Темпераменттің классикалық теориялары
Автор: Айша Сатбекова • Сентябрь 20, 2021 • Практическая работа • 478 Слов (2 Страниц) • 398 Просмотры
Темперамент — жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент — организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.
Темпераменттің классикалық теориялары.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кезеңнен бері айтыла бастаған болатын. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы Гиппократ (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын —шырын (слизь), құрғататын - бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сүйықтықтың араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде бүл терминді «темпераменту» деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамда темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мысалы, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалы (латынша «сангиус» —қан), ал шырын басым болса (грек.ш «флегма» —шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше «мелай —нехоле»—қар өт), организмде сары өт басым бөлса, холерик (грекше холе —өт) темпераменті деп аталған. Гиппократ организмдегі сұйықтықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді. Бұл — адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алгашқы қадамы еді.
Холерик - тез, импульсивті, теңгерімсіз, көңіл -күйдің күрт өзгеруіне, эмоционалдық жарылысқа ұшырайды. Холериктің жұмысқа қабілеттілігі жоғары.
Флегматикалық адам баяу, бір әрекеттен екіншісіне ауысуы қиын,
...