Тарихи тұлғаларды популяризациялаудың құндылықтарға әсері
Автор: qurt • Сентябрь 9, 2020 • Эссе • 1,743 Слов (7 Страниц) • 744 Просмотры
[pic 1]
ЭССЕ
Орындаған: Абдрахман Асель
Тексерген: Төлеуғазы Дидар
Алматы, 2020 жыл
“Тарихи тұлғаларды популяризациялаудың құндылықтарға әсері”
Мемлекеттер арасында тарихи тұлғаларды популяризациялау, оларды пір тұту проблемаға айналып бара жатыр. Тарихи тұлғаларды ұлықтау жоғарыда отырған мемлекет басшысы немесе елге танымал тұлға өзін тарихта орны бар сол кездегі тарихи тұлғамен өзін салыстыра отырып немесе оның жасаған жақсы істерін қайталау арқылы өзіне абырой, атақ жинағысы келеді. Бұл жерде жоғарыда отырғандардың, көп жағдайда, халық пайдасы үшін емес, өз пайдалары үшін жұмыс жасайтындары білініп, әшкереленіп қалуда. Демек, билік басындағылар тарихта болған саяси тұлғаларды насихаттау арқылы халықтың сауатсыздығын, саяси мәдениетінің төмендігін, яғни массаға тән қасиеттерін пайдаланады. Массаға тән қасиеттер дегеніміз ол жеке ойларының болмай яғни, өзге адамның жетегінде жүре беруі, тұлғасының болмауы, мемлекет тарапынан толықтай үстемдік ету көрінісі айқын байқалуы, манипуляцияға оңай берілу сынды қасиеттері.
Әрине, тарихи тұлғаларды ұлықтамау керек деген қате пікір. Алайда, біз ойлануымыз қажетпіз. Әлеуметтік желілерде, бағдарламаларда пропаганда жасап, халыққа насихаттауға тұрарлық тұлғалар бар және өкінішке орай, ондай құрметке ие емес тұлғалар қатары да бар. Ұмыт болып бара жатқан тұлғалар да аз емес. Мәселен, халықтың тәуелсіздігі үшін Ресей үкіметіне қарсы шыққан “Алаш” партиясының өкілдері Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Жақып Ақбаев секілді адамгершілік қасиеттері басым, халық жанашырлары. Расында да бүгінгі күні біздер бұл тұлғалардың ұмыт болуларына алғышарттар жасап жатырмыз. Оларды аз еске алмаймыз немесе мүлдем насихаттамаймыз. Бұл нәрседе мемлекеттің де қатысы бар. Себебі, мемлекет сондай тұлғаларды көп насихаттаса, халық арасындағы адамдарда патриотизм сезімі оянып, көтеріліс болады деп ойлайды. Әрине, оның арты үлкен дауға алып келуі мүмкін. Атап айтқанда, көрші отырған Ресеймен арада келеңсіз жағдайларды тудырады. Ал оның соңы соғысқа алып келеді. Егер халықтың тарихи және саяси сауаттылығы болса, тарихи жадымызды қандай тұлғалармен жаңғырту керек екендігін ерікті түрде біледі.
Сонымен қатар тағы бір себебі, халықтың сол кездегі «Қатал қолбасшыға» деген сағыныш сезімі болуы мүмкін. Ия, шынында қазіргі күні дәл солай уәдесінде тұратын, халықпен санасатын және халықты алдамайтын басшылардың азаюымен де байланысты шығар. Сондықтан халыққа қаталдығымен, бір сөзді ұшқыр ойымен шешімді халық пайдасына қабылдайтын жан керек болуда. Мүмкін Сталин секілді қолының бір қағысымен проблемалар шешімін тауып кететін тұлғалардың жеткіліксіз болғандықтарынан.
Қазақстандық политолог Досым Сәтпаев Қазақстанда Сталинді популяризациялауды тікелей БАҚ-пен және әлеуметтік желілерімен байланыстырды.[1] Себебі, қоғамдық ойды басқаратын және оны қалыптастыратын БАҚ, әлеуметтік желілер, әртүрлі сайттар. Бұл айтылғандар қазіргі күні кілттік рөлді ойнайды. Тіпті кейбір адамдар пропогандаға, жалған ақпаратқа сеніп манипуляцияға беріліп, алданып қалып жатыр. Бұл да ақпараттық сауаттылықтың жетіспеушілігінен болуы мүмкін. Бірақ Досым Сәтпаев демографиялық трендтің дамып жатқанына акцент жасап өтті. Ол дегеніміз, қазақ тілінде ақпарат беретін бағдарламалардың, әлеуметтік желідегі қазақ тілінде жүргізілетін парақшалардың көбеюі. Бұл нәрселер қазақ тілінде сөйлейтін, сол кезде ақпаратты көп мөлшерде қабылдағысы келетін аудиторияларға ориентацияланған. Болашақта табиғи демографиялық тренд және қазақ тіліндегі ақпараттардың көбеюі ресейлік БАҚ-тың Қазақстанға әсерін тигізуін қоятынын айтуда. Сонымен қатар, Досым Сәтпаев өзінің бір сұхбатында Ресей Федерациясының президенті Путиннің саясаты жайлы сұрақтарға жауап берген болатын. Оның неліктен әлі күнге дейін Сталинді, Ленинді халыққа насихаттап жүргендігіне тоқталды. Оның да ойынша, Сталинді халық арасына популяризациялау Путиннің жасап отырған саясаты ғана дейді.[2] Әрине оның саясаты жасырын түрде жүзеге асып жатыр, бірақ оны халықтың байқап жатқаны шамалы. Мүмкін масса арасында «Мен массаға жатпаймын» деген адамдар қатары бар шығар. Бірақ, қоғамдық шаблондар мен мемлекеттің қоятын талаптары, үкіметке жалтақтау және құлдық сана сынды нәрселер адамдардың тұлғалық қасиеттерін масса арасында білдіртпей жіберуде. Ресейде Сталинді ұлықтау шарықтау шегіне жеткені сонша, «Сталинизм» жайлы 5 кітап басылып шығарылған.[3] Онда Сталиннің оң жақтарын, оның жасаған ерліктерін ғана жазып көрсетеді. Менің ойымша тарихи сауаттылығы бар адам оның шын мәнінде қандай адам болғандығын ажырата алатын еді.
...