Түркі дүниетанымындағы Тәңірі бейнесі
Автор: adokadok • Июнь 2, 2019 • Курсовая работа • 10,267 Слов (42 Страниц) • 553 Просмотры
1 ТҮРКІ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ТӘҢІРШІЛДІК СЕНІМІ.......
1.1 Түркі дүниетанымындағы Тәңірі бейнесі
1.2 Тәңіршілдіктіктің болмысындағы басқа да наным-сенімдер..........
1.3 Бақлысық және оның арғықазақ қоғамындағы рөлі........................
1.4 Бүгінгі қазақ қоғамындағы тәңіршілдік сенімінің көріністері
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында Қазақ халқының дәстүрлі және қазіргі діни-наным түсініктерін, дәлірек айтқанда протоқазақтардың алғашқы наным-сенімі болып табылатын Тәңіршілдікті этнографиялық деректемелерді негізгі бағдар ете отырып жан-жақты зерттеледі. Хақ дін Исламның қазақ жеріне келуі мен қазақ мәдениетінің, дамуына тигізген ықпалын жан-жақты баяндалды.
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің азаттыққа қол жеткізгеніне жиырма жеті жылдың жүзі де толып, өрісіміз кеңейіп, өткеніміз жанданып, ұзақ жылдар қол үзіп қалған ұлттық құндылықтарымызбен халқымыз қайта қауышып жатқан жайы бар. Қазақ қоғамы бұрын-соңды болмаған елеулі өзгерістер мен әлеуметтік трансформациялануды бастан кешіп, егеменді еліміздің азаматтарының дінге, рухани құндылықтарымызға деген құштарлығы күн санап артып келеді. Тотолитарлық билік пен атеизм салтанат құрған Кеңес дәуірінде рухани саламыз жойқын зардап шегіп, халық руханиятына үлкен зардап тиген болатын. Осындай қиын кезеңдерде халқымыз ата дінінен алыстап, тарихта жеке басқа табынушылық кезеңін де басынан кешірді. Ата-бабаларымыз аңсаған азаттыққа қол жеткізіп, тарихымыз, діліміз бен дініміз қайта жанданып, өшкенімізді қайта көтеріп, зерттеуге ұмтылудамыз. Қазақ руханиятына теңіздің тамшысындай болса да өз үлесімді қосамын деген тарихшылар, дінтанушылар мен ұлт жанашырлары халқымыздың дүниетанымы мен діни-нанымдарын зерттеп, жаңаша көзқарастар қалыптастырып, көптеген іргелі еңбектерді дүниеге әкеліп жатыр.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында: «Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі буындай байланысы ешқашан үзілмеген.
Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз.
Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.
Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді.
Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды.
Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек.
Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз», – деп ұлттық құндылықтарымыз бен руханиятымызды жаңғыртудың жарқын бағдарын біздерге көрсетіп берді [1, 2 б.].
Жер шарын мекен еткен халықтар қай дәуірде болмасын белгілі бір діни наным-сенімнің иесі болған. Діни наным-сенім халықты халық етіп қалыптастыратын, тарихы, рухани-мәдениеті мен саяси өміріне әсер ететін негізгі фактор болып табылады. Сондықтан да, дін тарихын білмей жер шарының түкпір-түкпірін мекен еткен халықтардың мәдени болмысы мен руханиятының қыр-сырын терең танып білу әсте мүмкін емес, сонымен қатар кез келген халық мәдениетінің рухани бастауларын, дүниетанымын, ұлттық ерекшелігі мен әлемдік руханиятқа қосқан үлесін терең зерттеп, зерделеуде діннің алар орыны ерекше.
...