Мектептегі жаңартылған білім беру жүйесінің пайдасы қандай
Автор: Mirana13 • Март 15, 2020 • Реферат • 882 Слов (4 Страниц) • 751 Просмотры
XXI ғасыр бізді сан жаңалықтарымен таңдандыруда. Соның бірі әлемдегі Джером Брунердің қағидатына негізделген мектептегі жаңартылған білім беру жүйесі. Қазіргі заман талабына сай біздің елімізде білім саласының көшінен қалмай ілгерілеуді басты мақсат ретінде ұстанып, болашақ ұрпақтың оқып білім алуын бірінші орынға қойып отыр.Осыған орай елбасымыз 2018 жылдың 5 қазанында жолдаған жолдауында білім жүйесіне жеке тоқталып өтті. Ол Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандартта болуға тиіс екенін айтты [1].
Жаңартылған білім беру жүйесі тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік жағынан келбетінің қалыптасуына ерекше назар аударады. Сонымен қатар, жаңартылған білім беру жүйесінің бағалау жүйесі де толығымен өзгертіледі. Бағалау жүйесі критериалық бағалау жүйесіне ауысады. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды елдерде қолданылады [2]. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, болашақта ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Жаңартылған білім бағдарламасы оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған [3]. Жобаның мақсаты жаңартылған білім беру жүйесінің тигізер пайдасын анықтау.
Қазіргі кезде орта мектеп білім беру жүйесін Назарбаев зияткерлік мектебінің білім жүйесіне ауыстыру қолға алынды. Назарбаев зияткерлік мектебіндегі білім жүйесі Джером Брунердің спиральдік қағидатына негізделген. Осыған орай жаңартылған білім беру жүйесінің пайдасы қандай? деген сұрақ туындайды.
Біріншіден, жаңартылған білім беру жүйесінің пайдасы оқушының ой – өрісінің кеңеюіне әсер етеді. Бұған дәлел ретінде, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларынан алынған сауалнаманы келтірсем болады. Сауалнама бойынша оқушылардың көп бөлігі ой – өрісінің кеңейгенін білдірген.
Екіншіден, жаңартылған білім беру жүйесі оқушының жан – жақты дамуына әсер етеді. Себебі, жаңартылған білім беру жүйесі оқушының 4 жақты дамуына септігін тигізеді. Оқушы айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым жағынан дамиды.
Үшіншіден, жаңартылған білім беру жүйесінің пайдасы елге де әсерін тигізеді. Себебі, білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті тұлға елдің дамып, алға қарай жылжуына кепілдік береді.
Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасындағы орта жүйедегі мектеп бағдарламаларын Назарбаев зияткерлік мектебіндегі жүйеге ауыстырудың пайдасы қарастырылды. Осыған орай, Назарбаев зияркерлік мектебінде оқитын мектеп оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнама 12 мен 18 жас аралығында өтті. Сауалнаманың негізігі мақсаты орта мектеп жүйелерін жаңартылған мектеп жүйесіне ауыстырса қандай пайда алып келетіні жайлы болды.
Зерттеу жұмысына 83 адам қатысты. Барлығы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқып жатқан оқушылар. Олар сұрақтардың барлығына толықтай жауап берді. Сұрақтардың негізгі мақсаты Назарбаев зияткерлік мектебіндегі білім беру жүйесін толығымен білу болды. Сауалнамада жауап берген 87 адамның ішінен 61 қыздар болса, 26 ұлдар болды. Олардың 87% 17-18 жас аралығындағылар, 15-16 жас аралығындағылар 7% көрсеткішті көрсетіп тұрса, 12-14 жас аралағындағылар 6% көрсетті.
Бұл кесте бойынша жаңартылған білім беру жүйесінің пайдасы оқушыға жақсы әсер ететіндігін байқауға болады. Сауалнамада «Назарбаев зияткерлік мектебінен алған біліміздің нәтижесі» деген сұраққа жауап табу болатын. Сауалнамаға қатысушылардың көп бөлігі (37 %) ой – өріснің кеңейгенін білдірді.
Ал бұл кесте бойынша Назарбаев зияткерлік мектебінің орта мектеп жүйелерінен өзінің білім жүйесі бойнша артықшылықтарын көреміз. Себебі, жауап берушілердің көбісі бұрынғы мектебінен Назарбаев зияткерлік мектебінің айырмашылығын білім жүйесінде деп белгілеген. Бұдан келіп шығатын шешім, жай мектептердегі орта жүйе мен, жаңартылған білім беру жүйесінің айырмашылығы орасан зор екендігі.
Бұл бөлімде мен жаңартылған білім беру жүйесінің пайдасын анықтау мақсатындағы алдағы сауалнаманы талдаймын. Сауалнама бойынша, Назарбаев зияткерлік мектебімен орта мектептерді салыстырдым. Нәтижесінде, Назарбаев зияткерлік мектебінің жәй мектептерге қарағанда айырмашылығы білім жүйесінде екені анықталды. Дәлел ретінде, сауалнамаға қатысқан оқушылардың 77% білім жүйесінде деген жауапты белгілеген. Сонымен қатар, көпшілігі білім беру жүйесінің онша қиыншылық туғызбайтындығын білдірген. Оның себебіне назар аударатын болсақ жаңартылған білім беру жүйесін жетік меңгерген ұстаздан тәлім алған оқушыға жаңа жүйе қиындық түсірмейтіндігі айқын. Сол үшінде, жаңартылған білім беру жүйесін енгізу үшін ең алдымен мектеп мұғалімдерінің білімін жетілдіруде. Жаңартылған білім беру жүйесінің тигізер пайдасы оразан зор. Ол оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне көмегін тигізіп, оқушыны дамыта түседі. Мысал ретінде, оқушы айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым сияты төрт жақтан бірдей дами түседі. Яғни, жаңартылған білім беру жүйесі болашаққа пайдасын тигізетін, ой- өрісі кең дамыған, өз бетінше шешім қабылдап ақылын қолдана білетін білікті де бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелейді. Бұл жүйе Джером Брунердің спиральдік қағидатына негізделген. Оның тағы бір айырмашылығы бағалау жүйесінде болып келеді. Жаңартылған білім беру жүйесінің бағалау көрсеткіші критериялық бағалауға сәйкестелген[4]. Критериалды бағалау жүйесінің оқушы үшін ерекше әсерін тигізетіндігі тәжірибелер барысында байқалған. Біріншіден, оқушының білім деңгейі тек шынайылыққа негізделіп бағаланады. Екіншіден, оқушы өз бетімен бір шешімге келіп, тұжырым жасай алады. Үшіншіден, ұстаз үшін қай оқушының қандай деңгейде екендігін байқауға мүмкіндік бересе, ал төртінші әсері оқушылар бір- бірін бағалауға үйренеді. Бесінші әсері ретінде, ата- ана өз баласының қай сабағының төмен екендігіне көз жеткізіп, сол сабағы бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік алады[5]
...