«Тарихи таным» атты интеллектуалды ойыны
Автор: indirabalatabay • Январь 30, 2023 • Доклад • 984 Слов (4 Страниц) • 180 Просмотры
«Тарихи таным» атты интеллектуалды ойыны
10-сынып оқушылары арасында өткізілетін инттелектуалды ойын
Мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушыны тәрбиелеу мен оқытудың бір формасы деуге болады. Сыныптан тыс жұмыстар балаларды біріктіріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мол мүмкіндік береді және оқушының өзіне деген сенімін арттырады, оқушы мен мұғалім арасында берік қарым-қатынас орнап, мұғалімнің оқушыны танып -білуіне мол мүмкіндік туғызады.
Мақсаты: ойын барысында оқушылар Қазақстан тарихы пәнінен түрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ хандығының құрылу тарихымен танысады, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, мәдениет төңірегіндегі сауалдарға жауап бере алады, оқушының ойлау қабілетін дамытып, тарих пәніне деген қызығушылығын арттырады;
Түрі: «Тарихи таным» атты интеллектуалды ойыны. Ойын барысында оқушылар сыныптар бойынша топтастырып, 4 оқушыдан бес топқа бөлінеді. Әр топтан бір-бір капитан сайланады. Әрбір орындалған тапсырма 5-10 балдық жүйемен бағаланады.
Көрнекіліктер: сынып бөлмесін пәнге сай безендіру, тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар, музыкамен көркемдеу.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,ойыншылар және әділқазылар алқасы! Тарих апталығы шеңберінде 8-9 сынып оқушылары арасында өткізілетін
«Тарихи таным» атты тарихи интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа әділқазылар алқасымен таныстырайық:
Жанар Дәулетхановна (Гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жетекшісі)
Салибекова Сәуле ( Тарих пәні мұғалімі)
Кугедеева Құралай ( Жаратылыстану бағыты бойынша әдістемелік бірлестігінің жетекшісі)
1 кезең: Ал енді біздің зияткерлеріміз дайын болса жарысымызды бастаймыз.
Сайыстың 1-ші шарты «Таныстыру». Әр топ өздерін таныстырады. 5ұпаймен бағаланады.
«Тарихи таным» сайысына қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз:
Барлығы 20 оқушы қатысады.
Бірінші топ: «Ж.Тәшенов»
Екінші топ: «А.Байтұрсынұлы»
Үшінші топ: «М.Дулатов»
Төртінші топ: «М.Жұмабаев»
Бесінші топ: «Ә.Бөкейханов»
Кезек сіздерде...Әр топқа сөз беріледі
Әр топ өзін таныстырады.
Ойын барысы:
1 кезең: «5» командаға 10 сұрақтан қойылады,көп ұпай алған команда ойынды бірінші бастауға мүмкіндік алады. Бұл кезеңде оқушылардың ойын жинақтау мақсатында төменгі сыныптарда өткен материалдар қамтылады.
1-топ
1. Қожа Ахмет Йасауидің «Даналық кітабы» қай тілде жазылған? /араб/
2. Грек тарихшысы Геродот сақтарды қалай атаған?/массагеттер/
3. Қаңлы тайпаларының астанасы болған қала? /Битянь/
4. Сақ қоғамы неше топтан тұрады? /3 топтан, абыздар жауынгерлер, малшылар мен егіншілер/
5. «Теле» сөзінің мағынасы нені білдіреді? /Түрік/
6. «Ұлы Жібек жолы» қайдан басталады?/Қытайдағы Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан/
7. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, ғалым кім еді? Әбу Насыр Әл Фараби
8.Абылайдың шын аты кім?(Әбілмансұр)
9.Жүз жасаған жыр алыбы.(Жамбыл)
10.Жеті жарғының авторы кім?(Тәуке хан)
2-топ
1.Исатай мен Махамбетке арнап Құрманғазы қандай күй шығарды? (Кішкентай)
2. “Соғыс” өлеңінің авторы кім? (М.Өтемісұлы)
3. “Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама” тарихына байланысты жазылған өлең? (Елім-ай)
4.Кіші жүздің ханы Әбілхайырды кім өлтірді? (Барақ сұлтан)
5.Бұхардың Абылайға арнап жазған өлеңі. (Ей Абылай)
6.Тарихтың атасы, сақтар туралы алғашқы жазба деректер жазған кім?(Герадот)
7.Үш дананы ата.(Абай,Шоқан,Ыбырай)
8.Ұлт-азаттық қозғалыс ең көп жүрген жүз қайсы?(Кіші жүз)
9.Әлемдегі үш ірі дін қандай? (Ислам,Христиан,Будда)
10.Жұт деген не?
3-топ
1.Батыс пен Шығысты жалғастырған сауда керуен жолы.(Ұлы Жібек жолы)
...