Презентациялар дайындауға арналған веб-сервистер
Автор: Feel Special • Октябрь 13, 2022 • Практическая работа • 705 Слов (3 Страниц) • 418 Просмотры
Практикалық жұмыс №5.
Тақырыбы: Презентациялар дайындауға арналған веб-сервистер
Мақсаты: Қазіргі таңдағы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, презентация дайындауда Visme және Canva веб сервистерінде жүйелі жұмыс жасауды үйрену.
Презентация – баяндама жасау, жобаны қорғау, дайын өнім мен қызметті жарнамалау, өзін таныстыруға және тағы да басқа көптеген дүниені кең аудиторияға ұсынуға арналған құжат немесе құжаттар жиынтығы.
Презентацияның мақсаты – тыңдаушыларға презентация ны- саны туралы толық ақпаратты ыңғайлы түрде жеткізу. Презентацияда бір мақсатта жұмылдырылған мәтіндер, гипермә- тіндік сілтемелер, компьютерлік анимациялар, графика, видео, музыка және дыбыстық жазбалар болуы мүмкін (бірақ барлығы болуы міндетті емес).
Презентация әзірлеу ережесі:
- 1 слайд=1 ой
- Кіріспе 30 секунд
- KYSS қағидасы-Keep Your Slide Simple
- Үлкен көлемді қаріп қолдану
- Суретті мұқият таңдаңыз
- Графиктерді мұқият таңдаңыз
- Сандар, жылдар, нақты мәлімет
Презентация дайындауда әдетте MSPowerPointпрограммасын қолданамыз. Бірақ презентацияны дайындау барысында көптеген мүмкіндіктерге ие веб сервистер ФотоШОУ PRO, Zoho Show,Visme, Canva тоқталып өтейік.
- ФотоШОУ PRO (https://fotoshow-pro.ru/) – бейне көрме, мәтін, анимация, жарқыл және сурет салу арқылы презен- тацияларды дайындауға арналған программа. Арнайы геомет- риялық эффектілер түпнұсқа суретті одан әрі түрлендіруге және ерекше дизайнын жасауға мүмкіндік береді. Программаның ин- терфейсі қарапайым және қарапайым пайдаланушыға арналған.[pic 1]
Программада келесідей мүмкіндіктер бар:
- Жобада фото, видео және музыкалық файлдарды пайдалану;
- Презентацияны жедел дайындауға арналған дайын шаблондарды таңдау;
- 250 + арнайы эффектілер;
- Анимацияны қолмен реттеуге арналған құралдар;
- Тақырып үлгілері мен экрандар кітапханасы;
- Дайын презентацияны кез-келген форматта сақтау.
[pic 2]
5.1-сурет. ФотоШОУ PRO программасының интерфейсі
- Zoho Show (https://show.zoho.com/) – бұл Mail, Chat, Connect, Docs, Writer, Sheet, Sites және Showtime құрамында бар Zoho Workplace-тің бір бөлігі.[pic 3]
Zoho-ны интернетте кәсіби презентацияны жасау, өңдеу немесе бірлесіп жасау үшін пайдалануға болады. Zoho Show арқылы презентация жасау үшін Google немесе Facebook аккаунт жазбасын пайдаланып тіркелу немесе кіру керек (5.3 сурет). Осыдан кейін сіз Zoho компаниясының барлық өнімдерін басқарудың жалпы панеліне кіресіз, оның құрамында мәтіндік редактор мен кестелер бар.
[pic 4]
5.2-сурет. Zoho Show веб-сервисінің басты беті
[pic 5]
5.3-сурет. Zoho Show веб-сервисіне тіркелу терезесі
Егер сіз бәрін жаңадан бастағыңыз келсе, өзіңізге ұнайтын дизайнды немесе бос шаблонды таңдап, оны өңдеуге және материалдармен толтыруға кірісіңіз. Бұл презентациялар жасау үшін кез-келген басқа бағдарламадағыдай жасалады. Өңдеу саласында біз кез-келген нысанды шертіп, оның қасиеттерін, өлшемдерін өзгертеміз, жазуларыңызды қосамыз, суреттерді жүктейміз және т.б. Жаңа слайдтарды қосу және олардың арасында ауысу үшін сол жақта арнайы панель бар, оның енін жай шекараны сүйреп апару арқылы реттеуге болады.
...