Психологияның жалпы мәселелерi
Автор: Moliya • Октябрь 11, 2018 • Реферат • 2,657 Слов (11 Страниц) • 1,193 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
РЕФЕРАТ
«БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІНІҢ СЕМИНАРЫ» пәні бойынша
Тақырыбы: ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Орындаған:Сейдәзімова Мөлдір
I курс білімгері
Факультет «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар»
Мамандық «Психология»
Тексерген оқытушы Молдабаева Айнур Айтмухановна
Бағасы
«15» 09 2018 ж
Тараз,2018
Бұл жұмыстан біз психологияның қалай пайда болғаның, оның кандай салалары және қандай әдіс-тәсілдері бар екенін біле аламыз. Сонымен қатар психологияның Қазақстандағы маңызы туралы ақпарат және психологияны зерттеген әлем туралы ақпарат ала аламыз.
Из этой работы мы можем знать, как возникает психология, какие области она имеет и как она работает. Мы также получаем информацию о важности психологии в Казахстане и мире исследований психологии.
From this work we can know how psychology arises, what areas it has and how it works. We also receive information about the importance of psychology in Kazakhstan and the world of psychology research.
Bu çalışmadan psikolojinin nasıl ortaya çıktığını, hangi alanların olduğunu ve nasıl çalıştığını biliyor olabiliriz. Ayrıca, Kazakistan'da psikolojinin önemi ve psikoloji araştırması dünyası hakkında bilgi alıyoruz.
Кіріспе
1 Психология пәні
- Жан құбылыстарын ғылыми тұрғыда түсіну
1.2 Психологиядағы негізгі әдістер
1.3 Бақылау әдісі
1.3 Эксперименттік әдіс
2 Психологияның маңызы
3.Психологияның салалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Психология ғылымының қазіргі таңдағы мақсат – міндеттеріне бас назар аударылып, осыған орай кітаптың қазақ халқының тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, жөн-жосық, жол жоралғысына, бүкіл тыныс тіршілігіне қатысты жерлері түгелдей дерлік қайта қаралып, редакцияланды. Бұл жерде аты түркі әлеміне белгілі Мағжан Жұмабаев «...қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл» деген аталы сөзі осы кітаптың ірге тасты мәселелерінің бірі болады.
Соңғы жылдары ұлт психологиясының төңірегіндегі түрлі ғылыми жиындар мен мәслихаттар ұйымдастырылып, халқымыздың он төрт ғасырлық психологиялық ой-пікірінің тарихы жазылды, әсіресе күні бүгінге дейін орны ойсырап тұрған «ақтаңдақтардың» (Ж.Айтмауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «Психология» , «Жан жүйесі және өнер таңдау» т.б. кітаптары) жәй-жапсары ашыла түсіп, олар өз оқырманымен жүздесе бастады.
Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберiнде өркендеуi мен қалыптасуына, тәң iрегiндегi басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшелктерiне деген психология дамуының негiзiнде жатқан қызықшылығы уақыт озуымен бiрге өрiстей түскен. Қазiргi кезеде өндiрiс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын жəне спорт салаларындағы бipi iс-əрекет психологиялық заңдылықтарды түсiнiп, танып бiлмей тиiмдi орындалуы мүмкін емес.
Адамның даму заңдары мен оның болмысы жасампаздық мүмкiндктерi жөнiндегi бiлiмдер жүйесi бүкiл қоғамның кемелденуi үшiн те қажет. Адам əр түрлi ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетiн объектi, ал ғылымдардың əрбiрi өзi не тəн ерекше көкейкестi мəселелермен айналысады. Солардың iшiнде қоғамдық ғылымдар əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуi мүмкiн емес. Л. С. Рубинштейн «Жалпы психология негiздерi» (1940) атты еңбегiнде »Психология зерттеуiндегi ерекше құбылыстар ауқымы анык; Keiлiп тұр: олар бiздiң қабылдауымыз, сезiмiмiз, ойларымыз, ықлас-ниеттерiмiз бен тектерiмiз, т.б., яғни бiздiң өмiрiмiздiң iшкi мазмұнын құрап, бiздiң жан толғаныстарымыз ушып денiмiзге ажырамастай болып сінген құбылыстар жиыны», — деген. Психологиялық дүниенiң бiрiншi ерекшелiгi əр тұлғаның (индивид) өз меншк толғанысының болуы, ол түйск сезiмiнен ғана көрiнедi де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ.
...