II—кіші тобының балаларына арналған дидактикалық ойындар
Автор: Saltanat1995 • Март 31, 2018 • Реферат • 654 Слов (3 Страниц) • 2,617 Просмотры
II—кіші тобының балаларына арналған дидактикалық ойындар:
- «Сиқырлы сағат».
- «Қуыршақ Сәулені жуындыру».
- «Тазалыққа не керек?»
- «Қуыршаққа шай беру».
- «Қуыршақ Әйгерім серуенге барады».
- «Мөлдір су».
- «Қуыршақтың шашын тарау».
- «Сиқырлы тіс щеткасы».
- «Ауырып қалған қуыршақ».
- «Көпіршіктер».
«Сиқырлы сағат».
Ойынның мақсаты: Күнделікті режим туралы балалардың көзқарасын қалыптастыру. Өз денсаулығын сақтау және нығайту үшін режимдік сәттерді маңыздылығын үйрету.
Ойын барысы: Балалар үстел үстіндегі тиісті суреттерді таңдап, оларды сағат тілі бойынша күннің уақытына сәйкес келетін әрекеттің кезектілігімен қояды.
[pic 1]
«Қуыршақ Сәулені жуындыру».
Ойынның мақсаты: Балалардың жеке гигиеналық заттардың дұрыс атауын үйрету; олардың қолданыстарын көрсету; балалардың белсенділігін дамыту. Балалардың бойында жанашырлық сезімін тәрбиелеу, мейірімділікке, көмек көрсетуге ниеттендіру.
Ойын барысы: Тәрбиеші біз қуыршақ Сәулені жуындырамыз. Алдымен жуындыруға арналған заттарды дайындаймыз. Балалар бірінші жеке гигеналық заттардың атайды, олардың қолдану аясын, қуыршақ Сәулені ваннаға салып жуады. [pic 2]
«Тазалыққа не керек?»
Ойынның мақсаты: Балалардың гигиеналық заттар туралы білімдерін кеңейту және олардың қолдану аясын түсіндіру.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға айтады сендер тазалыққа арналған заттарды қаншалықты білетіндерінді тексеріп көрейік:
Мен «Қолдар» дегенде. Қолды жууға арналған заттарды атаймыз: Сабын, сүлгі. Сол сияқты «Шаш» дегенде. Шашқа арналған тазалық заттарын атайды: тарақ, қайшы, орамал, сусабын.
[pic 3]
«Қуыршаққа шай беру».
Ойынның мақсаты: Балалардың үстел үстіндегі, тамақтану барысындағы ыдыс-аяқтардың (кесе, қасық, тәрелке, салфетка)қолдану реттілігін қарау. Балаларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.
Ойын барысы: Тәрбиеші: балалар бізге қонаққа қуыршақтар келді. Оларды үстел үстіне отырғызып, шай берейік.Балалар қуыршақтарды отырғызып үстел үстіне тиісті ыдыс-аяқтарды қойып, қуыршақтарға шай құйып береді. Балалар ауысып ойын жалғаса береді.
[pic 4]
«Қуыршақ Әйгерім серуенге барады».
Ойынның мақсаты: Балалардың бойында серуенге шыққанда киетін киімдердің реттілігін қадағалау.Балалардың бойында өз-өзіне көрсету дағдыларын бекіту.
Ойын барысы: Тәрбиеші: Балалар қуыршақ Әйгерім серуенге барады. Қуыршаққа серуенге бару үшін киінуге көмектесейік. Дала өте салқын.
Балаларға шкафтардың ішінен киімдерді алуға ұсынады (бас киім, сырт киім, аяқ-киімдері). Тәрбиеші әр киімді алып балаларға көрсете отырып қуыршақты киіндіреді. Балалардың білімдерін бекіту мақсатында басқа қуыршақтар алынып, ойын жалғасып,балалар өз бетімен қуыршақты киіндіреді.
[pic 5]
«Мөлдір су».
Ойынның мақсаты: Балаларға судың денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру. Оны пайдаланудың ережелерін түсіндіру. Суды ұқыпты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Ойын барысы: Тәрбиеші:балаларға екі қуыршақты көрсетеді. Қуыршақтар тамақтанғысы келетінін айтады, бірақ олардың қолдары кір. Тәрбиеші: балалардың сұрайды не істеу керек?- қуыршақтың қолын жуу керек.
Балалармен бірге суға жақындап:
Ойын- жаттығу
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаңсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
...