Қаныш Сатбаевтың рухани әлемі
Автор: Rinat0156 • Январь 24, 2023 • Доклад • 489 Слов (2 Страниц) • 576 Просмотры
Математика мұғалімдерін даярлау
М21-1 тобы
Алтай Ринат Жасұланұлы
«Қаныш Сатбаевтың рухани әлемі»
1899 жылы 12 сәуірде қазақ жерінде тау-тастарды аралап, түрлі тас жинағанды ұнататын ерекше бала дүниеге келді. Оның есімі Ғабдулғани – (арабшадан аударған кезде, шексіз байлық иесі, ешкімге мұқтаж емес Алланың құлы деген мағынаны береді.) Анасы оны Ғани, Ғаныш деп еркелете келе, Қаныш аталып кеткен. Қаныштың алғырлығы сонша ауылдың 4 жылдық мектебін 2жылда бітірген. Бұл оның білімге, ғылымға деген қызығушылығын көрсетеді,
Қ.Сатбаев өнердің барлық саласында озық болған, музыкаларды тыңдағанды ұнатқан және биді де ұнатқан. Имантайұлының алғашқы қазақ мектептеріне арналып, қазақ тілінде жазылған, “Алгебра” оқулығының авторы. Алғашқы ғылыми еңбегіне жататын оқулықтың мөлшері 1642 беттен тұрған. Осы еңбек ана тіліндегі алгебрадан, алғашқы мектеп оқулығы болып тарихке енген болатын.
1947 жылда наурызда Қаныш Сатбаев КСРО Жоғары Советінің делегация құрамында болып, Англияға барған. Сапар барысында қазақ ғалымын алғаш көрген Ұлыбританияның әйгілі, даңқты саясаткері Уинстон Черчилль зор денелі Қаныш ағаға тесіле қарап тұрып, “қазақтардың бәрі сіздей алыппа?“ деп сұраса керек. Сонда Қанекен: жоға о недегенініз Черчилль мырза олай емес, мен қазақтардың ішінде ең кішкентайымын, халқым мененде биік деп жауап берген екен. Сонымен қатар Қаныш Сатбаев қазақ археологиясының бәйтерегі, ғалым Әлкей Марғұланды қуғын сүргін азабынан құтқарып, Алматыдағы КСРО-Ғылым академиясына жұмысқа алады. Ары қарай бірге қызметтер атқарып, археологияменде айналысуға кеңес берген. Қазақтың жанға бітпес алыптары Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезов дос болған. Ұлы жазушы мен дара ғалым Семейдегі семинарияда бірге оқыған. Қаныштың көзін көрген ақсақалдардың айтуынша, екеуі бір жатақханада, бір пәтерде тұрған. Жастайынан бір-бірін дәл басып таныған, қос дараның арасындағы адал достық соңғы сәтке дейін жалғасын тапқан.
...