Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Материктік платформалардың ірі бедер пішіндері

Автор:   •  Февраль 6, 2018  •  Реферат  •  612 Слов (3 Страниц)  •  2,449 Просмотры

Страница 1 из 3

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География және табиғатты пайдалану факултеті

География,жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

[pic 1]

СӨЖ

Тақырыбы: Материктің ірі бедер пішіндері.

Орындаған: Тұранова Д.М

Тексерген: Құсайынов С.А

Алматы 2017 ж

Жоспар

Кіріспе

I. Негізгі бөлім

I.1 Материктік платформалардың ірі бедер пішіндері (мегапішіндер)

  1. Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері
  2. Жас платформалар аумағындағы бедер пішіндері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

      Жер планетасының қойнауында ерекше геологиялық құрылыстарымен сипатталатын өте ірі құрылымдық элементті материк (континент) деп атайды. Жердің геологиялық даму барысында оның сыртқы қабаттарының физикалық – химиялық жєне гравитациялық бөлшектенуінің нәтижесінде қалыптасқан материктер күрделі құрамды гетеротекті денелер жиынтығы іспетті. Материктер өңірінен көрініс беретін ірі – ірі геологиялық құрылымдар болмысы басты – басты екі түрге, яғни платформаларға және геосинклиндерге бөлінеді.

     Құрылысы әр түрлі платформалар мен геосинклиндік аймақтардың дамуы, жер бедерінің түпкілікті айырмашылығын анықтайды және материктер аумағындағы морфоқұрылымдардың екі негізгі типін, яғни платформалық және геосинклиндік аймақтар геологиялық құрылысы, дамуы, жасы және тектоникалық белсенділігі жағынан әр түрлі болады. Мұндай айырмашылықтар олардың  әр реттегі морфоқұрылымдарының типтерінде өз көріністерін табады.

I.1 Материктік платформалардың ірі бедер пішіндері (мегапішіндер)

    Платформалар – біршама салғырт тектоникалық режимімен сипатталатын материктік өңірдің басты құрылымдық элементтерінің бірі. Мұнда вулканизм құбылыстары жоқ, сондықтан оларды шамалы сейсмикалық әрекеттілігімен ерекшеленетін аймақтар, үстірттер, қырқалар, денудациялық жазықтар, қыраттар мен Балтық жєне Сары Теңіз типтес қайраңды теңіздер алып жатыр.

    Жоғарыда айтылғандай, материктік платформалардың жасы әр түрлі болады.   Мәселен, кембрийге дейінгі Сібір платформасының солтүстік – шығыс бөлігін жиектеген таулы белдем мезозой кезінде ғана платформа болып қалыптасқан. Бұдан бұрын бұл платформалы өлкелер қарқынды эндогендік процестер орын тепкен, яғни белсенді тау түзілу процестерінің аймақтары болатын.

      Кейбір материктік платформалар аумағындағы қалқандар (щиты) дамыған өлкелерде ежелгі қатпарланған құрылыстардың қалдығы ретінде “қалдыќ таулар” сақталған. Сонымен қатар ұзақ уақыт тектоникалық тыныштықта болған ежелгі платформалардың кейбір бөліктері неотектоникалық кезеңде неодеформацияларға ұшырап, олардың орнында жаңарған таулар, яғни эпиплатформалық таулар пайда болған. 
   
Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері. Кембрийге дейінгі ежелгі платформаларға Оңтүстік Америка Африка – Арабия, Үндістан, Австралия, Солтүстік Америка, Шығыс Еуропа, Сібір, Солтүстік Қытай, Оңтүстік Қытай платформалары жатады. Егер бұл айтылған платформаларды планда тектоникалық және гипсометрлік карталармен салыстырсақ, онда материктердің біршама бірдей тегіс келген, төмен түскен немесе сәл көтеріңкі келген алқаптарды осы платформаларға сәйкес келеді. Бірақ бедердің сипаты бұл кеңістіктерде бірдей болып келмейді.

...

Скачать:   txt (9.8 Kb)   pdf (135.4 Kb)   docx (35.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club