Қазақстанның көшпелілік мәдениеті-қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде
Автор: a_fariza04 • Октябрь 13, 2020 • Эссе • 583 Слов (3 Страниц) • 8,632 Просмотры
[pic 1]
Эссе
Тақырыбы:«Қазақстанның көшпелілік мәдениеті-қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде»
Орындаған: Аманғалиева Фариза
Тексерген:Сыбанбаев Калмурат
Алматы, 2020
«Қазақстанның көшпелілік мәдениеті-қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде»
Көш қазақ мәдениетінің көшпелі көрінісі.Салтанатты көшті өмірдің сәні ретінде бағалайтын қазақтар,көшті бір орыннан екінші орынға жұрт жаңалау үшін ғана емес,өз тұрмыс мәдениетін әйгілеп,көңіл көтерудің тамаша орайы деп білген.Сырттай сынай қарайтын ұлттар ойлағандай,көшіп-қонып,азып-тозып жүрген жоқ.Тереңрек айтсақ, қазақтың көш мәдениеті көне заманда көшпелі тұрмыс кешірген адамзат мәдениетінің соңғы сарқыны.Неше мың жылдан бері үзілмей жалғасқан мәдениетінің соңғы тынысы.Моторлы көліктердің жаппай қолданысқа енуі,адамзаттың отырықшы тұрмысқа көшуі,көшпелі тұрмыстыңда күнін батырды.Көшпелі тұрмыс тарихта өзінің айқын орынын алған үздік мәдениет.
Әрине, көшпелі мәдениетке деген көзқарастар әртүрлі болды.Дәлірек айтсақ, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына назар аудару басым болды.Мысалға,Тойнби,Ратуель деген сияқты ғалымдар: «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз,олар мемлекетті,басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді»деген екен.Менің ойымша бұл қате айтылған пікір.Көшпелілерде де жазу-сызу ертеден пайда болды.Ия, әрине көшпелілерде жазу кеңінен дами алмады,бірақ халық жадында рухани мәдениет-шежіре тарихы,өнер,фольклор ерекше сақталды.Көшпелілер мәдениеті музыкамен табиғаттың ырғағымен өмір сүрген.Жібек жолындағы түрлі ескерткіштерді қазған кезде де, музыка және театр саласындағы даму барысы мен өзара бірін-бірі байытып отырғанын, дәлелдейтін заттар осыған айғақ.Олар түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына,жақындасуына қозғаушы күш болды деп ойлаймын.Себебі,көшпелілер әр халықтың жақсы мәдени үлгілерін өздеріне алып,басқа да халықтарға жұғыстырды.
...