Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәдениет түсінігі мен оның мәні

Автор:   •  Ноябрь 9, 2021  •  Лекция  •  2,499 Слов (10 Страниц)  •  996 Просмотры

Страница 1 из 10

9. Сабақтың тақырыбы:

Кіріспе.Мәдениет түсінігі мен оның мәні.

 Сурактар. 1.Мәдениет ұғымы мен оның мәні.

2 Қоғамдағы мәдениеттің негізгі қызметі

3 Материалдық және рухани мәдениет

4 .Мәдениеттің мұрагерлік,адамды қалыптастыру қызметі.  

 Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім.Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттану пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым қатынасын зерттей отырып,адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Мәдениеттану пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттану мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілдіғылым салалары зор ықпал етті. Мәдениеттану пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып,оларды болжай білу. «Мәдениет» дегеніміз не деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына , яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін, сөздің шығу тегіне тоқталу керек. Қазақ тіліне бұл термин арабтың маданият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. "Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі.Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз.Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық.       Мәдениет (латын. тіл.ауд.-өңдеу,егу деген сөзінен шыққан)- табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер.Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшілігі, оның адамның іс әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен « мәдениет» деген сөз жалпылық деген сөз жалпылық маңыз алды,адам жасағанның бәрін «мәдениет» деп атады. Мәдениет адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым қатынасы. Ол өзара қарым қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.         Адамдар өздерін қоршаған, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді,өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға,ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу,тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау,ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап тілектер қоғамдық прогреске,өрлеуге тікелей байланыста,әр қоғамдық кезеңде жаңа талап,тілектер пайда болады,өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды.Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі дамыды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне,талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші.Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір бірінен ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі материалдық өндірістің, екіншісі рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері- еңбек құралдары және көркем шығармалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижесінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей –ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда. Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам- мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді,қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін,икемін,қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды.         Материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты.Одан шығатын қорытынды, мәдениет-қоғамның материалдық және рухани байлығынығ жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ. Мәдениеттану ғылымы Мәдениеттау пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттау мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым салалары зор ықпал етті. Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты – дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды болжай білу. Кеңес дәуірінде Қазақстанда Мәдениеттау пәні жүйелі түрде оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар саласында өзінің нақты орнын таба алмады. Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы «Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: ·         мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ·         мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және тағы басқалары; ·         мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары); ·         агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары). Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн кәрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек, «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да осылардың ішіндегі ең бастысы — дінге табынушылық.    