Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Заманауи психолгияның зерттеу әдіснамасы мен әдістері

Автор:   •  Январь 5, 2019  •  Реферат  •  1,222 Слов (5 Страниц)  •  1,527 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі             Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БАЯНДАМА

 Заманауи психолгияның зерттеу әдіснамасы  мен  

                              әдістері

   

                                          Орындаған: Рахметулла Ж.М.

                                               Тобы: ФК-81нп

                                               Қабылдаған: Навий Л.Н.

                        Көкшетау 2018ж.

     Жоспар:

    Кіріспе

    І.Психология ең ежелгі әрі  ең жаңа ғылым

   ІІ.Зерттеу әдіснамасы мен әдістері

      а)Соломон Аш әдісі

      b)Роршах тесті

  ІІІ.Психодиагностика

   Қорытынды

   Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

   

   

 “...бүгінгі күнде психологияның әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан былай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады”

                                     

                              Б.Ф.Ломов “Психологияның методологиялық және теориялық проблемалары”

 

   

    Біз психология тарихын қай кезеңнен бастап зерттеуіміз керек? Бұл сұрақтың жауабы біздің психологияға қандай анықтама беруімізге байланысты болмақ.Психология тарихы бір-бірін 2000 жыл бөліп тұрған екі әртүрлі  уақыт кезеңін қамтиды.Осы себепті де біз психологияны ең ежелгі һәм ең жаңа ғылым ретінде қарастыра аламыз.

Ең алдымен біз Платон,Аристотель және де басқа да грек ойшылдары бүгінгі психолог-мамандарға қатысы бар мәселемен айналысқан-біздің дәуірімізге дейінгі V  ғасырдағы адам болмысы мен мінез-құлқы турасында айтылған ой-пікірлер мен болжамдарға мән беруіміз керек.Біздің байқауымызша, «осыдан 2500 жыл бұрын негізі қаланып іс-жүзінде жұмыс жасауына мүмкіндік туғызып кеткен» психология тарихшылары арасында аздаған келіспеушіліктер көрінеді.

ХІХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін философтар адам табиғатын болжау,интуиция және жалпылама қорытынды жасау арқылы өте шектеулі тәжірибе негізінде зерттеген.Философтар биология және басқа да жаратылыстану ғылымдарында сәтті құралдарды пайдалана бастаған кезден трансформация басталды.Зерттеушілер мұқият бақылау және эксперимент жасау сияқты адам санасын зерттеу әдістеріне сенімді бола бастағанда ғана психология өзінін философиялық түп тамырынан ажырай бастады.

    Психология пән болып қалыптасқаннан кейін объективті зерттеу әдістерін дамыту қажеттігі туды.Философиядан бөлінгеннен кейінгі психология тарихының  басым бөлігі аталмыш пәннің зерттеу құралдары,әдістемелері мен әдістерін үздіксіз жетілдіру мәселелеріне арналды. Бұл жерде бір ескертетін дүние-Платон мен Аристотель сынды ойшылдардың қазіргі күннің өзінде өзектілігін жоғалтпаған мәселелермен айналысқаны шыңдық,бірақ олардың зерттеу әдістері бүгінгі күнде психологтар қолданатын әдістерден әлдеқайда басқаша. ХІХ ғасыр психологтері ойлау процестері негізіндегі физикалық механизмдерді түсінуге шешуші қадам жасады.Олардың ғылыми әдістері жеке философиялық әдістерден ерекшеленді.

Жаңа психолгияның негізін салу мүмкіндігі неліктен Фехнерге емес, Вундтқа бұйырды? Фехнердің «Психофизика элементтері» 1860 жылы жарияланды.Бұл Вундттың психологиямен айналыса бастағанына 15 жыл бұрын болған жайт еді.Вундттың өзі Фехнердің еңбегін эксперименттік психологиядағы «алғашқы текетірес» деп көрсетті.Фехнер қайтыс болғаннан кейін оның құжаттары Вундтқа табыс етілді.Егер тарихшылар Фехнер еңбегін мойындаса, неліктен олар Фехнерді психология атасы деп санамады?

Осы турасында психологияның бір тарихшысы былай дейді:

...

Скачать:   txt (13.9 Kb)   pdf (130 Kb)   docx (16.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club