Нашақорлық пен алкоголизмге тәуелділікке байланысты психологиялық кеңес беру
Автор: aisholpan230298 • Сентябрь 16, 2018 • Реферат • 1,382 Слов (6 Страниц) • 1,948 Просмотры
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
« Психология және арнайы білім беру » кафедрасы
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Нашақорлық пен алкоголизмге
тәуелділікке байланысты психологиялық кеңес беру»
Ғылыми жетекші: доцент Қаженбаева А.Е
Орындаған: Тәжбентай А.С
Атырау-2017ж
Жоспары:
І.Кіріспе.
Нашақорлық пен алкоголизм қоғам дерті.
ІІ.Негізгі бөлім.
Нашақорлық пен алкоголизмнің пайда болу себебі.
1.Нашақорлықтың түрлері.
2.Алкоголизмнің түрлері.
ІІІ.Қорытынды.
Нашақорлық пен алкоголизмге қарсы күрес.
Есірткі, нашақорлық... Бұл сөздерді күнделікті өмірде жиі естиміз. Адам баласын тура жолдан тайдыратын, күллі өмірін тас талқан ететін нашақорлық дерті халыққа, қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретіні сөзсіз. Одан зардап шеккен тағдырлар қаншама! Енді олар өзінің бәз баяғы өмірлеріне орала алмай ма. Әрине, дер кезінде ес жиып, «адам» болып кеткендері де бар. Бірақ, бірақ... мұндай кеселдің шарбағына бір кірген соң, одан қашып құтыла алмайтының анық. Күндердің күнінде өзінің уытымен, шеңгелімен шырмап алары хақ. Не істемек керек? Оң солын танып үлгермеген жастарды, ұрпақты сақтауымыз қажет. Неге десеңіз, есірткі сатумен айналысатындар ең алдымен сондай топтарды торуылдайды деседі... Халықты үрейден арашалап алмағы немесе басқа бір себептер тосқауыл болғаны белгісіз, әйтеуір биік лауазым иелері: «Шүкір, елімізде СПИД деген пәле жоқ » дей салады. Сенгендей боламыз.
Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезеңде ересектер арасында да есірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Нашақорлардың саны 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 98% өскен.
Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортаның әр сипаты әрекетіне адам ойына келмейтін жауап қайтарады. Өз іс әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан дүние, мінез құлық пен дүниетанымның толық қалыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер.
Қазіргі таңда нашақор және маскүнемдікке шалдыққан клиенттерге психологиялық кеңес берудің түрлі аспектілері қарастырылған. Көбінесе, шетелдерде психологиялық кеңес берумен қатар, психотерапиялық тренингтер, жаттығуларды жүргізеді. Көп жылдарғы зерттеулердің нәтижесінде, психологтар нашақорлыққа және маскүнемдікке салынған клиенттердегі басты проблемаларды бөліп қарастырды. Олар: жалғыздық, регрессия.
1.Жалғыздық. Өмірге келгеніне өкініп,отбасынан айырылып, өзін қайда жүрсе де, жалғыз қалғандай сезіну. Бұл проблемалар нашақорлыққа салынуға бірден-бір жол болып табылады. Егер психолог-кеңесші ол клиентке сұрақтар қойса, клиент: «Мен өзімді өте жалғыз сезінемін» немесе «Мен өзге адамдардың жанымда тұрғанын сезбеймін де» сияқты т.б.жауаптармен жалғыз қалғанын айтады.
2.Регрессия. Яғни, кейде мұндай клиенттер отбасы жылулығын сезінгісі келеді де: «Менің жұбайым жанымда болсыншы, мені үнемі қарап, нашақорлыққа салғызбасын » дейтін де жағдайлар болып жатады. Бұл проблемалардың алдын-алып нәтижелі жұмыс жүргізу кеңесші-психологтың іс-әрекетіне, кеңес беру техникасына тікелей байланысты.
Нашақор клиенттер келген күннен олармен дұрыс, тиімді жұмыстар жүргізіп, қадағалап отырса, олардың бұл жағдайдан шығуына үлкен септігін тигізеді. Бастысы, клиенттің өз-өзіне деген сенімділігі мен ниеті. Психолог кеңесші тек жеке өзі ғана жұмыстар атқармайды. Психотерапевтпен де бірқатар тренингтер мен жұмыстар жүргізіледі.
...