалы, оффшорлық қаржыландыру Нигерия және Филиппин сияқты елдерден миллиондаған долларды жымқыруда үлкен рөл атқарды, бұл штаттардың жемқор басшыларының теріс қылықтары олардың қарамағындағылардың кедейленуіне ықпал етті.

2007 жылдың ортасында Швейцарияның Лозанна қаласы менеджментті дамыту жөніндегі халықаралық институты Transparency International ұйымымен бірге  ұйымдастырған «ТБИ 2007» бірыңғай бағдарламасы аясында «Мемлекеттік органдар жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты сіз немен байланыстырасыз?» тақырыбында тәуелсіз зерттеу жүргізді. Сауалнамалар Еуропалық Одақтың бірнеше елдерінде бір уақытта жүргізілді. Респонденттердің сауалнамасы нәтижесінде алынған мәліметтер 2007 жылы ТБИ қорытынды рейтингісіне енгізілді.

Атап өткендей, сауалнама барысында респонденттердің көпшілігі «мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық» сөз тіркесін қауіптілік дәрежесі жоғарылаған, қылмыстық жауаптылықты көздейтін шенеуніктердің «қылмыс» анықтамасына енетін әрекеті ретінде байланыстырды.  Мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлықпен айналысқанда,  әдетте, өздерінің әкімшілік ресурстарын, интеллектуалды - ақпараттық құралдарды және технологияларды қолданумен ұштастыра отырып, айлакерлікке басады, және бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа белсене кіріскен лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тарту кезінде өте күрделі мәселе болып табылады.

Тіптен бір уақытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін құра отырып, әр түрлі профилактикалық, алдын-алу және жазалау шараларын қолдансада, біздің мемлекет қанша тырысса да, бүгінде елдің тиісті саяси тұрақтылығы мен экономикалық қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмайды. Өйткені сыбайлас жемқорлық қоғамдық және мемлекеттік өмірдегі құбылыс ретінде тамырымен таралған қауіптілігі жоғары феномен болып табылады.

1-тарау. Сыбайлас жемқорлық құбылысының тарихи тамыры оның пайда болуы туралы криминологиялық және виктимологиялық ілімдер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат негіздерін қалыптастырудың алғышарттары

...

Скачать:   txt (13.8 Kb)   pdf (89.6 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club