Отбасы-маңызды әлеуметтік институт ретінде
Автор: katieva_ • Ноябрь 9, 2019 • Реферат • 2,634 Слов (11 Страниц) • 5,595 Просмотры
КІРІСПЕ
Жалпы «отбасы» ұғымы қоғамның ажырамас бөлшегі екенін білеміз. Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Аристотель «отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған. Сол себепті отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Олардың әрқайсысы өз салаларының ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырады.
«Отбасы өмірді неғұрлым толыққанды етеді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, әсіресе қоғам өмірінде орасан зор мемлекеттік маңызы бар үлкен іс болып табылады», - деп А. С. Макаренко айтқандай, отбасы әлеуметтік институт ретінде қоғамның даму барысында өзіндік ықпалын тигізеді.
Әлеуметтану ғылымы отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы қалыптасты деп айтуға болады.
Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт: «қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы — адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды»,- дейді.
Жалпы әлеуметтануда отбасы және отбасы қатынастары терең зерттелетін тақырыптар қатарына жатқызылады. Себебі отбасы қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Сондықтан оның қызмет етуіне барлық әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестер әсер етеді.
ОТБАСЫ – МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ
Адамның өмірлік құндылықтарын айқындаудағы отбасының рөлі. Адамзат тарихында адами құндылықтар өмірдің мәні мен мағынасы, маңызы болды. Платон үшін құндылық – өмір сүру. Аристотель үшін құндылық – адамның даналығы, яғни қандай да болсын, құнды нәрсені таба білуі. Софистер үшін құндылық – «адамның өмірді бағалауы» болды. Осы аталған құндылықтардың бәрі адамға отбасында берілген тәрбие негізінде түсіндіріледі. Себебі, құндылықтың құнын ұғындыруда тәрбие құралын айналып өте алмаймыз.
Ресейлік ғалым Н. Д. Никандров «Құндылықтар – тәрбие мақсатының негізі» деген мақаласында «Құндылықтар өмірде халықтың менталитетінде қалыптасқан ережелерді есепке алады. Құндылықтардың өзгеруі тәрбие мақсатының өзгеруіне әсер етеді» деген. Шындығында, тәрбие мен құндылықтар тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты.
Отбасылық тəрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тəрбие қоғамдық тəрбиемен бірлесіп нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам – бір жүйенің кіші жəне үлкен үлгілері В. Сатир жазғандай: «Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір-бірі туралы бəрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі». Ата-ана балаларының əлеуметтік құндылықтар кешенін, дүниеге деген көзқарасын, бағдарын, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен əдеттерін қалыптастырушы болып табылады.
...