Балалардың жас ерекшелігіне қарай ойлау үрдісін зерттеудің психодиагностикалық әдістері
Автор: asselion04 • Май 20, 2022 • Эссе • 688 Слов (3 Страниц) • 278 Просмотры
ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы:Балалардың жас ерекшелігіне қарай ойлау үрдісін зерттеудің психодиагностикалық әдістері.
Орындаған: Сауранбай Әсел
Қабылдаған: Сейдаева А.Н
Топ: 1703-21
Жоспар:
- Кіріспе: Ойлау
- Балалардың ойлау үрдісін зерттеу.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Адам айналадағы заттарды көріп, естіп сезіп сипапа білп жатамыз. Ал біз өзіміз көрмеген заттар ше?Біз оларды елестету арқылы ғана болжай аламыз.. Демек, сезім органдарымен қатар бізге тікелей түйсіну мен қабылдауға мүмкін болмайтын салаларды ашып беретін танымның ерекше тәсілі бар. Бұл тәсіл-ойлау.
Ойлау - заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасын-дағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс. Адамның ойлау әрекеті барлық уақыттта сұрақтың пайда болуы-нан басталады. Адамның ойлау әрекеті мына кезеңдер арқылы өтеді:
1.Сұрақ, есеп, проблеманың тууы;
2.болжамдау;
3.болжамды анализдеу;
4.таңдалып алынған болжамның ақиқат екенін тексеру
Ойлау – бұл ерекше дәл, терең, толық және жалпы жанама түрде шындықты бейнелеуге, негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі. Біз қабылдауымыз бен түйсіктеріміз арқылы танып-білуге болмайтын заттар мен құбылыстардың ішкі мәні мен заңдылықтарын тек қана ойлау арқылы танып білуге болады.
Әрбір адам өзінің күнделікті өмірінде, еңбек іс-әрекетінде өзінің бақылауларынан қорытынды жасау қажеттіліктерімен кездеседі. Жұмысшы моторлар мен механизмдердің үйреншікті дыбысының бұзылуы бойынша станоктың оған көрінбейтін ақауы туралы біледі және оны жөндеуге уақытында тоқтатады. Физик-ғалым ерекше пленкада қалдырылған іздер бойынша элементарлық бөлшектердің болғандығы туралы қорытынды жасайды. Осының бәрі одың арқасында іске асады.Ойлау барлық жерде қажет, онда қорытынды жасау арқылы біз жасырын, қабылдауға мүмкін болмайтын заттардың қасиеттері мен арақатынасын табамыз.
Бала туылған кездеп бастап оның ес, қабылдау, зейін сондай ақ ойлау қабілеті дами бастайды. Бізге бала күнімізде үлкен кісіні көрген сәтте амандасу кеектігін үйретті. Біз оны санамызға түйдік және үлкен кісні көргенде амандасып, ойлана сөйледік.Осы сәттен бастап ол дами күрделене түсті. Vtrntg 0f,sh5fcsylf Мұғалім балаларға білім беру , оқушылардың ой-өрісін кеңейту , тілін жетілдіру арқылы бойлауын дамытады. Бірақ әзірше жас төменгі сыныптан бастап-ақ балаларды, оқу материалын түсініп және игеріп қана қоймай , қызықтыратын мәселелеріне өздері жауап табуға үйрететінін білеміз. Мұны балалар алғаш мұғалімнің көмегімен , содан кейін өз бетімен істейтін болады. Мұғалім алғашқы күннен бастап балаларды ойлай білуге үйретіп , сабақты түсіндіруге асықпай оқушының өзінің ойлауына мүмкіндік береді. Ал бірақ баланың өзі түсіне алмаған , басы ашылмаған бірден-бір сұрақ қалмауы қажет. Материалдың бірте-бірте қиындай түсуін сақтай білудің маңызы орасан зор. Бұл мұғалімнің жасайтын алғашқы көмегі деп қабылдаймыз.
...