Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жер кадастрының жалпы түсінігі

Автор:   •  Март 14, 2022  •  Контрольная работа  •  2,875 Слов (12 Страниц)  •  361 Просмотры

Страница 1 из 12

[pic 1]   Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі        əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                                           [pic 2]

                          СӨЖ-2

Тақырыбы:Жер кадастрының  жалпы түсінігі

                                           

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ..........................................................................................................

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ..............................................................................................

  1. Жер кадастрының пайда болуы.....................................
  2. Жер кадастрының жалпы түсiнiгi......................................................................
  3. Жер кадастрының жүргізілу тәртібі.........................................

ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................

                                                               Кіріспе

                 Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағұлматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау кажеттігі пайда болды, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындайды.

                  Жер қойнауында адамның тіршілік әрекетіне қажетті байлықтың аса маңызды қоры жинақталған. Қазақстан Республикасы жер ресурстарын қорғауға, жердің құнарлығын көтеруге және нысаналы мақсатына байланысты пайдалануына көп көңіл бөледі.

                  Жер кодексінде жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін мемлекеттік жер кадастры жүргізіледі деп көрсетілген. Кадастр бір жүйеде жүргізіледі. Жер кадастрын енгізу, құжаттардың формасы мен мазмұны, кадастрлық мәліметтерді жаңарту және оны бекітуді Қазақстан Республикасы Үкіметі жүзеге асырады.

                  Мемлекеттік жер кадастры, Қазақстан Республикасы жерлерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, орналасқан орны, нысаналы пайдалануы, ауданы мен шекарасы, сапалық жағдайы, жер пайдалануды есепке алу мен жер учаскелерін бағалау туралы және т.б. мәліметтерден тұрады. Мемлекеттік жер кадастры мәліметтері жер пайдалануды жобалау мен қорғауда, жерге орналастыру және жермен байланысты жұмыстар жүргізілгенде, жер учаскесіне төленетін төлемдерді анықтау кезінде негіз болып табылады.

                 Жер кадастры барысында суретке түсірулер мен тексерулер, жер кадастрын жүзеге асыру процесінде еліміздің біріңғай жер қорының құқықтық жайын, табиғи және шарушылық жағдайларын, жер пайдаланулардың әртүрлі ақпараттарын пайдаланады, осыларды үйренеді және талдайды.

                 Бұл ақпараттардың дұрыстығы оны алу тәсілдеріне байланысты. Бұл мақсаттар үшін халық шаруашылығы есебіне белгілі амалдар, сондай-ақ жер кадастрына тән және бірінші кезекте графикалық ерекше тәсілдер қолданылады. Соңғысы дұрыс ақпараттар алуға негіз болады. Жер кадасты объектісі ретінде бәрінен бұрын кеңістік өлшемдер және түрлі жағдайлар сипатталады.      Республика аймақтарының климаттық, топырақтық және экономикалық жағдайлары мен олардың жерлерін пайдалану сипаты әр түрлі болғандықтан, облыстар мен жалпы республикада жер кадастрын жүргізудің ең бір маңызды міндеті- ауылшаруашылық өндірісінің табиғи-экономикалық аймақтары және әкімшілік аудандары бойынша жағдайларын, даму ерекшелікетерін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді алу болып табылады.

      Жер заңдарына байланысты, жер кадастрын ұйымдастыруды жүргізу жер ресурстарын басқару жөніндегі құзырлы орталық орган мен оның жергілікті органдарына жатады. Жер кадастрын енгізу жұмыстарын мемлекеттік билікке жататын жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіке бағынышты мемлекеттік арнаулы өндіріс орындары атқарады.

                  Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік жер кадастрын құру мен оның жоғарғы дәрежедегі автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызметі Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық бөлінуге сай, аудандық, облыстық және республикалық деңгейде жүргізіледі.

...

Скачать:   txt (34 Kb)   pdf (162 Kb)   docx (69.7 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club