Мотивациялық кітаптан түсінік
Автор: asylarai • Апрель 27, 2021 • Эссе • 252 Слов (2 Страниц) • 464 Просмотры
Мотивациялық кітаптан түсінік
Гарри Каспаровтың: «ШАХМАТ ӨМІРДІҢ ҮЛГІСІ СИЯҚТЫ» атты мотивациялық кітапшасынан түйгендерімді, өзімінің өмірлік принциптеріме қоса алдым. Және әрқайсысы өзіме және болашағыма деген фудаментке үлестерін қосты және қоса бермек. Ал енді сол ойларымды айта кетсем.
Шахмат тақтасы дәл өмір секілді, тек бұл ойында қарсыласың «тағдыр». Бұрынғылардың адамдары «тағдырыңа осыны жазған, бұдан құтыла алмайсың» дейді ғой, бірақ бұл тұжырымды қаншама адам бұзып үлкен жетістікке жетті. Алайда ойынды пайдаңа алу үшін, сәттіліктен басқа талант, мақсат, уақыт және озық ойың болу қажет. Талант әрбір адамда бар, бірақ оны дұрыс қолданбасаң тағдырдың алдында тізе бүгесің. Мақсатсыз армандаған нәрсеңе қол жеткізем деу ақымақтың әңгімесі, себебі ол уақытын босқа кетіріп,бастапқы орнынан өз еркімен ешқашан алға жүрмейді. Тағдыр өте білікті ойыншы, қарсыласына оңай жолды бере қоюы екі талай, әрбір қадамды уақытылы асықпай саралау маңызды. Тағдырдың саған беруі мүмкін сабағын шамамен білу үшін «ал егер ше...»деген әдісті қолданған дұрыс.Әлемде мыңдаған стратегия түрлері бар,оларды білу қиын сәтте көмекші болды, алайда әрқайсысына сүйенбей, нақты жолды таңдау қажет. Әрбір жеңіске көп мақтанбай, әрқашан сақ жүру керек. Себебі тағдырды жеңу үшін сенен көп кететін нәрсе –уақыт, ешкім туа салысымен жүріп кеткен жоқ. Сенің лидерің, кумирің немесе таңғалатын адамың, соның бәрі бір мәреден бастаған және оны жеңе білген.Әрбір іске шыдамдылық танытып, асықпай биікке көтерілесің.
Міне менің ойларым, әрине бұл нақты емес және ешқашан нақты болмайтында шығар. Себебі тағдырды жеңген сайын
...