Ортағасырлық мәдениет. Политеизмге монотеимзді, натурализмге — руханилықты, геодонизмге (сүйсініп — рақаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және логика арқылы тануға Библияға сүйенген және оны шіркеудің белгілі қайраткерлері арқылы түсіндірілетін — кітаби білімді қарама-қарсы қойды. Өзінің жан дүниесіне терең үңілген ортағасырлық адам өз тұлғасының қайталанбайтындығын, ерекшелігін, тұңғиық екендігін байқады. Ал бұл жағдай политеизмнен монотеизмге көшуге толық мүмкіндік берді. Көне заманның адамы өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде ең бірінші кезекте табиғаттан алды. Ол құпиялы аспан мен жұлдыздар әлемі, таулар мен өзендер, ал құдайлар болса табиғаттың бөлшегі ғана. Ортағасырларда мәдениетті түсінуде келелі өзгерістер байқалды. Рационалдық ізденісті адамгершілікке, адамның жан-жақты жетілуіне апарар жол деп қарастыратын мәдениеттің көне түсінігі тұйыққа тірелді. Адамның заттық-аспандық дүниеден, оның тіршілік отанына басқа да дүниелердің, атап айтқанда, ерекше ләззат алар рухани дүниенің бар екендігі айқындалды. Адам өзін қоршаған ортада, кеңістікте адамзаттың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтардың, ережелердің бар екенін аңғара отырып, онда жоғарғы «ақыл-ой» мен ең жоғарғы әділеттіліктік әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктерін «жетілдіру», оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда «табиғи» бұзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды «жетілдіру» тұрғысынан адамзат баласының алдында тұрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рационалдылық қана емес екендігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер — махаббат, үміт, сенім және тағы басқалары жаңа сатыға көтерілді. Адам өзінің әлсіздігін де сезіне бастады, бірақ ол өзінің дәрменсіздігіне қарамастан алып күш иесі екендігін де таныта білді. Құдай адамды, оның мәңгілік жанын жаратты. Адамның бақыты өзін тануда емес, Құдайды тануда. Жаңа заманда (XVII—XIX ғ.) жоғарыда көрсеткеніміздей, мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оған шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі — буржуазиялық қайта құруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан өз ойшыл ғалымдары болды. Олар (Англияда — Толанд, Францияда Вольтер мен Монтескье, Германияда — Лессинг, Гете, Шиллер және тағы басқалары) дүние мен адамзат жөніндегі ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамзаттың ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл қорғайды. Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ мүмкіндіктері мол, ақылды жан және соны тиімді пайдаланудың нәтижесінде адам игілігіне сай қоғам құруға қабілетті. Ал бұл ізгі мұраттың жүзеге аспауына адамның өзі кінәлі, дәлірек айтқанда, оның білімсіздігі мен мәдениетсіздігі, адамзатты ғасырлар бойы қараңғылық түнегінде ұстауы және тағы басқалары мәдениет пен өркениеттің даму барысында басты кедергілер болды. Осы орайда Ағартушылық дөуірі ойшылдарының антиклерикалдық (дінге қарсы) көңіл-күйін аңғару онша қиынға соқпайды. Осындай көңіл-күй табиғат пен адамның осы бір жарық дүниедегі алатын орны туралы мәселені қайта қоюына мүмкіндік берді. Сондықтан да болар, Ағартушылық дәуірінің философиясы мәдениет туралы ілімді дамытуға мүмкіндік беретін категорияларға сүйенді (табиғат, адам, қоғам, таным, ақыл-ой).Патриархалдық даму.  Руссо ғылым мен өнердің жандануы қоғамдық прогреске нұқсан келтіргендігін дәлелдеуге ты-рысты. Оның ойынша, ғылым мен өнердің дамуына байланысты адамдардың «табиғи» жағдайы бұзылады, адамгершілік кері кетеді, қоғамдық теңсіздік орын альш, адамның бостандық сезімі аяққа басылады. Ол былай деп көрсетті: «Адам еркін болып туады, бірақ ол өз тіршілігін әрқашанда күреспен өткізеді» (Драч Г.