Балалық шақтың сағынышы
Автор: b_dauletiiarova • Сентябрь 21, 2023 • Эссе • 364 Слов (2 Страниц) • 203 Просмотры
Балалық шақтың сағынышы
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға!
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға!
Абай Құнанбаев.
«Мамандықты мақтаныш қылып жүретін,
Мен ұстазбын ұстаздықты жыр еттім» -деп, мен өзімнің ұстаз болғаныма мақтанамын. Ғалым да, шахтер да бас иетін ұстаз болу үшін ең алдымен өз мамандығын сүйе білу керек. Ұстаздық жолды таңдауымның екі түрлі себебі бар деп ойлаймын. Біріншісі - Қараөзек ауылында, №128 мектепте ұстаздық жолда қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан ұлағатты ұстаз Дәулетияр атамның қаны, ал екіншісі - жүрегіме жол таба білген, бастауыш сыныпта оқыған кезімде жас маман болып келген Боранбаева Әлия Өміртайқызы деген ойдамын. Балалық шаққа көз жұмып саяхат жасағанымда үнемі көз алдыма Дәулетияр атамның кітапқа тола бөлмесі және домбырамен күй тартқан кезі, Әлия Өміртайқызының ақ беретка киген бейнесі келеді. Әлия Өміртайқызының басына киген ақ беретка мен мойнындағы шәлісін тағып алып, үзіліс уақытында үнемі ұстаз ролінде болатыным есімде. Мектепке, ұстазға деген құрметім мен махаббатымның жоғары болғаны сонша, үнемі таңертең әжем тезекке нан пісіріп бастаған уақытта мектепке кетіп қалатынмын. Тезек иісі мен әжем, атамның кітаптары мен сарғылт тартқан өлең дәптері және мектеп пен ұстаздар бүгінгі күні балалық шақтың естен кетпес сағынышы.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетін бітіріп, туған ауылыма, бір кездері «Шәкірт» болған №128 мектепке «Ұстаз» болып оралдым. Өз еңбек жолымда он жеті рет алғашқы қоңыраудың соққан үнін естідім. Сол алғашқы соғылған қоңыраудан кейін оқушылармен тығыз байланыста болып, үнемі ізденісте жүрдім. Сабақ беру барысында оқушылардың ішкі жан дүниесін зерттеп, қызығушылықтарын арттыруға тырысып, дос та бола білдім десем артық емес деп ойлаймын. Қараөзек ауылында жұмыс жасап, өмірлік тәжірибе жинадым, өз қоржынымды ұлағатты ұстаздардың ақыл-кеңестеріне толтырдым. Өзіме сабақ берген ұстаздарым Аман ағай, Айша апай, Сарсен апай, Айым апай, Алтын апай, Әлия апай, Айгүл апай, Мұрат ағайларға алғысым шексіз, сонымен қатар бүгінгі күні өмірден өткен Мусабек ағай, Серік ағай, Нұрсауле апайларымды, ол кісілердің сабақ берген күндерін еске аламын. Әрбір жүрекпен жасалған жұмыс, өз жемісін береді деген сенімдемін. Қараөзек ауылында кішкене ғана мектепте қызмет етіп, тау тұлғалы, озық ойлы шәкірттерді тәрбиелеп, қанаттандырған ұстаздарға зор құрмет.
...