Орта тап тұрақтылықтың кепілі
Автор: Togzhan1105 • Октябрь 16, 2023 • Эссе • 481 Слов (2 Страниц) • 331 Просмотры
Орта тап қазіргі қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл әлеуметтік сегменттің маңыздылығы оның елдің экономикасына, саясатына және әлеуметтік әл-ауқатына әсер ету қабілетінде жатыр. Соның ішінде тұтынушылық белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Орта таптың сақталуы мен нығаюына деген ұмтылыс елдегі тұрақты экономикалық өсу мен әлеуметтік үйлесімділіктің рычагы.
Елдің дамуында осынша үлес қосатын, бұл сегменттің не екенін анықтаған жөн болар. Орта тап – әлеуметтік стратификация жүйесіндегі негізгі әлеуметтік топтар: бай мен кедей ішінде аралық орын алатын қабаттар жиынтығы. Орта тапқа орташа табысы бар, білімге, медициналық көмекке және басқа да негізгі қызметтерге қол жеткізе алатын, сондай-ақ өмір сапасы мен болашаққа инвестиция салуға мүмкіндігі бар адамдар кіреді. Ол әдетте халықтың едәуір бөлігін құрайды және экономикада шешуші рөл атқарады.
Орта тап қоғамдағы алатын орны ерекше. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек болады. Өйткені орта тап қоғамның негізгі инлектуалдық күші мен жоғарғы мамандық иелеріннен тұрады. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80% құрайды. Мысалы: Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея т.б
Орта тап Қазақстан, Қытай және АҚШ экономикаларындағы тұрақтылықтың маңызды кепілі болып табылады. Қазақстанда орта тап тұтынушылық сұраныс пен инвестицияларды ұлғайтуға ықпал ете отырып, елдің дамуында шешуші рөл атқарады. Қытайда орта таптың өсуімен тауарлар мен қызметтерге сұраныс артып, экономикалық өсуді қолдайды. АҚШ-та орта тап және оның сатып алу қабілеті тұрғын үйден білімге дейінгі көптеген салаларға әсер етеді. Орта таптың дамуы мен қолдауы осы елдердің барлығының басымдығы болып қала береді.
Орта таптың маңыздылығы бірнеше аспектілерде көрінеді:
Экономикалық әсер: орта тап тұтынушылық белсенділіктің артуына ықпал етеді. Орта тап
...