Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

"Көш" ұғымының сипаты

Автор:   •  Январь 22, 2020  •  Статья  •  2,781 Слов (12 Страниц)  •  699 Просмотры

Страница 1 из 12

«КӨШ» ҰҒЫМЫ: КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕГІ СИПАТЫ

Симбаева С.,

«Тұран-Астана» университетінің доценті, ф.ғ.к, Нұр-Сұлтан қ.

Salima.Simbaeva@mail.ru

Түйін: Мақалада көш ұғымының қазақ тарихында аалатын орнына, мәніне баға берілген. Оның лингво-этнографиялық сипаты ашылғын. Нақты мысалдар арқылы көркем әдебиеттегі қолданысы көрсетілген. Көштің түрлері, сипаты берілген.

Кілтті сөздер: көш, көш түрі, этнос, халық, тарих.

Резюме: В статье дана оценка роли миграции в жизни казахов, раскрыт лингво-этнографический характер значения этого слова. По конкретным примерам показаны особенности характера и типы их применения в художественной литературе.

Ключевые слова: этнос, народ, история,миграция

Summary: The article reveals the role of the notion “Kosh”in Kazakh history, and its meaning was evaluated. Moreover, its linguistic and ethnographic character was revealed with certain examples. In general, there has been given types and pecularities of “Kosh”.

Keywords: ethnos, people, history, migration

Жер шарындағы ең ұзақ көштің бұйдасын ұстаған қазақтардың Алтайдан басталған көш керуені Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға жеткені, одан бүгінгі Еуропа қазақтарын қалыптастырғаны бәрімізге аян. Десе де, осы көштің қалай басталғаны, оның қалай қанды жолдарды басып өткені жайында аса көп біле бермейміз [1, 2]. Міне, бұл пікір біріншіден, қазақ болмысынан сыр шертсе, екіншіден халық тарихындағы көш ұғымының алатын орнын айғақтайды. Сол сияқты бірде «ұлы көш», бірде «қаралы көш», бірде «соңғы көш», бірде «салтанатты көш» сипатында көрініс ала отырып, үлкен мәнге ие.

Жалпы «көш» ұғымының адамзат үшін алатын орны ерекше. Себебі ол - күнкөріс көзі, өмірді сақтап қалу тәсілі, жақсы тұрмыс іздеудің жолы. Бұл ұғым адамзатпен бірге туып, біте қайнасып кетті десек, қателеспеген болар едік. Ал қазақ ұлты үшін орны тіпті ерекше.

Уикипедия - ашық энциклопедиясында: КӨШ – көшпелі ортада адамдар тобының немесе этникалық ұжымның белгілі бір мақсатқа байланысты жолға шығу үрдісі. Көшпелі тіршілікті ұйымдастырудың ең басты элементерінің әрі тәсілдерінің бірі болып табылады.

Тарихи-этнографиялық деректерге және әдеби-тілдік зерттеулерге қарағанда, жыл он екі ай көшіп-қонып жүрген қазақ арасында көштің бірнеше түрлері болған. Атап айтатын болсақ, ауыл көші, қыз көші, келіншек көші, т.б. Ал қазақ тарихында бұл аталған көштерден басқа бірнеше түрі бар. Соның көпшілігі халықтың өмірін сақтап қалу жолындағы күресі, жансауғалау тәсілі ретінде көрінеді. Сондай көштің бірі – үркін көш.

Үркін көш. Қазақ әдебиетінде бұл ұғым туралы түрлі пікірлер бар. Үркін көш деп (ауылдың, тіпті рудың) белгілі бір саяси, әскери жанжалға байланысты, сондай-ақ, аса қауіпті індет шыққанда елдің мезгілсіз уақытта аяқ астынан көшуін айтады. Бұл жаугершілік заманындағы жаудан құтылу, тұтқиылдан жасаған шабуылдан қашу үшін зұлмат, қуғын-сүргін заманында жиі орын алған. Ал қатерлі ауру тарағанда ауру адамдарды қалдырып көшіп, індет тараған аймақтан ұзап кетуге тырысқан. Мұндайда ауыл-аймағымен берілген дабыл бойынша аз уақыттың ішінде үдере көшеді. Ондайда сән-салтанат жоқ, жанды аман алып қалу үшін малды жеделдете айдап жүреді. Мұндайда артық жүктерін жұртқа қалдырып, мүмкіндік болса көмбеге көміп кеткен. Мұндайда суыт жүріске ілесе алмайтын малдар да қалдырылған [2].

Халқымыз этнос ретінде тарих сақнасына шыққан күннен бастап үркін көшін бірнеше мәрте басынан өткізді. Соның барлығы рухани мұрамыз – әдебиетімізден көрініс тауып отырған. Соңғы ұрпаққа да әдеби мұра арқылы жеткен. Себебі тарихшылардың дәлелді пікір, бұлтартпас айғақтарының ғылым үшін аса қажеттілігін ешкім жоққа шығара алмайды. Ал шежіре мен тарихтың көпшілікке кең таралуы әдебиеттің үлесіне тиеді. Әдебиет сезімді селт еткізер сөз құдіреті арқылы ғалымға

...

Доступно только на Essays.club