Дінтанудың пәні және мазмұны
Автор: 87026807409 • Сентябрь 30, 2018 • Реферат • 3,892 Слов (16 Страниц) • 1,443 Просмотры
Тақырып: Дінтанудың пәні және мазмұны
1. Діннің анықтамасы. Дін туралы жалпы түсінік.
2. Діннің құрылымы меннегізгіәлементтері.
3.Діннің қоғам өмірінде атқаратын қызметтері (функциялары).
4. Діннің жіктелуі: тарихи типтері мен түрлері
.Қазіргі кезде қоғамдық өмірде демократияландыру саясатына сәйкес дінге, діндарларға, діни ұйымдарға байланысты бұрын жіберілген ағаттықтар түзетіліп, дінге қатысты зайырлы мемлекетке сай толеранттылық, дінаралық келісім саясаты жүргізіліп отыр. Дегенмен де соңғы кездері еліміздегі дін саласындағы еркіндікті пайдаланып, қоғамымыздағы тыныштық пен тұрақтылықты бұзуға бағытталған іріткілік іс-әрекеттерге барып отырған түрлі діни-радикалдық топтар мен діни-әкстремистік ұйымдар да баршылық. Сол себепті де студент жастардың теріс пиғылдағы діни ағымдардың ықпалына беріліп кетпеуі үшін олардың дін туралы түсініктері мен сауаттылығын арттыру мақсатында дінтану пәнін оқыту маңызды міндетке айналып отыр. Дін - әлемдік өркениеттегі барлық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Дін дегеніміз – дүниедегі түрлі табиғи және әлеуметтік құбылыстарды ең жоғарғы жаратылыстан тыс күш иесі – жаратушы құдайдың құдіреті арқылы түсіндіретін қоғамдық сананың ерекше формасы.Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және әтнологиялық ( грек тілінде ethnos – халық, logos – ілім ) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология (көне грек тілінен teos – құдай, logos – ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio – мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам және жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді .
Дін – қоғамдық құбылыс. Дін әрбір адамға таныс сөз (латынша religio – байланыс деген мағынаны білдіреді). «Дін дегеніміз не?» деген сұрақ көп уақыттан бері адамдардың арасында үлкен пікір таласын туғызып келеді. Осы пікір таласының негізінде дүниеге көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр. Діни тұжырым барлық діни-теологиялық және діни-философиялық әдебиеттерде қарастырылған.Оның негізгі идеясы - дүние құдірет күшінен туындайды , ол түрліше: «құдай», «жаратушы», «абсолют», «әлемдік рух», «абсолюттік идея», «трансценденттік» деп аталды. Мұндай көзқарас теологтар мен объективті идеалистерге тән. Көптеген теологтардың пікірінше , дін адаммен қатар пайда болған. Библияда құдай Адам мен Еваны жаратты , кейін олар құдайға құлшылық ете бастады , келесі ұрпақ та осыны қайталады деп уағыздалады . Ал маркстік тұжырым оны әлеуметтік құбылыс деп қарастырады, сол себепті діннің пайда болып, оның ары қарай дамуына жағдай жасайтын қоғамдық қатынастарды зерттеп, нақтылы тарихи жағдайларды есепке алу қажет . Дінді шын мәнінде ұғыну үшін, марксизм діннің шығу «көзін» адамдарға діннің қажеттілігін туғызған қоғамдық жағдайлардан іздейді.
2.Діннің басты белгісі – жаратылыстан тыс күшке, құдіретке наным . «Құдірет» діндарлар мен діни ғұламалардың пікірінше ешқандай материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды, ол объективті өмір сүреді. Ғылым теологиялық көзқарасқа қарсы құдірет объективті түрде өмір сүрмейді деп, оны адам санасының құбылысы, белгілі бір бейне , идея, ұғым деп қарастырады. Дін - күрделі құрылым, ол мынадай құрамдас бөліктерден (әлементтерден)тұрады: 1)діни түсініктер; 2)діни іс-әрекеттер, яғни табыну, сиыну жоралары (ғибадат); 3)діни сезімдер, көңіл-күйлер; 4)діни ұйымдар.
Діни түсініктер дегеніміз – жаратылыстан тыс күшке сенімнен туындаған идеялар, бейнелер мен пікірлердің жиынтығы. Оларға жататындар: жаратушы және дүние мен адамның
...