Жастар тәрбиесі мәселесінде
Автор: horikukka • Октябрь 3, 2022 • Эссе • 461 Слов (2 Страниц) • 291 Просмотры
Қазіргі уақытта қазақ қоғамындағы жастар тәрбиесі мәселесінде ұрпақ сабақтастығының әлсірегені байқалады. Қазақта «Бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер» деген мағыналы ұғым бар. Әрине, баланың санасына да байланысты, дей тұрғанмен де тәрбиенің негізі отбасынан басталатыны тарихи-әдеби еңбектерде анықталған. Сонымен, жастар тәрбиесінің солғындауына байланысты түйіткілді мәселенің туындауы отбасындағы тәрбиенің дұрыс берілмеуі салдарынан ба, соған тоқталсақ.
Біріншіден, қазіргі қоғамымызда балалардың алдында өздерін үлгі тұтар тұлға ретінде сезініп, алдымен өздерінің тәрбиелі болу керектігін түсіне бермейтін, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналар көп. Көпке топырақ шашудан аулақпын, десек те, жаман әдетке бой алдырып, темекі шегіп, ішкілікке салынған ата-аналар баршылық. Қазір кей жастардың арасындағы арақ ішу, темекі тарту, анашаға бой алдыру, үлкенді тыңдамау, сыйламау, әдепсіздік сынды жаман әдеттердің көбеюі – осының дәлелі.
Екіншіден, көпшілік ата-ана бала-шағасына қалай көңіл бөлу қажеттігін түсінбейді. Мәселен, отбасындағы әке-шеше көбіне: «Осы балам көштен қалмасын деп, ақша тауып жатырмын», - дейді. Сөйтіп, балаларының барлық материалдық қажеттіліктерін өтеуге тырысады. Керісінше, баладан осы уақытта сұрап көріңізші, оған не керек? Оған отбасының мейір-махаббатынан өзге ештеңе керек емес. Ал отбасы мейірімін сезінбеген бала өз кезегінде қоғамға араласа алмайтын, өзімшіл, қатігез адамға айналуы әбден мүмкін.
Үшіншіден, бүгінгі қоғамда ата-ана бала тәрбиесіне жиі салғырттық танытады. Бұған дәлел: қазіргі ата-аналардың ақпараттар легі толастап тұрған заманда баласының экранда не тамашалап, ғаламторды қандай мақсатта пайдаланып жатқандығына мән бермейтіндігі. Соның салдарынан, ғаламтордың шырмауында өскен кейінгі жас буын өкілдері әлеуметтік желінің кесірінен ұлт табиғатына жат мәдениетті санасына сіңіріп, түрлі ағымдар мен субмәдениеттер өкілдерін пір тұтып өсіп келе жатқаны жасырын емес. Тіпті, қарапайым компьютерлік ойындардың өзі жастарды қылмысқа итермелеудің бір себебі болып отыр.
...