Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива

Автор:   •  Февраль 12, 2024  •  Реферат  •  337 Слов (2 Страниц)  •  295 Просмотры

Страница 1 из 2

2 тақырып. Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива

1 Дін: негізгі түсініктер. Дінді әлеуметтанулық талдау

 2 Дін және әлеуметтік теңсіздік.

 3 Мәдениет әлеуметтануы. Мәдени алуан түрлілілік.

Әдістемелік кеңестер.

 Бірінші сұрақ бойынша

- Дін әлеуметтануы ғылыми пән ретінде ХІХ ғасырдың ортасында бастау алды. Дін қоғамның ажырамас бөлігі. Э. Дюркгейм «Діни өмірдің қарапайым түрлері» (1912 ж.) атты еңбегінде, адамдар өз өміріндегі қоғамдық билікті мойындағаннан гөрі дінге сенуді жөн санайды дейді. Қоғамдық өмірді қолдай отырып, оның құрылымы мен нормаларын бейнелейді. «Біз өзіміз ойлап таппаған тілде сөйлеп, өзіміз шығармаған құралдарды пайдаланамыз... Өркениеттің мұндай сыйын біз қоғамнан аламыз» – деген Э. Дюркгейм.

Г.Спенсер, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Р.Мертонның көзқарастарына және діннің қоғамдағы рөліне талдау жасаңыз.

  Екінші сұрақ бойынша:

 - Қарастырылып отырған арақатынастың маңызды бір тұсы– белгілі бір әлеуметтік таптар мен дін жүйелерінің арасындағы өзара байланыстың болуына назар аударыңыз.

Діннің әлеуметтік бөлініске және теңсіздікке қандай қатысы бар? Әлеуметтік бөлініске діндік легитимділік берудің мысалдары бар ма? Р.Беллдің діни жүйелерінің жіктелуін талдаңыз. Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтерін анықтаңыз. «Сословие, таптар, дін» мәселесі қарастырылған Вебердің «Әлем діндерінің шаруашылық әдебі» еңбегін қарастыру қажет. Қоғам мен дін арасында қандай қарама-қайшылықтар туындайтынын айқындаңыз.

Үшінші сұрақ бойынша:

 - дайындықты «мәдениет» және «өркениет» терминдерін түсіндіруден бастаған жөн, осыдан кейін кең мағынасында мәдениет – бұл қоғамда жасалған материалдық және рухани құндылықтардың толықтай бір жүйесі екені жайлы қорытындыға келу қажет.

Қоғамның өзі де бірнеше таптарға және әлеуметтік топтарға бөлінгені тәрізді мәдениеттің де алуан түрлі салалары мен бағыттары бар. Осылайша, мәдениетті кім жасағаны, оның сипаты мен кімге бағытталғанына байланысты шартты түрде мәдениеттің үш деңгейін бөліп қарастыруға болады: элиталық мәдениет, халықтық және бұқара мәдениет.

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (57.9 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club