Сыбайлас жемқорлық
Автор: tursynperizat • Апрель 11, 2019 • Курсовая работа • 2,604 Слов (11 Страниц) • 866 Просмотры
Жоспар
- Сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтер.
- Сыбайлас жемқорлықтың экономикалық-әлеуметтік дамуына келтіретін зияны.
- Сыбайлас жемқорлықтың елдің саяси дамуына тигізетін әсері.
- Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестері және жұмыс істеу әдістері.
- Президенттің жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламасының талаптары.
- «Жемқорлық – жабық құбылыс» социологиялық сауалнаманың нәтижелері.
- Қорытынды.
- Сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтер.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз - ол қоғам мен мемлекеттің криминализациялану сияқты үлкен және қауіпті ұғымның басым бөлігі. Жемқорлық біраз жылдан бері ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіріп тұрған негізгі мәселелердің біріне айналуда. Жемқорлықты әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде зерттеу, оның қоғамның барлық саласын дағдарысқа жеткізеді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 жылы 11 шілдеде республика азаматтарына жасаған Үндеуінде: «Жемқорлық қоғамның барлық саласына, мемлекеттің конституциялық негізіне қатер төндіруде, сондықтан оған қарсы тұру – жалпы ұлттық мақсат» деп атап өткен еді. «Трансперенси Интернешнл» жемқорлыққа қарсы әлемдік одағының таратқан мәліметтері бойынша бүгінгі таңда Қазақстан жемқорлықтың деңгейі бойынша әлемде 150 орында тұр. Қазақстан жемқорлықты қабылдау индексі бойынша мүмкін балы 10-ның 2,1 дейін құрап отыр. Бұл көрсеткіш сыбайлас жемқорлықпен күресті әлі де жетілдіруді қажет ететіндігін аңғартса керек. Жемқорлықтың деңгейі бойынша Қазақстанмен 150 орынды Әзербайжан, Қырғызстан, Белоруссия, Тәжікстан, Эквадор, Кения сияқты мемлекеттер орын алған. Ресей 143 орын алса, Түрікменстан 162 орында. «Трансперенси Интернешнл» зерттеушілерінің пікірінше ТМД елдерінің ішінде, сыбайлас жемқорлық кеңінен жайлаған мемлекет - Өзбекстан, ол 175 орында тұр.
Деректерге сүйенсек, әлемде жемқорлық жайламаған мемлекет жоқ екен. Халықаралық заңгерлердің берген бағасы бойынша Қазақстан Республикасы қазіргі кезде жемқорлыққа қарсы күресу үшін арнайы заң шығарған мемлекеттердің қатарына жатады. Мұндай заң Орта Азия аймағында жоқ деуге де болады. Тіпті Батыс Еуропадан да біздің жемқорлықпен күресу әдісіміз көш ілгері. Республикамызда сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оған тосқауыл қою үшін мамандырылған ұйымдар жұмыс істеуде. Атап айтқанда, Президент жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясы, Мемлекеттік қызмет агенттігі, Жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, бір сөзбен айтқанда, осының бәрі жемқорлықпен күресетін мекемелер. Міне, осы мекемелер жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіп жатқанымен, әлеуметтік кеселді түп тамырымен жою мүмкін болмай отырғандығы баршамызға аян. Осы жағымсыз әрекеттердің салдарынан елді дамыту, оны бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына қосуда қиындықтар туғызуы әбден мүмкін.
Пара берушілердің практикасын түсіну және зерттеу өте маңызды, өйткені жемқорлық туралы сенімді және әртүрлі ақпарат береді, нақты айтқанда:
- бұл жағдайда олар параны берді ме немесе берген жоқ па, нәтижесіне қарамастан, жемқорлық жағдайға түскен азаматтардың үлесімен сипатталатын жемқорлықты қамту.
- Жемқорлыққа қатер – азаматтарға үкіметтің жемқорлық қысымын қарқындау айқындағышы немесе көрсеткіші сияқты жорамалдауға болатын, жемқорлық жағдайына түсу үлесі.
- Жемқорлыққа сұраныс – жемқорлық жағдайларында азаматтардың параны беруге дайындығының жағдайлар үлесі. Бұл үлесті анықтау төрелер жағынан жемқорлық қысымымен азаматтардың маңызды проблемаларын шешудің айқындағышы болуы мүмкін.
- Жемқорлықтың қарқындылығы – бір туынды пара берушіге жататын, бір жылда паралардың орташа саны.
- Бір туынды жемқорлық мәмілеге параның орташа мөлшері. Паралардың жоғары немесе төмен мөлшерлерін есептей отырып, орта статистикалық есептеледі.
- Орта жылдық жарна.
- Нарықтың жылдық көлемі – жемқорлық нарықтың жалпы айналым бағасы.
...