Өзара қарым-қатынастар мазмyнынын психологиялык сипаты
Автор: Asemasemgul • Декабрь 5, 2019 • Статья • 2,815 Слов (12 Страниц) • 576 Просмотры
УДК15
ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР МАЗМҰНЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Малибаева А.М., педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр (М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
Кабдрахманова А., «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс студенті
Кез-келген мемлекеттің стратегиялық мәселесінің бірі өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі болып саналады, олар ел алдында пайда болған кез келген мәселені өз бетінше шешуге қабілетті болулары керек. Бұл тіршілік әрекетінің белсенді субъектісі болуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас мәдениеті жоғары деңгейде болғанда ғана мүмкін болады. Сондықтан, өзін-өзі басқару процесінің маңызды құрылымы ретінде тұлғаның өзара қарым-қатынастарының тиімділігін қалыптастыру шарт.
Қарым-қатынастың тиімділігі мәселесі күннен-күнге өзекті болып келеді. Ол көптеген психологтардың еңбектерінде жете зерттеліп келуде (Кузин Ф., Золотнякова А.С., Кон И.С., т.б.). Сонымен қатар өзінше бағыт алып келе жатқан әлеуметтік ортадағы қарым-қатынастың мәселесі де кеңінен зерттелінуде (Кузьмин Е.С., Ковалев А.Г., Гришина Н.В.) [1].
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «... жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады», - деп атады [2].
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Белгілі бір қоғамда, әлеуметтік ортада, топта қабылданған мінез-құлық үлгілерін, адамгершілік сапаларды, этикалық құндылықтар мен нормаларды жас ұрпақ бойында сіңіру олардың әлеуметтену сапасының нәтижелі болуына ықпал етеді.
Қарым-қатынас ұғымы, әлеуметтік психологияның кез-келген ұғымдары сияқты, көптеген зерттеушілермен қарастырылған және әр түрлі түсіндірілген. Қарым-қатынас адамдық өмір сүрудің, соның ішінде еңбек іс-әрекетінің қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас қаншалықты әлеуметтік құбылыс болса да, соншалықты жеке даралық құбылыс. Сондықтан да қарым-қатынастың ең маңызды құралы - тілде, оның жеке даралық көрінісі мен механизмі болып табылатын – сөйлеуде, әлеуметтік пен жеке даралықтың бір тұтастығында көрінеді. Қарым-қатынас тек тіл арқылы әрекеттесу ғана емес, ол аса маңызды тәрбие құралы да болып табылады.
Адам өмір сүру барысында міндетті түрде басқалармен қарым-қатынаста болады. Ал, осы қатынас ең әуелі әдептен басталады. Әр адам сөзін «сіз» деп бастап, сол адамға деген құрметті білдіреді. Сонымен қатар адам аңғалдық жасап, ыңғайсыз жағдайға кездессе «кешіріңіз, ғафу етіңіз, рұқсат па?» деген сөздерді айтады. Осылайша, әр адам – әлеуметтік құбылыс ретінде нәтижелі байланыстар орнатуда «сауатты» түрде қарым-қатынас ұйымдастыра білуді үйренеді. Ол үшін өмір сүріп отырған қоғамда қабылданған тәртіп, ережелерді сақтау керек. Ең бірінші, қарым-қатынаста адам өз көңіл-күйін, эмоциясын басқара білуі керек.
Қарым-қатынас барысында:
- тәртіптің «негативті» үлгілерінен алшақ болу;
- сөйлеушіні тыңдай білу;
- алғыс, ризашылық білдіруге талпыну;
- сөйлеушіні жеке тұлға ретінде қабылдау;
- қарым-қатынаста шынайы болу.
Психологиялық тар мағынада қарым-қатынас адам арасындағы байланыстың қойылу нәтижесі және процесі ретінде немесе субьектілердің түрлі белгілер жүйесі арқылы өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі.
Қарым-қатынас бірнеше түрлерге бөлінеді, олар кері байланыс ерекшелігі бойынша анықталады. Қарым-қатынас жанама және тікелей, тұлғааралық және бұқаралық болады. Тікелей қарым-қатынас – табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық байланыс, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы. Жанама қарым-қатынас индивидтер бір-бірінен уақыт бойынша немесе қашықтық бойынша алшақталған жағдайларда өтеді, мысалы, субьектілер телефон арқылы сөйлеседі немесе бір-біріне хат жазады. Жанама қарым-қатынас толық емес психологиялық байланыс болып табылады. Бұнда кері байланыс күрделенген. Жанама қарым-қатынас та екі субьектілер арасында және топта жүзеге асады.
...