«Қызық екен» интеллектуалды ойыны
Автор: Madina87 • Февраль 22, 2022 • Доклад • 2,763 Слов (12 Страниц) • 979 Просмотры
[pic 1]
«Қызық екен» интеллектуалды ойыны
Жастар – 2022жыл
[pic 2]
[pic 3]
«Қызық екен» ойынының жүргізілу жоспары
Музыка қою керек жүргізуші сырттан кіріп келеді, көтеріңкі көңіл-күймен қолын көтеріп барлығымен амандасады.
Жүргізуші: Армысыздар қызық екен ойынына қатысушылар және жанкүйерлер!
Жүргізуші: Құрметті әріптестер қазір «Сиқырлы қоржын» әдісі арқылы сіздер екі топқа бөлінесіздер. Содан кейін ойынымызды бастаймыз. Сиқырлы қоржын ішіне қолдарыңызды салып бір конфеттен аласыздар. (Қоржынды алып шығамыз).Енді «ярче» тобы оң жақ қатарға, ал «маска» тобы сол қатарға отырыңыздар. Екі қатардан үш адамнан сайыскерді таңдап шығарайық. Топ басшысы өз командаларыңызыды таныстырып өтіңіздер.
Жүргізуші: Ендігі кезекте мен сіздерді ойын шартымен таныстырамын.
- Ойынға екі топ қатысады, әр топта үш сайыскерден болады және жанкүйерлерден құралады.
- Ойын барысында 12 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Екі топ кезекпен ұяшық таңдайды да сол ұяшықтағы сұрақтарға өзара ақылдаса отырып жауап береді.
- 11-ші және 12-ші сұрақтар жанкүйерлерге беріледі.
- 13-ші сұрақ шешуші сұрақ, яғни кімнің ұтқанын шешеді.
- Тақтада ұяшықтардың сұрақтары ілінген. Ұяшық таңдаған соң тақтадан сол ұяшықтың сұрақтарын алып оқимыз. Әрбір жауаптан соң интерактивті тақтадан сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіп отырамыз.
Енді жанкүйерлерімізді санаймыз. «Ярче» тобында 15 жанкүйер, ал «маска» тобында 16 жанкүйер бар екен. Ду қол шапалақтап қолдау білдіріп қояйық! Әр дұрыс жауаптан соң жанкүйерлер қолдау білдіріп отырайық!(қол соқтырып қояды)
Жүргізуші: Келесі кезекте қандай ұяшықтарымыз бар екен, қандай тақырыптарымыз бар екенін көрейік.
Келесі кезекте ұяшықтармен таныс болайық. (жүргізуші тақтадағы слайдқа қарап ұяшықтарды оқып береді).
- Қорықпа
Сұрақ: Трискаидекафобиядан зардап шегетін адам...
Жауаптардың ішінен дұрыс жауабын тап:
- Жәндіктерден қорқады
- Қонақүйдің 13-қабатында орналасқан бөлмеде тұрмайды
- Көліктің артқы орындығына отырмайды
- Тұлғаны таны
Ескелді ауданының әкімінің суретін қою керек
- Логика қайда?
Сұрақ: Күн де емес, от та емес, бірақ, жарқырайды. Ол не?
Жауабы: Жарқырауық қоңыз
- Кино
Фильмнен үзінді қою, бұл қай фильм?
Жауаптардың ішінен дұрыс жауабын тап:
- Храм любви
- Три друга
- Танцор диско
5.Әуенді тап
Музыка қою, дұрыс жауабын тап:
- «Жаса Қазақстаным» Қайрат Нұртас
- «Мен қазақпын» Қуандық Рахым
- «Аш-аш» Жолдасбек Әбділханов
6.Логикалық есеп
Сұрақ: 2017 жылы жасы жыл сандарының қосындысына тең болған адам қай жылы туылған?
Жауаптардың ішінен дұрыс жауабын тап:
- 2017ж.
- 2001ж.
- 2007ж.
7.Кім жылдам?
Сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
Сұрақтар:
- Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген? Көкжиек
- Жезді қазып қала болған? Жезқазған
- Екі қазанның бірі сатылып кетсе қанша қазан қалады? Бірқазан
- Баққаным әрі құс, әрі түйе. Түйеқұс
- Өзі ала, өзі терең, өзі тұзды бұл не? Алакөл
- Адамға адал, қасқырға қатал не? Ит
- Өзі ала, өзі биік бұл не? Алатау
- Өзі талды, өзі қорған бұл не? Талдықорған
8.Салт-дәстүр
Сұрақ:
Ежелде қазақтың қай киімі бір жыл бойы дайындалған, әрі бағасы 100 тұлпардың құнымен шамалас болған?
Жауаптардың ішінен дұрыс жауабын тап:
- Ханымның камзолы
- Бидің шапаны
- Қалыңдықтың сәукелесі
- Құпия сандық
Құпия сандыққа бірнеше зат салынады, тек қолмен ұстау арқылы сандық ішіндегі заттарды анықтау керек.
- Жүйкең тозбасын
Сұрақ: Жүйкенің тозуымен қалай күресуге болады?
Жауаптардың ішінен дұрыс жауабын тап:
- Қол шапалақтау арқылы
- Сағыз шайнау арқылы
- Саусақтармен ойнау арқылы
11.Ойлан, тап
Вопрос: Чем заканчивается день и ночь
Ответ: Мягким знаком
12.Жаныңда жүр жақсы адам
Сұрақ: Ұжымдағы бір әріптесіміздің мінезі туралы мәлімет беріледі, сайысқа қатысушылар сол адамды табу керек.
...