Үндесім дауыстылардың фонологиялық сипаты
Автор: Нуртилек Кайруллаев • Сентябрь 12, 2021 • Реферат • 1,565 Слов (7 Страниц) • 553 Просмотры
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Реферат
Тақырыбы: Үндесім дауыстылардың фонологиялық сипаты
Пән: Қазіргі қазақ тілі фонетикасы мен лексикологиясы
Дайындаған: Қайруллаев Н.Ж.
Тобы: ҚТӘ-13
Қабылдаған: Сисенбаева Р.Ж.
2020-2021 оқу жылы
Жоспар
Қазақ тіліндегі үндесім құбылысы
Үндесім дауыстылардың фонологиялық сипаты
Дауыссыз дыбыстардың үндесім түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қорытынды
Қазақ тілі дыбыстары жіктелімдерінің негіздеріне жасалған талдауызмыздың нәтижелерін қысқаша қорытындыласақ, онда төмендегідей тұжырымдауға болады.
Кеңестік кезеңге дейін зерттеулер негізінен орыс ғалымдарының еншісінде болды. Олардың еңбектерінің фонетика тарауларында айта қаларлықтай жаңалықтар болмады, көбіне олар өздері айтқан мәселелерді қайталап отырды. Қазақ тілі дыбыстарын орыс және басқа түркі тілдерінің материалдарымен салыстырғанымен, қазақ тіліне тән біраз заңдылықтарды анықтағандарымен, дыбыстардың сандық және сапалық жақтарын толық анықтай алған жоқ. Кейбір қазақ дыбыстары вариант ретінде түсінгендері де болды ( Мысалы, Ильминский ), «у, и» дыбыстарын аралық дыбыстар деп сонор дыбыстардың тобына енгізбеу және «л» сонорының сөзде жуанды – жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дербес фонема деп тану (мысалы Радлов), «л» фонемасының фонематикалық қасиетін теріс түсіну (мысалы Мелиоранский). Сондай-ақ, орыс зерттеулері қазақ тілінің дыбыстық құрылысын белгілі жүйеге салып әржақты талдаған жоқ.
Тілімізді жан-жақты үш түрлі жіктеуде қарастыру және олардың негізді жіктелімін жасау кеңестік дәстүрден басталады. Арнайы зерттеулердің басында А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов тұрды. Алғашқы зерттеулер де осы екі ғылымның атымен байланысты. Бұл ғалымдар өздерінің зерделі зерттеулерінің нәтижесінде қазақ тіл білімінің басқа салаларымен қатар, фонетикасының да мәселелерін зерттейтін мәселелерін анықтап, дыбыстау мүшелері, дыбыстар саны мен сапасы, буын, сингармонизм, екпін альфавит, орфография, терминология т.б. мәселелерге байланысты тұжырымды пікір айтып, тұңғыш қазақ фонетикасының ғылыми негіздерін жасады.
Қазіргі зерттеу еңбектерінің де, қазақ тілі дыбыстарының жіктелімі негіздеріне алынған еңбектер де А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбановтың зерттеулері болып табылады.
Қазіргі күнге дейін негізгі міндеттерінің бірі болып табылатын тіліміздегі дыбыстардың саны мен сапасын әркім әр түрлі анықтап жүр. Қ. Жұбанов пен А. Байтұрсынов қазақ тілі дыбыс құрылысын фонологиялық тұрғыда зерттеп, оның ғылыми проблемаларының шешімін таба білді.
Қазақ тілі дыбыс жүйесін зерттеу жүйесіне айтарлықтай үлес қосқандардың қатарына Х. Досмұхамедұлы, Е. Омаров, Т. Шонанұлы т.б. сияқты қазақ зиялыларын жатқызуға болады. Олар фонетикалық көптеген мәселелері жөнінде де пікір білдірген. Дегенмен А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов ізденістері нәтижесінде қазақ фонетикасының ғылыми – теориялық негізі жасалды, тіл білімі, соның ішінде фонетикалық терминологиясы қалыптасты.
Қ. Жұбанов өз ілімінің А. Байтұрсыновтың фонетикалық көзқарастарымен сабақтастыра отырып, қазақ тілінің дыбыс жүйесін ғылыми – теориялық тұрғыдан зерттеледі. Тіліміз дыбыстарының жасалу жолдары мен дыбыстау мүшелерінің физиологиялық қызметін ажырата көрскетті, олар туралы фонетикалық заңдылықтарды тұжырымдады.
Қазақ тілі дыбыстарының басталуында тұрған А. Байтұрсынов және Қ. Жұбанов дыбыс пен фонемаға түсінік беріп, тіліміздің дыбыс жүйесін фонетикалық тұрғыдан зерттеу нәтижесінде қазақ тілінің дыбыстық құрамын, саны мен сапасын анықтады, акустикалық құбылыстарды ажыратты.
...