Астықты сақтаудың мəселелері
Автор: indiraabay • Март 3, 2021 • Курсовая работа • 6,799 Слов (28 Страниц) • 669 Просмотры
Жоспар:
І. Кіріспе
1.1. Астықты сақтаудың мəселелері
1.2. Астық массасының қасиетінің жалпы сипаттамасы
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Астықты ору жағдайы жəне сақтауға тасымалдау жүйесі
2.2. Астықты қабылдау, орналастыру жəне сақтаудың технологиялық негіздері
2.3. Астықты қабылдау кəсіпорындарында сақтауға дайындаудың технологиялық үдерістері
2.4. Сақтау тəртібінің жалпы сипаттамасы
2.5. Астықты сақтаудың тəртібін орнату үшін қолданылатын технологиялық əдістер мен шаралар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Астықты сақтаудың мəселелері
Астық сақтау саласының негізгі мақсаттары оны сақтауға жағдай жасап, ұзақ мерзім ішінде сандық жəне сапалық шығын жасамай, тұтынушылардың сұранысын дақылдарға жəне оның əр түрлі ассортиментті өнімдеріне деген қажеттігін орындау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін сақтау технологиясын, кешенді ғылымдық жүйенің заңдылықтарын əр түрлі салаларынан: физика, химия, биология, физиология жəне т.б. жетістіктерінен құрастырып, жинақтап адам өміріндегі практикалық атқарылған жұмыстардың нəтижелерін қорытындылап, тиімді іс-шараларын жүзеге асырғанда толық шешіміне жетуге болады. Астық əр елдің байлығы мен дəулетінің өлшемі, жетістігі деп саналады. Дəндер өнімі – біріншіден, тамақ шикізаты, ол өзінің химиялық құрамы жəне тамақтық құндылығымен керемет жаратылыс. Екіншіден, малдардың кұрама жемінің негізгі құраушысы, оның азықтық құндылығының жоғарғы дəрежесін анықтайды. Үшіншіден, ол көптеген тамақ өндірісінің бастапқы шикізаты болып саналады. Оның өнімін өсіру жəне жинап ору белгілі қысқа уақытта өтеді жəне келесі ору науқанына дейін ұзақ сақтауға дайындау қажет. Астық массасының құрамына көптеген компоненттер кіреді. Соның ішінде олар тірі организм ретіндегілер физиологиялық үдерістің жүруінің негізгі арқауы болып табылады. Астық массасының өзгеше физикалық қасиеттері бар. Олардың əсері сақталу қабілетіне көп əсер беруі мүмкін. Бұның бəрі сыртқы əсер беретін факторларға байланысты болады. Оларға температура, ылғалдылық, қоспа қалдықтары жəне сақтау жағдайлары жатады. Бұл факторлардың жағымсыз əсерлері астықты орудан кейін өңдеу (партияларын қалыптастыру, тазарту, кептіру, салқындату) үдерістерін жүргізгенде жəне сақтау ережелерін бұзғанда байқалады.
Орудан кейінгі астықтың құрамында толық пісіп жетілмеген дəндер көп болады. Олардың пайда болу себебі ауа-райының қолайсыз жағдайы, аурулармен зақымдалуы, механикалық жарақаттануы, ору жəне тасымалдаудың жүргізу жағдайлары жəне т.б. Толық жетілмеген дəндердің түрлеріне мыналар жатады: толық піспеген, құрғатылған, ауа үдерісімен мұздатып ісінілген, кене жəндіктермен зақымдалған, фузариоз, головнямен ауырған, ұрылған жəне жаншылған т.б. Толық жетілмеген дəндердің тамақтық жəне технологиялық құндылығы өте төмен келеді. Ондай дəндердің құрамында улы жəне зақымды заттар кездеседі.
Өсімдік өңдеу мен сақтау үдерістерін ұйымдастырып жүргізуге қойылатын міндеттердің қатарына мыналар жатады:
– өсімдік өнімдерін белгіленген уақыт аралығында тасымалдау, транспорт жүйелерінен қабылдау;
– өсімдік өнімдерінің саны мен сапасына байланысты белгілі мақсаттағы партияларды қалыптастыру;
– өңдеу мен сақтау үдерістерін жүргізуде сандық жəне сапалық есептемелерді тексеріп отыру;
– астықтың сандық жəне сапалық жағдайына байланысты тазарту, кептіру, жəне салқындату үдерістерін тиімді жүргізу;
– астық жəне оның өнімдерінің шығынын болдырмау жəне өте аз деңгейге дейін төмендету;
– астықтың сапалық көрсеткіштерінің төмендеуін болдырмау;
– астықтың сапалық дəрежесін жоғарылату;
– тұқымдық қордың сандық жəне сапалық шығынына жол бермеу;
– тұқымның сапалылығын арттыру;
– астық жəне оның өнімдерін сақтауға кететін еңбектік, техникалық жəне ақшалық шығынын көбейтпеу, барынша үнемдеу.
Астық массасының қасиетінің жалпы сипаттамасы
Астық қабылдау кəсіпорындарына дəндерді, бұршақты, майлы жəне басқа дақылдардың жүзге тарта түрлері келіп түседі. Оларды шығынсыз сақтауды ұйымдастыру үшін əрбір дақылдың өзіне тəн ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, түрлік белгілерімен топтастырып қарастыру керек. Мұндай топтастыру астықтың сақтауға төзімділігін арттыру үшін қолданылатын технологиялық əдістердің жалпы принциптерін дұрыс орындап, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
...