Психология жалпы түсінігі
Автор: garipollauly • Март 13, 2018 • Реферат • 6,523 Слов (27 Страниц) • 2,304 Просмотры
Мазмұны
КІРІСПЕ
I. ІС-ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Іс-әрекеттің жалпы психологиялық сипаттамасы
1.2 Іс-әрекет психологиялық теориясының негізгі түсініктері. Операциялық-техникалық аспектілері.
1.3 Іс-әрекет теориясы және психология пәні
1.4 Әрекет физиологиясы және белсенділік физиологиясы
II. Психология жалпы түсінігі
1.1Психология тарихы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Психология — психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибиемізды жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сиақтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жаткан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі — «псюхе» (жан), екіншісі — «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. Психология ерте уақыттан келе жатқан ғылымдардың бірі болғанмен, адамның күнделікті қажетін өтеуге оның пайдасы өте аз тиіп келді. Өйткені, сол кездегі көпшілік зерттеулердің философиялық негізі ғылыми жағынан дәйексіз болды да өмірден алшақ мәселелерді сөз етті. Психологияда шын мәнісіндегі ғылыми-зерттеулер тек үстіміздегі ғасырда ғана көріне бастады.Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамда тәуслсіз «жан» болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалык тіршілігінің (ойынын, сезімініқң, еркінін) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашкы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. «Психикалык қүбылыстарды» төл тілімізде «жан қуаттәры» деп алған макұл. Әл-Фараби, Абай еңбектерінде де осылай алынған. Әйтсе де ретті жерінде «психика» терминін де қолданған артық болмайды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сикырлы куш бар, ал жан болатын болса, еоның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша ріығып кетеді де, адам оянған кезде кайтып келеді, егер келмей калса, адам өледі деп тұжырымдады Жан туралы осындай акимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың ара-сында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филипиин) тұрғындары тағалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді деді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Либипон тайпасының үндістері «доакаль» деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, үғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінік дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт (1832—1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.
...