Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын
Автор: 7896248 • Апрель 19, 2023 • Реферат • 691 Слов (3 Страниц) • 168 Просмотры
Тақырыбы: «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тренинг
Мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, атаананың баланы тәрбиелеудегі жауапкершілігін түсіну.
Кіріспе
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Бала құқығы туралы айтатын болсақ, 1989 жылы «Бала құқығы» туралы конвенция қабылданды. Ал, 2004 жылы «Бала құқығы» туралы заң қабылданды. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.
Тренинг барысы:
1. Психологиялық ахуал(Кубик-рубик)
2. Миға шабуыл
3. Топқа бөліну(QR код)
4. «Таныстыру» жаттығуы
5. Зорлық-зомбылық жайлы ақпараттық хабарлама
Б. «Психологиялық жаттығу» жаттығуы
7. «Жағдаяттарды шешіңіз» ситуациялық сұрақтар
8. «Кара пима» видеокерсетілім
9. Қорытынды
10.Кері байланыс(тик-ток)
1.Психологиялық ахуал
«Кубик-рубик»
Топта жұмыс істеу ережесі:
1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
2. Болып жатқан іс әрекетке белсенді қатысу.
3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу.
2. Топқа бөліну
Ата-аналар «qr» код байланысты топқа бөліну. Тренинг басындағы ата аналардың көңіл күйлері қандай?, соған байланысты «жақсылық» және «мейірім» болып 2 топқа бөлінеді.
«танстыру» жаттығуы. Нұсқау: Әр қатысушы(ата-ана)
...