Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жемқорлық— қоғам дерті

Автор:   •  Январь 24, 2022  •  Эссе  •  257 Слов (2 Страниц)  •  322 Просмотры

Страница 1 из 2

 «Жемқорлық— қоғам дерті»

Орындаған:Мақан Аружан Ералықызы

Академик Е.А. Бөкетов атындағы

Қарағанды университеті, 2 курс.

Қазір "жемқорлық" ұғымы құлаққа үйреншікті болып кеткен. Көк жәшікті қоссаң да,  ғаламторды ашып қалсаңда осы сөзді жиі естиміз. Тіпті қалыпты құбылысқа айналып кетті десем артық айтқандығым емес. Бірақ, үйреншікті екен деп жемқорлыққа немқұрайлы қарау адамға да қоғамға да аса қауіпті.

Қоғам алға басқан сайын жемқорлықта  түлеп,  түрленіп жаңаша тамыр жая бастады. Ия, бұл ұғым қоғамға көктен түсе қалған жоқ. Оның түбінде әлеуметтік жауапсыздығы басым, ашкөз, надан адамдардың тобыры тұр.  Демек,  өзіміз қалап алған дерттің салдарымен күресіп жүрген жайымыз бар.  Ал соның себебін іздеп көрдік пе?!.  Оны қаза бастасаң тағыда адами құндылықтарға келіп тіріле береміз.

Жасалған 100 қылмыстың 70-і бір адамның қайталап істеген әрекеті екенін ескерсек,  пара алған адамда,  берген адамда, жымқырған жемқорларыңда жазасын өтегеннен кейін бұрынғы әуеніне салмасына ешкім кепіл емес. Сондықтан ең алдымен  ішкі мәдениет дұрыс қалыптасу керек. Ал оны қалыптастыру бесіктен басталады. Балапан ұяда көргенін істейді. Қоғам өздігенен емес адам арқылы ғана түзеледі.

Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» деп атап өткен еді. Алайда бұл ережеге құлақ асқан қызметкерлер саны қанша? 2020 жылғы көрсеткіш бойынша 180 ел арасында 94 орын алған. «Транспаренс Интернешнал» нәтижесі бойынша 2008 жылы 145 орынды иемденген. Демек уақыт өте келе жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан іс-шаралардың жеткіліксіздігі ме, әлде олардың тиімсіздігі ме?

...

Скачать:   txt (3.4 Kb)   pdf (59.5 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club