Психологияға кіріспе
Автор: 87778989971 • Октябрь 28, 2020 • Лекция • 1,470 Слов (6 Страниц) • 2,705 Просмотры
1 –тақырып. Психологияға кіріспе
Дәрістің мақсаты: Психология ғылымының теориялық және әдістемелік негіздерін ашу.
Негізгі ұғымдар: психология, психика, психикалық процестер, психикалық кейіп, психикалық қасиет, әдіс, бизнес психологиясы, спорт психологиясы, денсаулық психологиясы, жарнама психологиясы.
Дәрістің жоспары:
1. Психология ғылым ретінде.
2. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері. 3. Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні.
4. Психологияның әдістері.
5. Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы).
Дәрістің қысқаша мазмұны
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология баска ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б) аралас дамып келді.
ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік. ес, ойлау, киял, т.б) тәжіребе жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Ғылымның осы саласына экспериментті тұнғыш енгізген неміс гұламасы В. Вундт болды.
Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.
1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ.” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді.
Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады.
1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде.
2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде.
3-ші кезең.Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.
Психология - психикалык құбылыстардың (жан куаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу зандылықтарын зерттейтін ғылым.
“Психология” термині алғаш ХҮІ-ғасырда пайда болып, ол адамның өз санасында оңай бақыланатын психикалық құбылыстарды зерттеумен айналысса, ХҮІІ-ХІХ ғасырдың ортасы аралығында психологтардың зерттеу сферасы кеңейе түсіп, бейсаналық процестер мен адамның іс-әрекетін зерттей бастады. Одан кейін психологиялық зерттеулердің аумағы кеңейіп, “психология” атауы бастапқы тар мағынасын жоғалта бастады. Дегенмен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің нәтижесінде бұл ғылым саласы өзінің бұрынғы атауын сақтап келеді.
Психологияның зерттейтін объектісі - өзінде бірнеше көптеген субъективті құбылыстарды енгізетін адам және жануарлар психикасы, психологиялық деректер мен заң, заңдылықтар.
Психика – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының адам миында бейнеленуі және соның негізінде адам қылығы мен әрекетін реттестіру. Мысалы, оның бір компоненті ретінде түйсік, ес, ойлау арқылы адам қоршаған ортаны танып біледі. Сондықтан бұларды танымдық процестер деп атайды. Ал кейбір құбылыстар оның басқалармен қарым-қатынасын реттейді, әрекет қылықтарды басқарады. Оларды психикалық қасиет, психикалық кейіптер дейді (қажеттілік, мақсат, қызығушылық, эмоция, сезім, икемділік және т.б..
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек кабілет, қызығу, мінез, т.б) көпшілігімізге өз тәжірибиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. «Психология» термині гректің - "псюхе" (жан), "логос" (ілім, ғылым), яғни «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.
Психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) топтастырылуы | ||
Психикалык процестер | Психикалық кейіп (немесе калып) | Психикалық касиеттер |
сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері Танымдық психикалық Түйсік Қабылдау Ес Елес Ойлау Сөйлеу Қиял Эмоционалдық –еріктік сфера: Эмоция Сезім ерік | адамның түрлі көңіл күйінің тұрақты компоненттері шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т. б | бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер Мінез темперамент қабілет дүние танымы Сенім талғам қызығу |
...