Ана болу бақыты
Автор: Pijna1408 • Декабрь 8, 2019 • Реферат • 6,380 Слов (26 Страниц) • 1,412 Просмотры
Мазмұны
І бөлім. Ана болу бақыты
Эмоция, реакция
Жатырдағы бала мен ананың қарым қатынасы
Жатырдағы баланың дамуы
9 ай 9 күн(ана бойындағы өзгеріс, көңіл күй)
Медицина
Кеңестер
Баланың ай сайынғы өзгерістері
Питание
ІІ бөлім. Бала өмірге келгеннен кейін
Балаға ат қою
Босанғаннан соң ана күтімі
Босанғаннан соң тамақтану үрдісі
Қырқынан шығару салты
Ана болу - бір бақыт, нәрестеңді аман есен өсіріп,
тәрбиелеп шығару - зор бақыт!
__________________________________________________________________
Дүниедегі ең ұлы махаббат - ана махаббаты
__________________________________________________________________
Ана әрбір адамның өміріндегі ең жақыны, қамқоршысы және жанашыры. Үш - ақ әріптен тұратын осы сөздің қаншалықты ұлы ұғым екендігі баршамызға мәлім. Ана болу бақытын сезіну - әр нәзік жандының арманы десек, қателеспейміз. Өйткені, әрбір қазақ аруы үшін «ана атану, ана болу - бақыт» екені айтпаса да түсінікті.
Бірақ, әрбір нәзік жанды ана атануға толыққанды дайын бола бермейді. Сондықтан, осы кітапты әрбір ана атанғалы жатқан нәзік жандылар қауымына бағыт сілтер шамшырақ ретінде ұсынғымыз келеді.
Ең алғаш ана атанған сәтіңіздегі сол бір эмоцияны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Ана атанатыныңыз туралы барша әлемге жар салғыңыз кеп, төбеңіз көкке екі елі жетпей қалғандай сезімде болатыны көптеген аналарға таныс жағдай шығар.Батыста бұған сай
Ең алғаш ана
Ана болу – бұл бірден бірнеше істі алып жүру. Өзіңіздің бұрынғы кей әуестеріңізді ұмытып, оның орнына автоматты түрде бала тәрбиесіне көп мән бере бастайсыз.
Ана болу – ол өз бетіңізше шешім қабылдай алу. Ана мен бала арасында ешқандай ғылым түсіндіре алмайтын тығыз байланыс бар. Баласына ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін әке-шешесінен артық ешкім біле алмайды. Әрине, үлкендердің кеңестерін әр әйел байыппен тыңдап, баласына қажет дегенін қуана қабылдай білу керек. Себебі, бала тәрбиесінде тәжірибе үлкен рөл атқарады. Қай істің болмасын бастапқы кезеңінде ешкімге оңай соқпайды. Ана болумен қатар, балаға деген үлкен жауапкершілік те қатар келеді. Сондықтан, кез келген жағдайда, дүрлікпей, әкесі мен анасы дұрыс шешім қабылдай білуі керек. Ана болу – сабырлылық пен мықтылыққа үйрену. Баланың келуімен өміріңіз де көптеген өзгерістер болады. Қарапайым далаға шығу үшін жылап, шулап, жарты сағат киініп, он-ақ минут жүріп келу немесе шаруамен шыққанда, баламен арпалысып, керек затыңызды ұмытып кету секілді жағдайлар болып тұрады. Сондай кезде бірден ашуға салынбай, өзіңізді сабырлыққа шақырып үйренесіз. Өмірде көптеген қиындық пен кедергі кездесіп жатады. Ана атанған соң, қыз кезіңіздегі еркелікке салынып, жылап отыра бере алмайсыз. Сіз балаңыз үшін мықты болуға тырысасыз. Жасыратыны жоқ, ана болумен қатар бұрын ойламаған қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін. Алайда, баланың келуімен өміріңіз тек қиындықтар мен уайымнан тұрады деген сөз емес. Сол қиындықтардан бірнеше есе көп бақыт бірге келеді. Жаныңыздағы кез келген уайымды баланың бір ғана күлімдегені ұмыттырып жібере алады. Әр әйелге ана болу бақытын тілейміз!
Толығырақ: https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/8_nauryiz_2018/51132/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
...