Назарбаева Сара Алпысқызы
Автор: albinakabyl • Октябрь 14, 2018 • Биография • 540 Слов (3 Страниц) • 938 Просмотры
Назарбаева Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар аулында дүниеге келген. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы ЖТОО-заводын бітірген, экономист, ҚазМУ-дың құрметті профессоры. 1992 жылы 27 наурызда жиырмадан астам мемлекеттік және қоғамдық ұйым құрылтайшыларының жиналысы өтті. Бұл жиналыста «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын құру туралы шешім қабылданды. 20 жыл бойы атқарылған белсенді және тиімді жұмыс қорға бүкіләлемдік танымалдылық пен мәртебе әкелді. Мүгедек балаларға, жетімдерге, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға қамқорлық жасау, өсіп келе жатқан ұрпаққа өнегелі-рухани білім беру, ана мен баланы қорғау – «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева алдына осы сынды міндеттер қояды. Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпаққа адагершілік-рухани білім және тәрбие беру жалпы адамдық, жалпы ұлттық, этномәдени және жеке құндылықтардың үйлесімді синтезіне бағытталған, олар адамға, қоғамға қызмет етуде өзін бар қырынан көрсетуге, өмірдегі өз ролін және өз тағдырын ұғынуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану білімнің құндылықты мағынасын нығайта отырып, риясыз сүю, өз-өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көбірек тануға және өзін-өзі жетілдіруге, физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық даму тұрғысынан үйлесімге жету мүмкіндіктерін дамытады.
Өзін өзі тану пәні адамдарды рухани адамгершілікке үйретеді! Рухани-адамгершілік қасиеттерді меңгерген кез-келген адам баласы ешуақытта жамандық жасауға бармайды, әрі «толық адам» болып қалыптасады.
Адамзаттың ұлысы Абай Ќұнанбаев сипаттаған “Толық адам” тұжырымдамасына лайыќты ќасиетке ие болу—үлкен жетістік. «Толық адамы» көп ел ешуақытта азып- тозбайды. Сондықтан да бұл пәннің қажеттілігі зор.
Ал енді, бұл пәнді толық меңгерту үшін, негізінен әрбір келешек ұрпақтың діннен, философиядан (яғни дүниетанымнан) және ғылымнан хабары болуы қажет. Себебі, бұл үшеуі бір-біріне тікелей байланысты. Сонымен қоса Құраннан, Хадистен, Хикметтерден, Әдет-ғұрып, Салт-дәстүрден, Ырым-тыйымнан, Сенім-наным-танымнан түсініктері болуы тиіс. Бұларды меңгеру үшін, әрине біз өзіміздің ата-бабаларымыздың, ғұлама-ғалымдарымыздың қалдырған рухани мұраларынан нәр алуымыз керек. Бұған қоса, өткен ақын-жырау, жазушы, билер мен шешендердің қалдырған жалынды, мақал-мәтелдері мен қанатты сөздерінен де көп мәлімет алѓанымыз жөн. Өзін-өзі тану» пәнінің барлық оқулықтарында берілген бүкіл білім мазмұны жастарды ізгілік еліне жетелеп, таным шаттығымен шыңдайды.
Cәбилік кезінен балалардың ата-аналарына, туған-туыстарына,үлкендерге
қоятын сан түрлі сұрақтарына анықтап,нақтылап,дәлелдеп,тиянақты жауап
беруге,олардың танымдық сұраныстарын қанағаттандыруға, ата-аналармен
бірлесе отырып жан-жақты тәрбие беруге осы «Өзін-өзі тану» пәні
көмектеседі.Ата-ананың,мектептің басты міндеті-баланы
сыпайылыққа, әдептілікке,мәдениеттілікке,адамгершіліккеүйрету.
Кішкентай кезінен тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, ұйымшылдыққа,
отаншылдыққа тәрбиеленген бала адамгершілігі мол азамат болып шықпақ.
...