В. Учебный курс по культурологии. — Ростов-н/Д., 1996. — С. 16). Күн тәртібінде қойылған бұл күрделі сұрақтар, келелі мәселелер төңірегінде айтылған бұл ойлар мен пікірлерге қарап Руссо өркениеттің рахатынан мүлде бас тартып, өткенге яғни «тағылыққа» қайта шақырған екен деген түсінік туып қалмауы керек. Ол адамзат болмысының қарама-қайшылықтары адамның алғашқы қауымдық құрылыстан бастап өркениетке деген құлшыныс жолындағы тарихи қозғалысының қарама-қайшылықтарынан келіп туындайтынын көрсете білді. Қалай болғанда да Руссо жаңа ғана туындап келе жатқан «буржуазиялық мәдениетті сынай отырып, «табиғи адам» ретінде көне заманның «тағы» адамдарын ерекше бағалаған. Бұзылған және моральдық жағынан азғынданған «өркениетті» ұлттарға Руссо патриархалдық даму сатысында өмір сүрген адамзат қоғамдарының «тазалығы» мен адамгершілік қасиеттерін қарама-қарсы қойды. Адамзатты қоғамдық-тарихи тұрғыдан нақтылы қарастырғандардың бірі — Джанбаттиста Вико. Ол адамзат тарихының үйлесімділік мәселелеріне, оның заңдары мен ережелеріне баса назар аудару негізінде «адамзат баласының үздіксіз даму» идеясын алғаш рет ұсынған болатын, бұл идея бойынша барлық ұлттар өз дамуында үш дәуірді басынан кешіреді — «құдайлар ғасыры», «батырлар ғасыры» және «адамдар ғасыры». Ұлы неміс философы Кант (1724—1804) «ақыл-ойға» табынған. Француз ағартушылары дүниенің негізі «ақиқат», «қайырымдылық», «сұлулық» деп есептейтін идеяны қолдай отырып, мәдениет ұғымын моральдық тұрғыдан басқаша қарастыруға әрекет жасады. Осы орайда Канттың «мен үшін екі құпия нәрсе бар, олар: жұлдызды аспан мен адамның ішкі рухани дүниесі» деген қағидасы кеңінен таралғандығын атап өткен жөн. Болмыстың адамгершілік (моральдық) жағына ерекше мән бере отырып, ол мәдениетті адамды айуандардан айыруға мүмкіндік беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті деп қарастырып, адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерді басты орынға қойды. Кант бұл жағдайды «келісімді императив» деп атады. Кант этикасының негізгі заңы бойынша — адамға тек «құрал» деп қарау күнә болып саналады. Дәл осыған ұқсас идеяларды Спиноза, Фейербах, Маркс, Фрейд сияқты ұлы философтар да айтқан болатын. Демек, Канттың ұғымынша, «мәдениет — табиғаттан бостандық патшалығына» барар жол, ендеше Кант ілімінің маңыздылығы — оның мәдениетті гуманистік тұрғыдан қарастыруында. XIX ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың бірі — ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832—1917) болды. Ол «мәдениет жөніндегі ғылым — реформалар жөніндегі ғылым» деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз даму үстіндегі процесс деп қарастырды. Тайлор мәдениетке мынандай жалпылама анықтама береді. «Мәдениет пен өркениет кең, әрі этнографиялық мағынада — білімнен, наным-сенімдерден, өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады». Нақты идеалды тұрғыдан қарастырсақ, мәдениет — жеке адам мен бүкіл қоғамды, адамның бақыты мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан-жақты жетілдіру болып табылады. Демек, Тайлор мәдениетке адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі ретінде, дәлірек айтқанда, материалдық және рухани құндылықтар ретінде қарады. Тайлордың ілімінде барлық заттар мен идеялар «бір-бірінен туындап» жатады. Мұндай көзқарасты эволюциялық деп атау дәстүрге айналған. Оның ойынша, барлық ұлы адамдар өзінен бұрынғы әріптестерінің шығармашылық дәстүрін жетілдіріп, не соған сүйеніп отырады. Тайлордың басты жаңалықтарының бірі — мәдениет атауларының бастамасы, тіпті негізі болып табылатын «діннің шығуының анимистік теориясын» өмірге келтіруі. Бұл теория бастапқы қандай дін болса да (Тайлор оны «кішкентай дін» деп атаған) «тағы (дикарь) философтың» жанның қабілетіне, рухтың адам денесінен бөлініп шығатынына деген сенімнен шықты деген тұжырымға негізделген. Біздің көне замандағы ата-бабаларымыз үшін жұмбақ болган түс көру, галлюцинация, летаргиялық ұйқы, өліп-тірілу және тағы басқалары түсініксіз табиғат құбылыстары «кішкентай діннің» қалыптасуына әсерін тигізді. Егер Кантта, мәдениеттің мағынасы. — адам бойындағы хайуандық сезімді ақыл-ойдың немесе адамгершіліктің (моральдың) көмегімен жеңуге әкеліп тіресе, ұлы ойшылдардың бірі Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775—1854) мәдениетті эстетикалық тұрғыдан ұғынып-меңгеруді басты орынға қойып, мәдениеттің басты мазмұны: адамдардың көркемдік қызметі деп жариялады. Шеллингтің эстетикалық көзқарастары оның «Өнер философиясы» (1802—1803) атты еңбегінде толық баяндалған. Автор бұл кітабында адамның шығармашылық қызметінің басқа да түрлерінен көркемдік шығармашылықтың артықшылығын, тіпті өнердің ғылымнан да, адамгершіліктен де жоғары тұратындығын дәлелдеуге тырысқан. Көне заманнан бастап XIX ғасырдың аяғына дейінгі мәдениеттанымдық ойдың дамуын ғылыми тұрғыдан қарастыра отырып, мынандай қысқаша қорытындылар жасауға болады. Еуропада кеңінен тараған мәдениет жөніндегі ұғым діни сипатта болды және ол мынандай қағидаларға келіп тірелді:

...

Скачать:   txt (36 Kb)   pdf (84.5 Kb)   docx (15.9 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club