Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психологияға кіріспе

Автор:   •  Сентябрь 14, 2021  •  Лекция  •  2,756 Слов (12 Страниц)  •  17 Просмотры

Страница 1 из 12

      №1 Дәріс Психологияға кіріспе

      Жоспары:

      1. Психология ғылым ретінде

      2. Психологияның әдістері

3. Психология салалары

      1. Психология ғылым ретінде

Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтiн ғылым. Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Олар (түйсiк, елес, ой, сезiм, тiлек, қабiлет, қызығу, мiнез, әдет т. б.) көпшiлiгiмiзге өз тәжiрибемiзден жақсы мәлiм, тiлiмiзде жиi кездесетiн ұғымдар. Бiр қарағанда бұлардың мәнiн әрқайсымыз тез ажырататын да, бiлетiн де сияқтымыз. Бiрақ психикалық құбылыстардың мәнiн ғылыми тұрғыдан түсiну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселенi ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзiндiк заңдылықтарын айқындауды — сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан бiлiм салаларының бiрi. Оның дүниеге тұңғыш келген жерi ежелгi Греция. «Психология» терминi гректiң екi сөзiнен тұрады: оның бiрiншiсi – «псюхе» (жан), екiншiсi — «логос» (сөз, iлiм). Сөйтiп, бұл сөз «жан туралы iлiм» деген ұғымды бiлдiредi.

Қазіргі психологияның негізін салушы

Вундт - психологияның ресми академиялык пән ретінде калыптасуының негізін  салушы адам. Ол алғашқы болып зертхана жасап, алғаш журнал шығарып, экспериментттік психологияны ғылым ретінде дамытты. Ол түйсіну мен қабылдау, назар аудару, сезу, реакция уақыты мен ассоциация сиякты тақырыптарды зерттеді. Вундттан кейін психология тарихындағы кейбір ғалымдардыңпікірлеріоның көзкарастарына қайшы келсе де, оныңқазіргіпсихологияның дамуына қосқан үлесін ешкім жоққа шығара алмайды.

Жаңа психологияның негізін салу мумкіндігіне bие болу  Фехнерге емес, Вундтка бұйырды. Фехнердің «Психофизика элементтері»(ElementsofPsychophysics) 1860 жылы жарияланды. Бұл Вундттың психологиямен айналыса бастаганынан 15 жыл бұрын болган жайт еді. Вундттыңөзi Фехнердің еңбегін эксперименттік психологиядагы «алғашқы текетірес» деп көрсетсе (1888, р. 471), Фехнер кайтыс болганнан кейін оныңқұжаттары Вундтка табыс етілді.

Вундттың қазіргі психологияның қалыптасуына қосқан улесі - оның жуйелі эксперимент идеясын насихаттауы. Жалпы мектеп калыптастыру мен оны негізін калау -  екеуі екі бөлек дүние. Бірақ ғылымның қалыптасуы үшін, ғимаратты бipгe тұрғызатын архитектор мен кұрылысшы сияқты, оның eкeyi де керек, eкeyi де маңызды.

Міне, осы айырмашылықты байкай білген адам Фехнерді неліктен психологияның негізін салғандардың қатарына қоспайтынын түсінеді. Қарапайым тілмен айтқанда, ол жаңа ғылымды табуға талпынбады. Оның мақсаты - менталды және материалды әлем арасындағы қатынастарды түсіну болды. Ол ғылыми негізі бар ақыл мен дененің бірыңғай тұжырымдамасын сипаттауга тырысты.

Ал Вундт саналы түрде жаңа ғылымның негізін салды. «Физиологиялық психология қағидаларының» (Principles of Physiological Psychology) бipiншi басылымының алғы сөзінде (1873-1874) ол: «Көпшілікке ұсынылган осы жұмыс - ғылымның жаңа саласын ажыратып көрсету», - деп жазды. Вундт психологияны жаңа, тәуелсіз ғылым ретінде насихаттауды мақсат тұтты. Десе де, Вундт психологияның негізін салған адамға жатпайды. Психология каншама шығармашылык талпыныстардың нәтижесінде дүниеге келді.

Психология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері.

Психологияның негізгі даму кезеңдеріне сәйкес оған берілген анықтамаларды қарастырайық.

1-кезең – психология жан жөніндегі ғылым. Психологияға мұндай анықтама бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеуге тырысқан.

II-кезең – психология сана жөніндегі ғылым. XVII-ғасырда жаратылыстану ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, сезу және ниеттеу қабілеттерін сана категориясымен  баламаластырған. Ал сананы зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін өзі бақылап (интроспекция), одан алған деректерін баяндау болған.

...

Скачать:   txt (39.6 Kb)   pdf (173 Kb)   docx (20.8 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club