Дефектологтың талдауы
Автор: aigerim0444 • Январь 18, 2023 • Реферат • 1,056 Слов (5 Страниц) • 250 Просмотры
Дефектологтың талдауы
Дефектологиялық қызметтін мақсаты: Әртүрлі кемістігі бар балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу, оқыту және тәрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындау.
Дефектологиялық қызметтің міндеттері:
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдермен оқыту – түзету жұмыстарын жүргізу;
Оқушыларды зерттеу, даму деңгейіндегі ауытқудың қаншалықты екенін анықтау, балалардың психофизикалық жағдайына байланысты топтарға бөлу;
Бұзылған функцияларды қалыпқа келтіру (компенсация), дамудағы ауытқулықты жою үшін үшін жекелей және топтық сабақтар өткізу;
Оқытудың әртүрлі нысанын, әдісін, түрін жәнеоқу құралын қолдану;
Балаларға көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдану бойынша ата – аналармен байланыста (олардың орнындағы тұлғалармен) болу, кеңес беру;
Дефектолог оқушыларға пәндік материялды меңгерту үшін түзету – дамыту сабақтарын жүргізеді. Педагог – дефектологтың басты міндеті 1 сынып пен 11 сынып аралығындағы психикалық даму кешеуілдеген, сондай ақ сабаққа қабілеті төмен оқушыларға көмек беру.
2021-2022 оқу жылдығында педагогикалық қызмет жоспарға сәйкес келесі бағыттарда жүргізілді:диагностикалық,түзету,консультациялық,ұйымдастырушылық, әдістемелік.
Қыркүйек айында жаңа оқу жылына кабинетті жабдықтау, сыныптың тізімін құру, жылдық жоспар құру, сабақ кестесін дайындау, мектепшілік түзетуге алынған баланың бақылау картасын құру жұмыстары жүргізілді. Дидактикалық материалдар жиналды.
Қазан айында бастауыш сынып оқушыларына диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Оқушылар туралы мағлұматтар жиналды. «Жеке дамыту бағдарламасы» құрылды және «Сөйлеу карталары» толтырылды.
Мектепшілік тізімге алынған оқушылар
Анықталып алынған балалармен жеке және топтық түзету жұмыстары жүргізілді. Жеке түзету сабақтарында артикуляциялық жаттығулар («Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру. «Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығару. «Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау. «Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. «Ожау» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру. «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау. «Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау. «Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу. «Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. «Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау. «Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу.) жұмысы өткізілді.
Анықталған оқушылардың ата-аналарына жеке кеңестер берілді және психолого-педагогикалық кеңестер берілді.
Педагог-дефектолог жоспарына сәйкес үлгерімі төмен оқушылармен (фигура-фон, Сеген тақтасы, сюжетті суреттер,суретті аяқтау, жыл мезгілдері т.б.) дидактикалық ойындар (уйшік салу,кім жылдам, жұбын тап, кім зейінді, т.б.) ойлау қабілетін дамытуға, зейінін қалыптастыруға арналған түзету
...